Наркозға рұқсат қағазын толтырып жатқанда форс-мажор жағдайына жақын екі адамның контактісін жазуымды сұрады. Астанада болса әкемді жазар едім. Жолдасым шетелде. Інім осы қалада болса да өмірі хабарлама, телефонға уақтылы жауап бермейді. Бірден ойыма қызым түсті. Қызымның данныйларын жазып жатып көзіме жас ұялады. Баламның есейгенін осы сәтте толық түсінген сияқтымын. Қолында ешқандай связь, ақша болмаса да кризистік жағдайда ол бәрін көтеретінін, қажеттінің бәрін ұйымдастыра алатынын білемін. Екінші жақын адамым ретінде досым Перизатты жаздым. Себебі, ол әрқашан байланыста. Жүріп, сөйлеп келе жатып барлық хабарламаға уақтылы жауап беретін адам. Одан соң аянып қалмай баратын жерге барып, қанша төлеу керек болса досы үшін төлеп беретін жан.