INTELLEGIUM


Гео и язык канала: Казахстан, Казахский
Категория: Telegram


EREKŞE OILANATYNDAR ÜȘIN
Focus on growth.

Büiyrsa jolyģarmyz: @diimosh

Связанные каналы  |  Похожие каналы

Гео и язык канала
Казахстан, Казахский
Категория
Telegram
Статистика
Фильтр публикаций


-Келсем, түр жасап тұрады екенсің әйтеуір, буынға бөліп түсіндіретін болдық ғой.


Діндар мен атеистің тамақтану кезінде болған әңгімесі:
Діндар:
— Тағам өте дәмді болыпты аспаз өте шебер екен ғой!
Атеист:
— Аспаз жоқ! Тағам эволюция процесінің нәтижесінде пайда болып қалған. Ғылымға сенбейсің бе?
Діндар:
— Әрбір тағамды пісіретін аспаз болады егер жоқ болса тағам пісірілмейтін еді!
Атеист:
— Әрбір тағамды аспаз пісірген болса онда аспаздың өзің кім пісірген?
Діндар:
— ...
Атеист:
— Жауап жоқ демек аспаздың бар екеніне дәлел жоқ.

Тамақ бұл тек қана қарапайым мысал еді және ол бүкіл болмыстың алдында ешнәрсе емес. Болмыстың өзінен өзі пайда болды деп айту тамақтың өзінен өзі пайда болды деп айтудан да қате және "Жаратушыны кім жаратқан?" деген сұрақ дәл "аспазды кім пісірген?" деген абсурд сұрақпен бірдей.


rational.thoughtss


Өз-өзіңді ақтауды қой. Кінәні әуелі өзіңнен, өзіңнің мінезіңнен, бәлки түрліше ортадан қалыптасқан әрекетіңнен ізде.

Өз-өзіңді ақтау қой. Расымен, кінә өзіңнен болса, тәкәппарлығыңды жеңіп, мойындауды яки үндемеуді үйрен.

Кінәні сырттан іздеп әуестенген ойменен, көздеген белесіңді бағындыратыныңа сенімім аз.

Өз-өзіңді ақтауды қойып, кемшілігіңмен жұмыс істе.


Eid Mubarak. Айт қабыл болсын.

Рамазан бітті, ауызым ашық деп құтырып кетпегін.


Репост из: INTELLEGIUM
Есте сақта! Кезінде өміріңе ентелей енген жан шығарда жалғыз кетпейді.

Сен қаларсың. Бірақ ол “өзіндегі сені” ала кетеді.

“Өзіндегі сен” деген не?

Ондағы сен:
- Жанында болғаныңда өзгеше күйге бөленгенің;
- қуанған сәттерің;
- әнтек әрекетің;
- қыңыр қалпың;
- кейде балаша, кейде ересектерше көрсеткен қораш қылықтарың;
- өміріңе ол келгелі өзгерген кісілік келбетің;
- қалыптаған мінезің;
- ақтарылғаның, ашылғаның, абдырағаның,.. бәрін-бәрін өзімен бірге ала кетеді.

Сондықтан, Сені ғана емес, өзгеге қалар өзіңді де сыртқа сандалта берме, жүрек.

Өзіңді сақтау - өзгедегі СЕНІ себепсіз сомдау-мүсіндеуден сақ болу.

@dasten_kastay


Репост из: INTELLEGIUM
Видео недоступно для предпросмотра
Смотреть в Telegram
Раббым, соңғы амалымыз бен соңғы сөзіміздің қайырлы болуын нәсіп ет.




Видео недоступно для предпросмотра
Смотреть в Telegram


Видео недоступно для предпросмотра
Смотреть в Telegram
Бұйырылған амалдарды орындау қолыңнан келіп тұрса, оның атқарылуы көңілсіз не көңілді екендігіңе тәуелді болмауы тиіс.


Әрдайым үндейміз. Әр нәрсенің Алтын Ортасын ұстанып білуді меңгермесек, бір жағына қарай басымдық беріп, тура жолдан ауытқып кету қауіпіміз жоғары болмақ. Дүниемен, ақыретті теңдей ұста дегеннің мағынасын көбіміз толықтай дұрыс түсінбегендейміз.

Бізде теңгерімді, теңдей ұстау көрінбейді, ынта-жігердің, күш-қайраттың басым бөлігі өткінші дүниеге берілген секілді.




Сенің суық сыз сіңген хаттарың жүрегімді сонша жылытты. Есіміңді атаған сайын есімнен адастым. Жүрегіммен жарыса тықылдаған сағатты сындырдым. Қызғандым... Тар дәлізде тұрған қоқыс шелегіне өмірге деген өкпемді төктім.

Есік алдын аттаған әрбір жаннан сенің келер сәуіріңе қанша қалғанын сұрадым. Бәрі “жынданған ба?” деген сыңайда жүзіме қарады. Жоқ. Мен жай ғана ғашық едім.

Жай ғана… Алматының төбесіне түнере көшіп, күн күркірер алдында жауар жылы жаңбырдың астында қалуды өзіңмен бөліскім келді.
Самсаған жұлдыздың жарығын беткейлеп, тау асқан таңғы шапаққа жылынғым келді.

Құлаққабымның бір сыңарын өзіңе қамдадым. Ән тізбегін жаңарттым. Сенің көңіліңді бұзар жылаңқы әуендерді өшірдім. Бітіспес дұшпандарды кешірдім.

Не болған маған?
Не болған маған?
Не қылдың маған, жаным?…

@dasten_kastay


Махаббат - төзімде, мың сан ине жүрегіңді жаныштаған жауыр күндерді кешіп өтуде, келеріңді сабырмен күтуде.

Бәрі жақсы болады, жүрек. Маған сен.

@dasten_kastay


Бүгін оқырмандарымызбен себепсіз болса да арқа-жарқаланып күлеміз деген шешімге келдік. Сондықтан сен де күл, ол да күлсін, олар да күлсін, басқалар да күлсін.

Түр жинамашы, қатайып. Жібіші.

😄😄😄😄😄😄😄😄


Мен білмейтінімді білмедім айтудан аяқ тартып, жасқанушы едім. Ақыры ойладым, сараптадым, түбі пайымдадым. Бұл жасқаныш емес, жәй ғана жүрек түбінде жасырынған тәкәппарлық екен.

😄😄😄😄😄😄


😄😄😄😄😄😄😄😄


😄😄😄😄😄😄😄😄😄


😄😄😄😄😄😄😄😄😄😄😄😄😄😄😄😄😄😄😄😄😄😄😄😄😄😄😄😄😄😄😄😄


😄😄😄😄😄😄😄😄😄😄😄😄😄😄😄😄😄😄😄😄😄😄😄😄😄😄😄😄😄😄😄😄😄😄😄😄😄😄😄😄😄😄😄😄😄😄😄😄😄😄😄😄😄😄😄😄😄😄😄😄😄😄😄😄😄



Показано 20 последних публикаций.