Адам деп кімді айтамыз? Жүрек соғып тұрса – тірі, дем алып тұрса – тірі. Бірақ оның ішінде адам бар ма? Әлде бос дене ғана ма?
Хайуанға өткен мен болашақтың керегі жоқ. Ол тек табиғаттың заңымен жүреді. Аш болса – тамақ іздейді, нәпсісі қозса – қанағаттандырады, шаршаса – ұйықтайды. Оның ақылы жоқ емес, бар. Бірақ ол ақылды өмірдің мағынасын іздеуге емес, тіршілік етуге ғана жұмсайды.
Ал адамға фытрат берілген. Фытрат – оны хайуаннан айырып тұрған жалғыз белгі. Ол өткеннен сабақ алуға, болашақты жоспарлауға, әділет үшін күресуге, өзін тәртіпке салуға, өзгеге жанашыр болуға мүмкіндік береді. Фытрат – адамның ар-ұяты, ішкі таразысы.
Бірақ кейбіреулер бұл қасиетті кері теуіп, хайуандық деңгейге түсіп кетеді. Жейді, ұйықтайды, көбейеді. Санасы қарын мен нәпсіден аспайды. Өткенді ұмытады, болашаққа бас қатырмайды. Өзінен басқаны ойлауға миы жетпейді.
Олар бар. Көп. Көшеде, кеңседе, мінберде отыр. Министр боп жүр, кәсіпкер боп жүр, ұстаз, имам, тіпті ақсақал атанғандары да бар. Бірақ олардың ешқайсысы адам емес.
Адам болу – тек дем алу емес. Адам болу – жүректің тірі болуы. Өзгені ойлау, әділет үшін күресу, ұят пен арды сақтау, өмірден мағына іздеу – міне, осы қасиеттер адамды хайуаннан айырады.
Табиғат хайуанға тән.
Фытрат адамға тән.
Бірақ табиғатқа бас ұрып, фытратынан безгендер қай санатқа жатады?
Бір сәт айнаға қара…
Сен кімсің?
Адам ба? Әлде адам кейпіндегі хайуан ба?