Аллаһқа ғибадат ету (құл болу) екі түрге бөлінеді:
1⃣Болмыстық ғибадат (кәуни).
Яғни, Аллаһтың болмыстық әміріне бойұсыну. Бұл ғибадаттың түрі барлық жаратылысты қамтиды, ешкім одан шыға алмайды.
Аллаһ Тағала айтты:
2⃣Шариғи ғибадат.
Яғни, Аллаһтың шариғи әміріне бойұсыну. Бұл ерекшелік тек Аллаһқа және Оның Елшісіне бойұсынғандарға байланысты.
❗️Ғибадаттың айтылған бірінші түріне адам мақталмайды. Себебі, ол оның амал қылып, таңдауымен болған нәрсе емес. Ал, екінші түріне адам мақталады. Себебі, ол оның таңдап, амал қылғандығынан болды.
❗️Ғибадаттың екі тірегі (рукіні) бар:
⚡️ Аллаһқа бас иіп, толығымен бағыну.
Яғни, Аллаһқа деген толық
бағыныш, бас ию, адам Аллаһқа қорқынышпен, махаббатпен, Оған деген
қайта-қайта тәубе етумен, Оған деген қатты мұқтаждықпен бойұсынады.
⚡️ Аллаһқа деген махаббаттың кәмілдігі.
Оған дәлел Аллаһ Тағаланың сөзі:
🪶Осы аятта Аллаһ Тағала олардың Пайғамбарға ﷺ еруін Оған деген махаббаттың ❤️ шыншылдығына дәлел етіп қойды. Адамның Пайғамбарға ❤️ толық еруі, Аллаһқа деген махаббатына дәлел болады. Ал,кімде-кім Пайғамбарға ﷺ бойұсынбай, оған ермей, Аллаһты жақсы көремін дейтін болса, оның айтқаны құр өтірік сөз.
⏳Ғибадат осы екі тірекке негізделеді:
🟡Аллаһқа деген толық махаббат және Оған деген толық бағыныш, бас ию.
Осы екі нәрсе қайдан пайда болады:
📌Егер құл Аллаһқа деген қарым-қатынасын осы екі асылға негіздейтін болса, шайтан оны жеңе алмайды. Тек ғапылдыққа түскен жағдайда ғана шайтанға алданып қалуы мүмкін, бірақ Аллаһ Тағала Өз мейірімімен құлының жағдайын тез жақсартып, жөнге келтіреді. Оған дәлел Аллаһ Тағаланың мына сөзі:
😀Махаббатпен Аллаһқа деген құлшыныс туындайды, ал Оны ұлықтаумен Оған деген қорқыныш, бағыныш туындайды.
🌟#Білім_сөзбен_амалдан_бұрын
🌐 Instagram
✅ Telegram
📱 Whatsup
😄 Status
1⃣Болмыстық ғибадат (кәуни).
Яғни, Аллаһтың болмыстық әміріне бойұсыну. Бұл ғибадаттың түрі барлық жаратылысты қамтиды, ешкім одан шыға алмайды.
Аллаһ Тағала айтты:
📚Аллаһ Тағала айтты:
«Аспандар мен жердегінің барлығы Рахманға құл болып саналады.»
(Мәриәм : 93)
➡️Бұл мүмінді де, кәпірді де қамтиды.
2⃣Шариғи ғибадат.
Яғни, Аллаһтың шариғи әміріне бойұсыну. Бұл ерекшелік тек Аллаһқа және Оның Елшісіне бойұсынғандарға байланысты.
📚Аллаһ Тағала айтты:
«Рахманның құлдары жер бетінде сыпайылықтың шегінен аспайтын
жандар. Оларға жөн білмес надандар тіл қатқанда, (наданмен надан
болмай) оларға: «Аман болыңдар!» – деп, өз жөніне кете барады.»
(Фурқан : 63)
❗️Ғибадаттың айтылған бірінші түріне адам мақталмайды. Себебі, ол оның амал қылып, таңдауымен болған нәрсе емес. Ал, екінші түріне адам мақталады. Себебі, ол оның таңдап, амал қылғандығынан болды.
❗️Ғибадаттың екі тірегі (рукіні) бар:
⚡️ Аллаһқа бас иіп, толығымен бағыну.
Яғни, Аллаһқа деген толық
бағыныш, бас ию, адам Аллаһқа қорқынышпен, махаббатпен, Оған деген
қайта-қайта тәубе етумен, Оған деген қатты мұқтаждықпен бойұсынады.
⚡️ Аллаһқа деген махаббаттың кәмілдігі.
Оған дәлел Аллаһ Тағаланың сөзі:
📚« (Уа, Пайғамбар! Адамдарға): «Егер Аллаһты (шынымен) жақсы көрсеңдер, маған еріңдер. Сонда Аллаһ Тағала да сендерді жақсы көріп, күнәларыңды кешіреді», – деп айт. Аллаһ – Ғафур (өте кешірімді), Рахим (ерекше мейірімді).»
(Әли Имран :31)
🪶Осы аятта Аллаһ Тағала олардың Пайғамбарға ﷺ еруін Оған деген махаббаттың ❤️ шыншылдығына дәлел етіп қойды. Адамның Пайғамбарға ❤️ толық еруі, Аллаһқа деген махаббатына дәлел болады. Ал,кімде-кім Пайғамбарға ﷺ бойұсынбай, оған ермей, Аллаһты жақсы көремін дейтін болса, оның айтқаны құр өтірік сөз.
⏳Ғибадат осы екі тірекке негізделеді:
🟡Аллаһқа деген толық махаббат және Оған деген толық бағыныш, бас ию.
Осы екі нәрсе қайдан пайда болады:
🇸🇦Аллаһтың беріп жатқан түрлі нығметтеріне көңіл бөлу. Бұл адам жүрегінде Аллаһқа деген махаббат туғызады.
🇸🇦Адам өз нәпсісінің айыбын, күнәсінің көптігін және амалдарының кемшілігін естен шығармауы тиіс. Бұл Аллаһқа толық бағынып, Оған бас июге әкеледі.
📌Егер құл Аллаһқа деген қарым-қатынасын осы екі асылға негіздейтін болса, шайтан оны жеңе алмайды. Тек ғапылдыққа түскен жағдайда ғана шайтанға алданып қалуы мүмкін, бірақ Аллаһ Тағала Өз мейірімімен құлының жағдайын тез жақсартып, жөнге келтіреді. Оған дәлел Аллаһ Тағаланың мына сөзі:
💡«Біз оның да дұғасын қабыл алдық және оған Яхияны сыйладық. Сол үшін
жұбайын оған бала тауып бере алатындай жағдайға келтірдік. Расында, олар (Зәкәрия, жұбайы және ұлдары Яхия) жақсылық жасауда бір-бірімен асыға жарысатын, сондай-ақ (рақымымыздан) үміт еткен, әрі (қаһарымыздан) қорыққан күйде Бізге жалбарынатын. Олардың Бізге деген сый-құрметі мен мойынсұнуы, шынында да, ерекше еді.»
😀Махаббатпен Аллаһқа деген құлшыныс туындайды, ал Оны ұлықтаумен Оған деген қорқыныш, бағыныш туындайды.
📚Ислам ақидасы
🌟#Білім_сөзбен_амалдан_бұрын
✅ Telegram
📱 Whatsup
😄 Status