Шексіздік 🌀


Гео и язык канала: Казахстан, Казахский
Категория: Цитаты


Канал авторы @dinarabolat
Еркін ойлар аралы

Связанные каналы  |  Похожие каналы

Гео и язык канала
Казахстан, Казахский
Категория
Цитаты
Статистика
Фильтр публикаций


Репост из: Айдай Жаныңнан🌸🌙✨ [aijanalqabek]
“Жетістік” деген ұғым да әр санада әртүрлі. Біреу өмір бойы іздеп, өз миындағы жетістігіне жеткенде оған қанағат етсе, әрі қарай қалай бағыт алары - келесі мәселе. Осылай мәселеден мәселеге тап болып, өтіп, еңсере келе тұтас ғұмырын құрайды.

Ал өмірінің соңғы сәтінде әр кезеңін, жетістігін шашып жіберіп шынайы бағалай алатын да тағы - өзі. Іштегі - өзі. Өмір бойы бірге келе жатқан кеудесіндегі өзі.

Сонымен, жеңіс пе?
(Меніңше кез келген өмірден жеңіс табуға болады.)

Өмірдің өзі - үлкен жеңіс. (Қандай болмасын…) Ал қаншалықты ізгі дүниеге толып-толмауы - әрі қарай таңдауымыздың жемісі.


Видео недоступно для предпросмотра
Смотреть в Telegram
Қандай әдемі, нәзік ой.
“Мерцающий арбуз”


Табиғатта бәрі үйлесімді. Өзімен үйлесе алмай жүрген адам ғана.

Астанада бейбіт, әдемі боп жауған қарға қарап тұрып келген ой.


Бір елдің туы сонша сүйкімсіз болады деп ойламаппын. Астана көшелеріне ілінген Ресей туларын көргім келмей, алдымнан кездескен сайын “Түрің құрсын, сұмырай!” деп жеттім.


Виза бойынша мәселесі шешілмей жүрген Саида әкесі Министр, мұндай проблемалар оңай шешілетін бір досын мысалға келтіріп, қызығады. “Біреудің өміріне қызықпа! Әкесі ылғи сабап, қамап, жазалап сабақ оқытатынын ұмытып қалдың ба? Хотела бы такую жизнь себе?” деп өзінің айтқандарын есіне салдым.

“Әркімге өзі ғана көтере алатын қиындықты береді. Біреудікін неғыласыз?…біреудікін өзіңізге тілемеңіз. Бәрінен де өз тағдырыңыз әдемі”
“Өмірге шексіз ғашық”


- әдетте мұндай тексерісті 40-тан асқанда жасайды. Сіз әлі ол жасқа келмегенсіз. Не үшін тексеріліп жатырсыз? Жай чекап па?
- Жоқ, әкем жақтан ракпен ауырғандар бар.
- Именно кімдер?
- Әкем, әжем, ағам…
Әжемді сағынған болуым керек дауысым дірілдеп, үнсіз жылап қалдым. Сөйтіп жатқанда наркоз әсер етіп ұйықтап кетіппін.


Наркозға рұқсат қағазын толтырып жатқанда форс-мажор жағдайына жақын екі адамның контактісін жазуымды сұрады. Астанада болса әкемді жазар едім. Жолдасым шетелде. Інім осы қалада болса да өмірі хабарлама, телефонға уақтылы жауап бермейді. Бірден ойыма қызым түсті. Қызымның данныйларын жазып жатып көзіме жас ұялады. Баламның есейгенін осы сәтте толық түсінген сияқтымын. Қолында ешқандай связь, ақша болмаса да кризистік жағдайда ол бәрін көтеретінін, қажеттінің бәрін ұйымдастыра алатынын білемін. Екінші жақын адамым ретінде досым Перизатты жаздым. Себебі, ол әрқашан байланыста. Жүріп, сөйлеп келе жатып барлық хабарламаға уақтылы жауап беретін адам. Одан соң аянып қалмай баратын жерге барып, қанша төлеу керек болса досы үшін төлеп беретін жан.


