🤲 Арафа – дұғалар қабыл етілетін күн!
Абдуллаһ Ибн Омар (Аллаһ әкесі екеуінен разы болсын) жеткізген хадисте ардақты пайғамбарымыз ﷺ былай дейді:
خَيْرُ الدُّعَاءِ دُعَاءُ يَوْمِ عَرَفَة، وَخَيْرُ مَا قُلْتُ أَنَا وَالنَّبِيُّونَ مِنْ قَبْلِي: لَا إِلَهَ إِلَّا اللهُ وَحْدَهُ لَا شَرِيكَ لَهُ، لَهُ الْمُلْكُ وَلَهُ الْحَمْدُ وَهُوَ عَلَى كُلِّ شَيْءٍ قَدِيرٌ.
«Дұғалардың ең жақсысы – Арафа күні жасалған дұға. Сондай-ақ, мен және маған дейінгі пайғамбарлар (Арафа) күні айтқан ең жақсы дұға – «Лә иләһә иллә Аллаһ, уахдәһу лә шәрикә ләһ, ләһуль-мульку уә ләһуль-хамду уә Һуә ‘алә кулли шәй-ин Қодир» (Жалғыз Аллаһтан өзге құлшылық етілуге лайықты ешбір тәңір жоқ, әрі Оның ешбір серігі (ортағы, теңдесі, жәрдемшісі) жоқ. Билік те, мақтау-мадақ та тек Оған ғана тиесілі. Сондай-ақ, Ол – барлық нәрсеге Құдіретті)» деген дұға».
📚 Тирмизи; (3585).
Сондай-ақ, Арафа күнгі дұға жайында имам Ибн Абдуль-Барр (рахимаһуллаһ) былай деген:
دعاء يوم عرفة مجاب كلُّه في الأغلب.
«Арафа күні жасалған дұғалардың барлығы көбінесе қабыл болады».
📚 Тəмһид (6/41).
———————
Мәлімет ретінде:
Аллаһ қаласа, бүгін [15.06.2024] бесін намазының уақыты кірумен дұға қылатын өте қымбат әрі ұлы кезең келіп жетеді. Біршама ғұламалардың айтуы бойынша, Арафа күні дұға қылудың артықшылығы тек қажыларға ғана қатысты емес, бәлки жер жүзінгдегі барша мұсылмандарға да тиесілі. Ал, қажылықтағы бауырлар үшін дұға қабыл болатын екі себеп бірден жиналады:
1. Арафаның қабыл болатын дұғасы;
2. Сапардағы адамның дұғасы.
Ендеше, дұғасы кері қайтарылмайтын күнде Аллаһтан өзіміз бен жақындарымыз және еліміз бен барша мұсылмандар үшін дүние мен ақыреттің жақсылығы мен құт-берекесін, амандығы мен сәлеметтігін тілейік.
📌 Маңызды ескерту: Бауырым, Арафаның бүгінгі берекелі күні мен кешінде Аллаһ Тағала Тозақтан босататын бақытты құлдардың қатарынан болудан қапы қалма. Өйткені, бұл саған берілген соңғы мүмкіндік болуы мүмкін. Сондықтан, бесін намазының уақыты кірісімен бастап, күн батқанға дейінгі аралықта Аллаһтан күнәларың үшін шынайы кешірім тіле, тәубеге кел. Осы кезекте саған көмектесетін екі керемет кітапшаның сілтемесімен бөліскіміз келеді:
1. Құрандағы дұғалар: https://t.me/bilim_baqshasy/42
2. Пайғамбарымыздың ﷺ дұғалар жинағы: https://t.me/bilim_baqshasy/145
Сондай-ақ, осы маңызды ескертуді жақындарыңмен бөлісу арқылы олардың да Тозақтан құтылуларына бір себеп бол. Аллаһ Тағала баршамыздың күнәларымызды кешіріп, Тозақтан босайтын құлдарының қатарынан жазсын. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын. Әмин.
#zul_hidja #arafa
———————
🔗 https://t.me/bilim_baqshasy