Алматы әкімдігі метроны жалғастыру үшін шетелдік банктерден қарыз алады
Қаражат ұзындығы 19,5 километр болатын жаңа метро желісін салуға қажет. Бұл батыс бағытта Қалқаман станциясынан Барлық базарына, ал шығыс бағытта Жібек жолы станциясынан әуежайға дейінгі жол деген сөз.
Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев шаһардағы метрополитенді дамыту мақсатында шетелдік банктермен келіссөз жүргізіліп жатқанын айтты. Әкімдік халықаралық қаржы ұйымдарынан 1 млрд долларға дейінгі мөлшерде қарыз алуы мүмкін.
Бұдан бөлек жергілікті билік метродағы қауіпсіздік мәселесіне де жіті көңіл бөліп отыр. Таяуда болған қайғылы оқиғадан соң платформалардағы қауіпсіздік күшейтілетін болды. Осы мақсатта вагондардың арасындағы бос кеңістіктерге арнайы турникеттер орнатылады.
Қазіргі платформаларда бұл қоршаулар 2025 жылдан бастап пайда болады. Ал жаңадан салынатын метро станцияларында бұл талап міндетті болмақ.
Бізге жазылыңыз -> t.me/atamekenbusiness_qaz