IT bilim


Гео и язык канала: Казахстан, Казахский
Категория: Технологии


Технология бойынша қазақ тіліндегі #1-ші телеграм канал
✔️ IT саласын меңгергісі келетін жанға қазақ тілінде ақпарат беру
👨🏻‍💻Есеп шығару @codeforces_kz @leetcode_kz
🎬 Ютуб: youtube.com/ITBilim
📱 Инста: instagram.com/it_bilim.kz
Байланыс үшін: @edigerad

Связанные каналы  |  Похожие каналы

Гео и язык канала
Казахстан, Казахский
Категория
Технологии
Статистика
Фильтр публикаций


Репост из: Almaty Code Cup
Almaty Code Cup 2024 командалық жарыс қатысушыларына 1,000,000 (бір миллион) теңге көлемінде жалпы жүлде қоры бар екенін қуана хабарлаймыз! 🙌
Бұл спорттық бағдарламалау бойынша алғашқы командалық жарыстар ICPC форматында 7-12 сынып оқушыларының арасында өтеді.
Жүлде ақшасының бірінші бес команда арасында қалай бөлінетінін посттың екінші суретінен көре аласыз. 6-10 орын иегерлеріне біз серіктестерімізбен құнды сыйлықтарды дайындадық.
P.S. Тағы бір жақсы хабар — сіз әлі де Almaty Code Cup 2024 жарысына профильдегі сілтеме арқылы тіркеле аласыз 👀


Қайырлы таң!

“ҮЗДІК IT ҰСТАЗ” турнирі осы айда 7-облыс пен 2-республикалық маңызы бар қалаларда басталды:

- Абай облысы
- Түркістан облысы
- Жамбыл облысы
- Қарағанды облысы
- Қызылорда облысы
- Ақмола облысы
- Қостанай облысы
- Алматы қаласы
- Шымкент қаласы


Егер осы өңірлерлің бірінен болсаңыз, міндетті түрде тіркеліп, бағыңызды сынып көріңіз.

Турнирдің мақсаты - олимпиадалық информатикадан жаттықтырушылық жолын бастаған мұғалімдерді дамыту.

📈Іріктеу кезеңінің қорытындысы бойынша әр облыстан ең үздік 15 қатысушы келесі кезеңдерге өтеді!

Турнир қазақ және орыс тілдерінде тегін өткізіледі.

Формат: онлайн
🗓 19 сәуір
🕑 14:00
⌛️ ұзақтығы - 2 сағат

🔗 Тіркелу сілтемесі мен турнир ережелері: https://qtap.kz/cpfed.kz

❗️Конкурсқа қатысу үшін логин, пароль және сілтеме қатысушылардың электрондық пошталарына жіберіледі.

🗓 15-18 сәуір аралығында уақыт шектеусіз іріктеу кезеңінің сынақ туры қол жетімді болады, онда қатысушылар платформаның барлық қыр-сырын игере алады. Сынақ турының нәтижелері есепке алынбайды.

Қазіргі сынақ нәтижесі:
https://codeforces.com/spectator/ranklist/e52ce248fea50ba566d158f7d4badc6d


Бәріне сәлем!

Биыл бізде “Үздік Juniors 1.0” деген жобаны ерте бастаған едік, яғни жасөспірімдер 6-8 сынып оқушыларына осы айда болатын (Облыстық кезеңге) арнайы олимпиадалық дайындық курсы ретінде ақпаннан басталған еді.

Аптасына 3-рет 3-сағаттық кодфорс контесттері жасалып, одан бөлек информатиксте әркім өзі күнделікті жаттығу есептерін шығару керек болатын.

Сонда барлығы 230-есепті (информатиксте 150, кодфорста 80) қарап шығып, және әр платформа бойынша үздік 10-дық нәтижелері мынандай:

Кодфорс (jas.contest.codeforces.com) бойынша Үздік 10 оқушы (IOI жүйесі бойынша):

1. (Түркістан обл. Түлкібас) Мухаш Нұрислам (8) - 7467
2. (Түркістан обл. Түркістан қ.) Әшім Нұрислам (8) - 6753
3. (Түркістан обл. Түркістан қ.) Абдуллаев Шахнурбек (7) - 4736
4. (Түркістан обл. Бәйдібек) Абдихали Айсәуле Алтайқызы (7) - 4595
5. (Түркістан обл. Сайрам) Азамханов Аббос Азизханович (6) - 4307
6. (Түркістан обл. Түлкібас) Утеулі Камшат (8) - 4263
7. (Түркістан обл. Кентау) Даниил Русаков (8) - 3651
8. (Қызылорда обл. Арал) Ерсайым Нурай (8) - 3632
9. (Түркістан обл. Арыс қ.) Мубарак Айару Бақытжанқызы (6) - 3337
10. (Астана қ. Басқа) Балмағамбет Айя (8) - 3295


Информатикс (informatics.msk.ru) бойынша Үздік 10 оқушы (ICPC жүйесі бойынша):

1. muhash nurislam - 140
2. Nurislam Ashim - 137
3. Бимырза Роллан - 104
4. Balmagambet Aiye - 100
4. Мыктанбек Заңғар - 100
6. Bolatbekkyzy Kamila - 98
7. Ерсайым Нұрайым - 93
8. Азамханов Аббос - 91
9. Русаков Даниил - 89
10. adadaddad B.S Adik - 75

Толық кестелерді көру үшін:
1) Кодфорс бойынша
2) Информатикс бойынша

Енді Үздік Juniors 1.0 оқушылары Үздіктер 3.0 жобасымен бірге дайындалатын болады, яғни енді acmp.ru және joba.contest.codeforces.com бойынша жаттығатын болады.


