Бірге тексерейік!


Гео и язык канала: Казахстан, Казахский
Категория: Новости и СМИ


Бәрі де тексеріледі!
Байланыс үшін: https://t.me/smaqov
Орыс тілінде: https://t.me/factcheckkz

Связанные каналы  |  Похожие каналы

Гео и язык канала
Казахстан, Казахский
Категория
Новости и СМИ
Статистика
Фильтр публикаций


Видео недоступно для предпросмотра
Смотреть в Telegram
Қытайда зейнет жасын азайтып, зейнеткерлерге пәтер бере ме?

Си Цзиньпин: «Зейнетке шыққан азаматтардың алатыны – олардың еңбегі. Олар толықтай қамтамасыз етілуі керек, тіпті баспанасыз қалу немесе тамақсыз қалу секілді жағдайларға мүлде тап болмауға тиіс» – деп мәлімдеді деген сөз де бар. Одан әрі Қытайда жақында зейнет жасын төмендету туралы заң жобасы күшіне енеді деп мәлімделеді.


Үкім: Фейк🚫

Біз мұндай жаңалықты ресми қытайлық ақпарат көздерінен немесе басқа ақпараттық ресурстардан таба алмадық. Егер бұл шындық болғанда, ол БАҚ-та кеңінен талқыланар еді. Кілт сөздер бойынша іздеу тек осы видеоны жариялаған жазбаларды ғана көрсетеді. Сонымен қатар, Қытай билігі керісінше, зейнет жасын арттыруды жоспарлап отыр. Бұл елдегі 60 жастан асқан адамдар санының көбеюіне, жұмыс күшінің қысқаруына және зейнетақы қорына түсетін жүктеменің артуына байланысты.

Толығырақ🌐


Pfizer компаниясы Covid-19’ға қарсы екпесінің жанама әсерінің тізімін жаңартты ма?

Үкім: Жалған

Pfizer компаниясы коронавирусқа қарсы вакцинасына қатысты мұндай жанама әсерлерді жарияламаған. Тізім Pfizer компаниясы 2021 жылы АҚШ-тың азық-түлік және дәрі-дәрмек басқармасына (FDA) ұсынған құжаттан алынған, ал құжатта «жанама әсерлер» (side effects) емес, «жағымсыз оқиғалар» (adverse events) тізімі жинақталған еді. Жағымсыз оқиғалар – вакцинадан кейін болатын, бірақ екпемен себеп-салдарлық байланысы бары дәлелденбеген жағдайлар.

Pfizer вакцинасында басқа да екпелер сияқты қарапайым жанама әсерлері болуы мүмкін, оның ішінде инъекция орнында ауырсыну, қызару, шаршау, бас ауруы, бұлшықеттің ауруы және т.б. COVID-19 екпесінің ауыр жанама әсерлерінің қаупі өте төмен және COVID-19 вирусының өзінен қауіпті емес.

Толығырақ🌐


Алаяқтар WhatsApp мессенжерінде «Graphite» деген вирус таратып жатыр ма?

Толығырақ🌐 — https://factcheck.kz/kaz/faktchek/alayajatar-whatsapp-messenzherjande-graphite-degen-virusty-paydalanyp-zhatyr-ma/


Facebook әлеуметтік желісінде ZARA дүкендерінің акциясы туралы видеороликтер тарап жатыр. Авторлардың айтуынша, бұл масс-маркет жаңа топтама шығар алдында қоймаларын «босатып», кез келген адамға тауары бар «құпия қорапты» алуға мүмкіндік береді. Ол үшін тек 1086 теңге жеткізу ақысын төлеу жеткілікті.

«Мен шок болдым! Қазақстанда ZARA-ның керемет акциясы жайлы көп адамның білмейтініне таңғалдым. Бұл акция аясында ескі топтамалардан киімдер тегін таратылады. Мен жыл сайын қатысамын және жаңа, мінсіз киімдер аламын – бұл ZARA ғой! Бар болғаны сайтқа кіріп, қысқа сауалнамадан өтіп, жеткізу ақысын төлесеңіз болды, сәнді киімдеріңіз сізге келеді. Бірақ саны шектеулі, сондықтан асығыңыз! Сілтеме – видеоның астында», – дейді видеодағы дауыс.

Қызығы, бұл хабарламада Қазақстанның орнына Қырғызстан туралы айтылатын нұсқалары да бар.

