Фильтр публикаций


бос әрекет жеңілдік сыйлағанмен, мағына қалдырмайды. қиын іс ауыр болғанмен, артында терең ләззат пен шынайы құндылық қалады…
төзімнің тартуы - шынайы бақыт.


иманның тұрағы болған ақыл мен жүректі үнемі руханиятпен нәрлендіріп отыру міндет. бұл процесс тоқтаған сәтте нәпсі күшейіп, жүрек қатайып, сана тек дүниенің өткінші ләззаттарына ұмтылады. адам аз ғана қолжетімді жетістіктерге қанағаттанып, терең ойлардан алыстайды. оның көзқарасы тарылып, мәңгілік құндылықтарды елеусіз қалдырады. қасиетті түндер жәй ғана қиял болып сезілуі мүмкін
сондықтан иманды сақтау – үздіксіз ізденісті, жүрек тазалығын талап етеді. бұл – бір сәтке де тоқтауға болмайтын, мәңгілік мәні бар сапар…


Қадір өлшеусіз мүмкіндік.
бір сәт мың айдан артық. кешіріммен өткен өзгеріп, дұғамен болашақ қайта жазылар. бір түнде жүрекпен сезінген ақиқат бүтін өмірдің бағытын өзгертпек…


сұрауы бар, қалауы жоқ.
су тілейді, бірақ шөлге үйренген.
нұр сұрайды, бірақ көлеңкеден шықпайды. аңсаған жарыққа жетуді емес, тек оны қиялдауды ғана үйренген...қалау жүректің үні,
іс
оның дәлелі...


ғибадатта немқұрайлылық адамның өз жағдайын бағаламаудан, шүкірсіздіктен туады…шүкірсіз адам Рамазанның рухани мәнін сезінбей, ішкі өзгеріссіз қалады…өзгермеген адам өмірінде терең рухани жаңғыруға қол жеткізе алмайды…


тәртіпсіз жүрек
немқұрайлылық – ғибадатты өшіреді.
шүкірсіздік – немқұрайлылықты күшейтеді.
Рамазанды сезінбеу – шүкірсіздіктен.
өзгермеу – бәрінің себебі.


анаң — ең үлкен сынағың…
оған деген құрметің — Аллаға деген махаббатынның өлшемі…
оның жүрегіне төккен мейірімің — өзіңе қайтар нұр, қаталдығың — жолыңды бөгер тосқауыл…
разылығы — жетістігіннің бастауы, реніші — сүрінер тұсың…
жасаған әр жақсылығың — өміріңе егілген сауап дәні, немқұрайдылығың — өзіңе оралатын үнсіз жазылған тағдыр таразысы…


ғибадатпен мінез, режим, қарым-қатынас тәрк етілмейді, күшейтіледі.


бірде Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) сахабаларына:
“қазір алдымыздан жәннаттық бір адам шығады,” – деп сүйіншіледі.
бұл жағдай үш күн қатарынан қайталанады…
әсерлегенген Абдулла ибн Амр әл-Ас (р.а) оның қандай ерекше амалы барын білгісі келіп, қонақ болуды сұрайды. алайда, үш күн бойы бақылағанда, әлгі адамның артық құлшылық жасамайтынын байқайды. ол ерекше көп намаз оқымады, ерекше ораза ұстамады. бірақ жүрегі сабырлы, көңілі тыныш еді
Абдулла (р.а) шыдай алмай, оның құпиясын сұрағанда, ол:
“мен ешкімге жамандық тілемеймін, мұсылмандарға көреалмаушылықпен қарамаймын,” – деп жауап береді…
нағыз жәннаттық амал жүректің тазалығы…ол — дұғада ғана емес, шынайылықта…мейірімде…


жүрек тереңінде Оған сенсек, дүние сәні сынаққа айналады…сол сәтте адамның шынайы байлығы – көзге көрінбейтін, сезілетін әлемде табылады…


адам дүние қызығына соншалықты құмартқан, тіпті қабір қазған қолдар бір күні өзіне қазылатынына сенбейді…


бұл сапар – ғарышкердің Жер атмосферасын бағындыруы ғана емес, Сидрат аль-Мунтаханы асып өту; жай ғана ғаламтор арқылы лезде ақпарат алмасу емес, уақыт пен кеңістік ұғымдарының тасада қалуы; тек VR мен AI көмегімен елестету емес, сол сәтті шынайы бастан кешіріп, әрбір бөлшегін толық сезіну еді…


Миғраж – Алланы танудың биік нүктесі. Бұл сапар Жаратушының шексіздігін және әр мұсылманның Жаратушысымен байланыс мүмкіндігі барын дәлелдейді...
Миғраждың ең үлкен нәтижесі – намаздың парыз етілуі. Намаз болса кемелдікке жетудің жолы екенін…шексіз биіктерге ұмтылудың маңызын көрсетеді…


Алла үшін шетке ысырып, Алла үшін жүрекке сыйдыр…керексіздің шырмауынан мәңгіліктің нұрына бағыт — бізге талап. шынайы ұғынған ғана түсініп, одан тыныштық табар…


Рәғаиб — жүректерде үміт шырағын жаққан рухани саяхаттың бастауы.
Миғраж — сол жолдың асқақ шыңы…
бүгінгі түнде рухани әлемге есік ашылып, Жаратушыға жақындау үмітімен барлық сезімдер оянады…
Бұл — ихсанның шыңына ұмтылудағы қадам, жүректегі сырлы шамның жарқыраған сәті…


келер жыл мен қасиетті уақыттың табалдырықтас тұруы — үнсіз насихаттай…бірі өткінші сұлулықты, екіншісі мәңгілік мұратқа жетелер жолды меңзейді…
өмірдің екі таразысы
пенделік қуаныш пен рухани биіктік

таразыны тең ұстау – ақылдың ісі, жүректің сыны…


«мен үлкен ширк, біз кіші ширк, Ол таухид»
адамның өзін жоғары қоюы, басқалардың ықпалына тәуелді болуы — екеуі де Алланың құдіретін жоққа шығару, себепті абсолют санау.
шынайы бірқұдайшылық — Оны барлық іс-әрекетте бір деп тану, барлық тәуелділікті Оған ғана байлау.


куатың артқан сайын, қиялыңның шекарасы кеңейеді. мүмкіндікке жеткенде әлсіздігің үстемдік етіп, Аллаға тәуелді екенін ұғынады.
бұл — мінсіз пропорция.


Жаратушымыз әміріне бағынған қалауларым, менің еркім сағымдай…нағыз еркіндік — өз қалауыңды Жаратқанның бұйрығымен үндестіруде. қалауыңды шектеген сайын ішкі тыныштыққа жол ашарсың.


Ұстаздың өмірден озуы – биік ағаштан үзілген жапырақтай. Оның көлеңкесі кенет жоқтай көрінеді. Бірақ сол ағаштан түскен дән топыраққа тамыр жайып, жаңа өмірге жол ашады. бойыңа егіп кеткен дәндер бір күні мәуелі ағашқа айналар...жапырақ үзілсе де, сол ағаштың қуаты мен рухы сенің жүрегіңде мәңгі сақталып, алға ұмтылуға дем берер…

аманаты, жүрегіңде қалған ізі — енді сенің жүрегіңе жол сілтер шамшырақ ғана…

Показано 20 последних публикаций.