Репост из: Айдай Жаныңнан🌸🌙✨ [aijanalqabek]
“Жетістік” деген ұғым да әр санада әртүрлі. Біреу өмір бойы іздеп, өз миындағы жетістігіне жеткенде оған қанағат етсе, әрі қарай қалай бағыт алары - келесі мәселе. Осылай мәселеден мәселеге тап болып, өтіп, еңсере келе тұтас ғұмырын құрайды.
Ал өмірінің соңғы сәтінде әр кезеңін, жетістігін шашып жіберіп шынайы бағалай алатын да тағы - өзі. Іштегі - өзі. Өмір бойы бірге келе жатқан кеудесіндегі өзі.
Сонымен, жеңіс пе?
(Меніңше кез келген өмірден жеңіс табуға болады.)
Өмірдің өзі - үлкен жеңіс. (Қандай болмасын…) Ал қаншалықты ізгі дүниеге толып-толмауы - әрі қарай таңдауымыздың жемісі.