Factcheck.kz ZARA компаниясы шынымен осылай ескі топтамаларын «тарата ма» деген сұрақты тексерді.




Видео недоступно для предпросмотра
Смотреть в Telegram
Мексика жағалауынан “қиямет күнінің” белгісі саналатын балықтың табылғаны рас па?

Үкім: Манипуляция

Ақпанның басында Мексиканың оңтүстік төменгі Калифорниядағы жағалауында ескек-балықтың (Oarfish) табылғаны рас. The Washington Post газеті дәл осы балықты байқап, видеоға түсірген азаматтың бірі Роберт Хейсбен сұхбаттасқан болатын. Хейстің айтуынша, бір көргенде аллигатор не кішкентай акула деп ойлаған. Кейін сирек кездесетін теңіз жаратылысы екенін байқапты. Бұл балық жапон фальклорында байырғы заманнан бері жамандықтың белгісі саналады-мыс. Оған қоса 2011 жылы Жапонияда болған жер сілкінісіне дейін жаппай ескек-балықтардың табуылуы да себеп болды. Алайда жапон зерттеушілері кейін жер сілкінісі мен балықтардың арасында ешқандай байланыс жоқ екенін жазды.


Стратегиялық жоспар 2025: халықтың өмір сүру сапасы қаншалықты жақсарды?

Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаев 2017 жылы 31 қаңтарда “Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік” тақырыбында жолдау жариялады. Жолдауда Қазақстанның 25 жылдық даму жолынан өткенін атап өтіп, алдағы 25 жылда биік белестер күтіп тұрғанын жеткізді. Осы орайда үкіметке 2025 жылға дейін “Қазақстанның ұлттық технологиялық бастамасы” деп аталатын үшінші жаңғырту стратегиялық жоспарын әзірлеуді тапсырды. Оның ішінде әлемдік рейтиңдерде жоғары орындарға жету тапсырмасы да бар. Жыл соңына қарай Бақытжан Сағынтаев бастаған үкімет президент жарлығының жобасы туралы № 799-қаулыға қол қойып, жоспарды әзірледі.

Осы тұста Factcheck.kz редакциясы экс-президент тапсырмасымен әзірленген 2025 жылға дейінгі стратегиялық жоспардың халықтың өмір сүру сапасына қатысты халықаралық рейтиңдердегі тапсырмасының қаншалықты орындалғанын тексерді. Бұл редакцияның стратегиялық жоспарға қатысты материалдың 1-бөлімі.

Толығырақ🌐


Репост из: Oyan, Qazaqstan
‼️ ШҰҒЫЛ!

Темірлан Еңсебектің адвокаты Жанар Балғабаева алғашқы сот отырысы ертең, бейсенбі, 27 ақпан сағат 17:00-де өтетінін хабарлады. Сот Ади Шарипов, 62 мекенжайы бойынша онлайн өтеді.

⚡️Сондай-ақ Темірланның сот төрағасы да кенеттен өзгерді. Жаңа судья Кенишев Серік Болатқазыұлы.
Барлық өзгерістер туралы ақпарат қазір ғана хабарланды.

Судья хатшысының нөмірі: Жұбаназар Динара +77028177205

_____________

‼️ СРОЧНО!

Срочно! Адвокат Темирлана Енсебека Жанар Балгабаева сообщила о том, что первое судебное заседание пройдет завтра, в четверг 27 февраля 17:00. Суд пройдет онлайн, по адресу Шарипова Ади, 62.

⚡️Также у Темирлана внезапно сменился судья: Кенишев Серик Болатказыевич. Все изменения сообщили только сейчас.

Номер секретаря судьи: Жұбаназар Динара +77028177205




Желіде Feminita-ның жалған шарасының бағдарламасы тарап жатыр

Үкім: Фейк🚫

Feminita өздерінің ресми парақшасында мұндай шара ұйымдастырмайтынын мәлімдеді. Бұған қоса, бастама өз іс-шараларына 18 жасқа толмаған адамдарды шақырмайтынын ерекше атап өтті. Factcheck.kz редкциясы Astana International Hotel-ге хабарласып, осындай шараның жоспарланған-жоспарланбағанын анықтаған. Қонақүй бұл ақпаратты жоққа шығарып, оларға «мұндай ұйымдармен жұмыс істеуге» тыйым салынғанын айтты.

