Сенің суық сыз сіңген хаттарың жүрегімді сонша жылытты. Есіміңді атаған сайын есімнен адастым. Жүрегіммен жарыса тықылдаған сағатты сындырдым. Қызғандым... Тар дәлізде тұрған қоқыс шелегіне өмірге деген өкпемді төктім.
Есік алдын аттаған әрбір жаннан сенің келер сәуіріңе қанша қалғанын сұрадым. Бәрі “жынданған ба?” деген сыңайда жүзіме қарады. Жоқ. Мен жай ғана ғашық едім.
Жай ғана… Алматының төбесіне түнере көшіп, күн күркірер алдында жауар жылы жаңбырдың астында қалуды өзіңмен бөліскім келді.
Самсаған жұлдыздың жарығын беткейлеп, тау асқан таңғы шапаққа жылынғым келді.
Құлаққабымның бір сыңарын өзіңе қамдадым. Ән тізбегін жаңарттым. Сенің көңіліңді бұзар жылаңқы әуендерді өшірдім. Бітіспес дұшпандарды кешірдім.
Не болған маған?
Не болған маған?
Не қылдың маған, жаным?…
@dasten_kastay