Жігіттер сәл шашын өсірсе бірден красавчик боп кететін әдеті. Әп-әдемі жүріп, шаштарын қысқартып тастаса онша емес боп қалғанын айтуға қысылып тұрамыз🤭


“Теперь можешь не жалеть об этом. Любовь - это благословение само по себе” деді дорамада екі бөлек кетіп жатып. Болғанының өзі бақыт деп айтпап пе едім?)


Репост из: Айдай Жаныңнан🌸🌙✨ [aijanalqabek]
Адамды ешқашан мінсіз болғаны үшін жақсы көрген емеспіз. Жақсы көргеннен ғана міні көрінбеген болар.

Бірақ маған бар жақынымның артық-кем мінезі анық көрініп тұратыны бар. Өзімдегіні тіпті айтпай-ақ қойдым)

“Адам - ай мінезді, қараңғы жағын жасырып, жарығымен жылтырайды” деген ойды 5 жыл бұрын оқығанда ұнатқаныммен, дәл бүгінгідей түсінбегенмін-ау.

Өзіммен қоса сүйікті соулмейттерімді де сол ай мінезі үшін жақсы көреді екенмін. Қанша жерден пенделігі ойнап, көлеңкелі тұсы сыртқа шыққысы келіп жатса да жарығына жеңдіре алғандарды нағыз мықты, махаббатқа лайық жандар.


Қарындас десе құрысып қаламын. Қаратпа сөз ретінде қолданған адамның ой-өріс деңгейі онша емес, маған қарап ыржалаңдап тұрғандай көрінеді. Әкемнің інілері атамай ақ қарындасым деп құратын қатынасы бөлек. Әдемі. Қасиет бар. Ал танымайтын адамның олай сөйлеуі мен үшін тым ерсі.


Бір ер адам “Түсінген адамға сіздің тақырып өте мықты болды” деп айтып кетті. “Сіздікі ерекше. Әлі көп насихатталуы керек тақырып” деді орта жастағы әйел адам асығыс. Жүздің ішіндегі екеуден ұяламын деуші едім ғой. Меңзегенім көптің ішіндегі осындай көзі қырағы, түсінігі терең, адам танитын санаулы жандар.


Экошопта не экологичный сатушы отырғаны қызық екен.


Астанамның бүгінгі сыйы💕






Человек, который может гулять один под дождём,- это тот, кто знает вкус жизни.
Человек, который может отдать зонтик тому, кто идет один под дождем, - это тот, кто знает смысл жизни.
Дождь - это то, что делает мир прекрасным.
Зонтик - это то, что делает человека прекрасным.
Когда один человек для другого человека становится зонтиком, то один становится долгожданным дождем для иссохшего сердца другого.
Хорошее отношение к жизни📖
Пак Джи Хен


Видео недоступно для предпросмотра
Смотреть в Telegram


Ұйқыдан ояна сала әдеттегідей сторилер көріп кеттім. Бәрінде бәрі әдемі. Алайда мен сол жердегі көп кейіпкердің жеке проблемаларын, басты мұңын білемін. Соған қарамастан өзін алдарқатып өмір сүретін орта, адамын, сүйікті іс сияқты дүниелер тапқан. Әлде олар ешнәрсеге қарамастан бақытты болуды үйренген. Әлде бір сырын білетін біздер, тіпті кейде өзі оның тұтас өмірін құрайтын түрлі қуаныштарын құнсыздандырып әлекпіз.


Я всегда буду помнить те моменты, когда хотелось остановить время. Тому, кто любит жизнь, никогда не хватит слов, чтоб её описать.

Красота дня, очарование ночи. Головокружение от чувственных наслаждений. Скрипки нежности, азарт работы, здоровье.

Немыслимое счастье проснуться утром, имея впереди целый день, огромный день, полный радостей и забот.

И можно упиваться им, пока сон не скуёт тебя неподвижностью до следующего утра...

Никогда я не найду слов, чтобы отблагодарить небеса, или Бога, или мою маму за то, что я явилась в этот мир, где всё для меня.

Франсуаса Саган.

Бұл бізге бұйырған уақыт.
Бұл әлем біз үшін.
“Өмірге шексіз ғашық”💜

Показано 20 последних публикаций.