Осылайша, бұл ақпарат Feminita ұйымын қаралауға бағытталған кезекті жалған ақпаратқа ұқсайды.

Тағы бір мәселе, Жетісу облысының Білім басқармасы да жасөспірімдерге арналған жыныстық тәрбие тақырыбындағы ешқандай шара туралы білмейтінін мәлімдеді. Дегенмен, бұл басқарманың аталған мәселеге не себепті араласқаны әлі де түсініксіз.

Толығырақ🌐 — https://factcheck.kz/kaz/faktchek/zheljade-feminita-nyja-zhaljaan-sharasynyja-bajadarlamasy-tarap-zhatyr/




Қазақстанда бала туу көрсеткіші азайып жатыр

Үкім: Шындық✔️

2024 жылы елімізде 368 700 сәби дүниеге келген, мың адамға шаққанда – 18,29 болды. 20 жыл бұрын бұл көрсеткіш (18,42) болған, ал 2004 жылғы (18,19) көрсеткіш былтырғы жылдан да төмен болды. Ал 2000 жылы тіпті 14,92 болған. Расымен де бала туу көрсеткіші жиырма жыл бұрынғы деңгейге жетті. Ал жалпы кейінгі үш жылдықта бала туу коэффициенті азайып келеді.

Толығырақ🌐 — https://factcheck.kz/kaz/faktchek/faktchek-jaazajastanda-bala-tuu-kjarsetkjashja-azayyp-zhatyr/


Түрмеде журналист Махабат Тәжібекқызына өлім қаупі төніп тұр – Болот Теміров

Журналист Болот Теміров жұбайы Махабат Тәжібекқызының түрмеде басқа сотталған адамнан қысым көріп, өміріне қауіп төніп тұрғанын жазған хатын жариялады. Бұл туралы Kaktus Media хабарлады.

«Егер маған бірдеңе болса, біліңіздер, бұл – сол адамның ісі. Лысенко мені балағаттап, моншада жуынуға мүмкіндік бермейді. Ол мені улап, өлтіретінін айтып қорқытады. Басқа тұтқындардың алдында менің абыройыма нұқсан келтіруге тырысады» – делінген хатта.

Теміровтің мәліметінше, бұл қысымды 25 жылға бас бостандығынан айырылған Валентина Лысенко жасап отыр. Ол топ болып кісі өлтіргені үшін сотталған.

25 қаңтарда депутат Сеид Атамбаев парламент отырысында №2 түзету мекемесінде сотталған Дилбар Камилова мен Валентина Лысенконың құқығы бұзылып жатқанын мәлімдеген. Бұл тұтқындар азаптау мен қатігез қарым-қатынасқа шағымданған.


Асқақ уәде: Алтай Айнабектің түтінге қарсы технологиясы жұмыс істей ме?

2024 жылғы қараша айының соңынан бастап интернетте өзін инженер әрі өнертапқыш ретінде таныстырған Алтай Айнабектің видеолары кең тарай бастады. Ол өзінің «түтінді жою» технологиясы арқылы Алматының ауасын тазартуға уәде береді. Тіпті оның айтуынша, желтоқсан айында құрылғылары жұмыс істеген кезде қаланың ауасын уақытша тазартқан.

Altay Rain Man деген атпен танымал Айнабектің видеолары миллиондаған қаралым жинап, қазақстандықтардан оң пікір алып, кейбір бұқаралық ақпарат құралдары ол туралы сюжет дайындап жатыр. Алайда мамандар бұл әдістің ғылыми негізі жоқ екенін және Алматының ауа сапасына ешқандай оң әсер етпегенін айтады.

Factcheck.kz «Экология без паники» YouTube жобасының авторының бірі Михаил Беляковпен бірге Алтай Айнабектің технологиясын зерттеп, оның тиімділігін анықтауға тырысты.

Толығырақ🌐 — https://factcheck.kz/kaz/basty-bet/asjaaja-ujade-altay-aynabektjaja-tjatjange-jaarsy-tehnologiyasy-zhjamys-jastey-me/


Видео недоступно для предпросмотра
Смотреть в Telegram
Қазақстанда балалардың күндізгі уақытта шулағаны үшін жаңа айыппұл енгізілді ме?

Үкім: Манипуляция

Қазақстанда балалардың шулағаны үшін арнайы айыппұл енгізілген жоқ, сондай-ақ балалардың шығарған дыбысын реттейтін жеке заңдар да қарастырылмаған. Дегенмен, дыбыс деңгейінің рұқсат етілген шектері белгіленген заңнамалық нормалар бар, бірақ олар жаңа емес, бұрын да болған ережелерге негізделген.

