🔥 "Өзге Қазақстан" операциясы: Шерзат ісінен екінші Қаңтар жасаудың әрекеттері басталды
Ескі Қазақстанның олигархтары мен ықпалды шенеуіктерінің биылғы мамыр айынан бері «Өзге Қазақстан» атты бейресми жасырын ұйым құрып, бір жерге топтаса бастағанын жазған болатынбыз. Олардың идеологтары Талғардағы Шерзат ісін триггер ретінде алып, 16 желтоқсан күні жастарды көтеру үшін Тик-ток пен Инстаграм желісінде "За Шерзата" кампаниясын бастады. Кампанияға 300 миллион теңгедей қаржы бөлінген.
"Өзге Қазақстан" жасырын ұйымының белсенділігі қазан айынан бері күрт артты. Қазір олардың қолында кемінде 500 белсенді аккаунт жинақтап отырған кәсіби ботоферма бар. Негізгі электораты жастар және кәсіподақтар болып табылады.
Соңғы уақытта «Өзге Қазақстан» ірі кәсіпорындардағы кәсіподақтармен астыртын байланысын күшейткенін жазған болатынбыз. Егер қаладағы тик-ток жастар көтерілсе, ізін ала әлеуметтік талап қойған жұмысшыларды көтеру жоспары да болуы мүмкін. Моноқалалар мен ірі кәсіпорындарда кемінде екі миллион адамнан асатын топ бар. Бұл үлкен күш.
Мәскеудегі Путин мен Назарбаев кездесуінің 16 желтоқсанға үш күн қалғанда өтуі де тегін емес.
DALA INSIDE бұл бағытты үнемі назарда ұстап отырады. Бізге жазылып алыңыздар 👇
https://t.me/dalainside

"Координаторлар штабы жұмыс бағытын екіге бөлді. Фронталды топ активистерден құралған. Олар аудиториясы үлкен блогерлер, әншілер мен танымал адамдарды "отписка" жасаймыз деп бопсалап, Шерзат ісіне қатысты пікір білдіруге итермелеуде. Оларға ертеңге дейін дедлайн қойылған. Ал екінші бэк-офис программистер мен монтаж мамандарынан тұрады. Олар әлеуметтік желілерге Қаңтар оқиғасындағы, Астана-Челси футбол матчындағы жанкүйерлер маршының видеоларын монтаждап, адамдар Шерзат ісіне қатысты жиналуда деп келтіріп, дезинформация жасауда", - дейді, DALA INSIDE дереккөзі.