Толығырақ🌐


«МӘМС ауыстыруға қатысты алаяқтық» — Қазақстанға қатысы бар ма?

Үкім: Фейк🚫

Қазақстанның уәкілетті органдарынан мұндай сипаттағы алаяқтық туралы хабарламаларды таба алмадық. Хабарландыруда қолданылған терминдер мен аббревиатураларға қарағанда, бұл ақпарат Ресейге қатысты, ал тақырыптағы датаға қарағанда, ол 2024 жылғы мамырда тараған. Кілт сөздер бойынша іздеу барысында Ростов облысының Міндетті медициналық сақтандыру аумақтық қоры (ТФОМС РО) 2024 жылғы сәуірде осы мазмұндағы, бірақ құрылымы реттелген ескерту жариялағаны анықталды.

Толығырақ🌐 — https://factcheck.kz/kaz/faktchek/mjams-auystyrujaa-jaatysty-alayajatyja-jaazajastanjaa-jaatysy-bar-ma/




Мектептерде «құлпынай куик»‎ деген есірткі тарап жатыр ма?

Мессенжерлерде мектеп ауласында «‎балаларға есірткі таратып жатқаны»‎ туралы ақпарат тарап жатыр. Оған сенсек, «құлпынай куик»‎ деп аталатын жаңа есірткі пайда болған, оның түрі құлпынай кәмпиттерге ұқсайды. Ақпаратты таратушылар деректі барлығы білуі керек екенін және ата-аналарға ескерту керектігін айтады. «Қазір мектептерде сорақы жағдай болып жатыр»‎ деген эмоцианалды тұсы да бар.

Үкім: Фейк🚫

Мектеп оқушыларына «құлпынай куик»‎ деген есірткі таратып жатқаны туралы ақпарат 2007 жылы АҚШ-тан бастау алған фейк. Мұны қазақстандық және басқа да шетелдік ресми органдар терістеген. Ал ақпаратпен бірге тарап жатқан сурет контекстен жұлынып алынған.

Толығырақ🌐 — https://factcheck.kz/kaz/faktchek/mektepterde-jajalpynay-kuik-degen-esjartkja-tarap-zhatyr-ma/


Видео недоступно для предпросмотра
Смотреть в Telegram
USAID Қазақстандағы қызметінің қорытындысы туралы қоштасу видео жариялады ма?

Үкім: Фейк🚫
АҚШ президенті Дональд Трамптың жарлығымен 25 қаңтарда USAID қызметі толығымен тоқтатылды, ал 2 ақпанда агенттіктің ресми сайты бұғатталды. Сондықтан USAID-тың мұндай видеоны дайындап, жариялауы мүмкін емес. Бұдан бөлек, ұйымның ресми әлеуметтік желілеріндегі парақшаларында бұл видео жоқ. Factcheck.kz редакциясына берген түсініктемесінде АҚШ Елшілігінің уақытша өкілі Брендон Пирт: «Бұл видеоны АҚШ-тың Қазақстандағы дипломатиялық миссиясы немесе USAID әзірлемеді де, жариялаған да жоқ», – деп мәлімдеді.

Толығырақ🌐 - https://factcheck.kz/kaz/faktchek/usaid-jaazajastandajay-jayzmetjanjaja-jaorytyndysy-turaly-jaoshtasu-video-zhariyalady-ma/


Фейк🚫 | «Сәтпаевта адам жегіш пайда болды»

2025 жылдың 30 қаңтарында Жезқазған қаласында адам өлтіру және мәйітті бөлшектеу оқиғасы расымен тіркелген. Алайда, Factcheck.kz редакциясының сұрауына жауап берген Ұлытау облысының полиция департаменті бұл оқиғаның «адам жеуге» ешқандай қатысы жоқ екенін мәлімдеді. Тергеу мәліметтеріне сәйкес, күдіктілер марқұмның таныстары болып шыққан. Олар жанжал барысында кісі өлтіріп, кейін денені қоқыс жәшігіне тастап кеткен.

Толығырақ🌐 — https://factcheck.kz/kaz/faktchek/feyk-sjatpaevta-adam-zhegjash-payda-boldy/

Показано 20 последних публикаций.