Python-дағы типтік кеңестер (type hints / type annotations)

Әрбір жаңадан бастаушы пайтын әзірлеуші кәсіби өсе келе кодының сапасы, оның түсінікті болуы жайлы жиі ойлана бастайды. Бұл оның кәсіби өсіп жатқанының нышаны. Осы жолда код сапасын жақсарту үшін типтік кеңестер таптырмас құрал.

Бұл мақаланы пайтынның тип кеңестері туралы қысқаша кіріспе анықтама деп қабылдағаныңыз жөн. Мен керек деген алғышарттарын ғана көрсетіп кетемін, ал тереңінен оқу сіздің міндеттіңіз.

Төмендегі сілтеме бойынша оқуға кеңес беремін:
@mukhammedali.muratkhan/python-дағы-типтік-кеңестер-type-hints-type-annotations-1c3d80e205ee' rel='nofollow'>https://medium.com/@mukhammedali.muratkhan/python-дағы-типтік-кеңестер-type-hints-type-annotations-1c3d80e205ee

#python #type_hints #type_annotations #типтік_кеңестер #питон


2024 жылы IT саласына түсудің ең оңай жолы қандай? Нейрондық желілерді пайдаланып керемет бейнені қалай тез жасауға болады? Заманауи роботтар қандай керемет нәрселер жасай алады?

Бұл сұрақтардың жауабын Kursiv.Digital арнасынан таба аласыз. Редакторлар технология әлемінен барлық қызықты ақпаратты жинайды:

✦ соңғы жаңалықтар мен трендтер

✦ сарапшылардың пікірлері

✦ таңғажайып фотосуреттер мен бейнелер

Сондай-ақ, әріптестеріміз өздері керемет сарапшылармен: корпорация басшыларымен, ғалымдармен, стартапшылармен және цифрлық суретшілермен әңгімелеседі 🗣 Және олар үйренгенінің бәрін түсінікті тілмен айтады.

Технологиялар мен оларды дамытатын адамдар жайлы ең маңызды ақпараттарды жіберіп алмау үшін Kursiv.Digital парақшасына жазылыңыз 🔬


Сәлем, IT инноваторлары!

GDSC AITU сіздерді Google Developer Student Хакатонына қатысуға шақырады! 👾

Жалпы сыйлық қоры: 500,000 ТЕҢГЕ💸

Мұнда сіздер біздің бас демеушіміз CROCOS-тан техникалық тапсырма шешу арқылы өз дағдыларыңызды тексере аласыздар. Сонымен қатар, Hired Valley-ден қызықты және энергетикалық белсенділіктерге қатысып, бағалы сыйлықтар, Astana IT University мерчін ұтып ала аласыздар. Сіздерді Dance Club AITU-ден қызықты нөмір және тәжірибелі спикерлердің өнері күтеді! Қалт жібермеңіздер ⬇️

📅 Сәуір 20-21
📍 Астана IT Университеті
🎲 Офлайн, 26 сағат🧩


Кім қатыса алады: Астанадан бакалавриат, магистратура және докторантура студенттері.🤝

Команда өлшемі: 2-4 адам

Егер команданыз жоқ болса, GDS Хакатонның Telegram чатта таба аласыз

ХАКАТОНҒА ТІРКЕЛУ ҮШІН СІЛТЕМЕ


Репост из: Kazakhstan CP Federation
#KazCodeYouTubeChallenge #news

📣 Құрметті #KazCodeYouTubeChallenge байқауының қатысушылары, көптен күткен нәтижелерді жариялайтын сәт келді!

🏆 Жалпы жүлде қоры 1 000 000 теңге! Жүлделерді тапсыру үшін бір апта ішінде жеңімпаздармен байланысамыз.

📌 Қатысушылар YouTube-тегі арналарына қазақ тілінде екі номинация бойынша бейнежазбаны жүктеп салу керек болды: спорттық бағдарламалау бойынша «Тапсырма талдау» және алгоритмдер мен бағдарламалау тілдеріндегі «Тақырыптарды талдау».

📌 Қатысушылардың бейнебаяндарын тәжірибелі қазылар алқасы (50%) және көрермендердің пікірі (50%) бағалады.

🎉 Жеңімпаздарымызды құттықтаймыз және әрқашан биіктерден көрінулерін тілейміз! Федерацияның бас серіктесі – Freedom Broker-ке жарысты қолдап, бізбен бірге спорттық бағдарламаны дамытқаны үшін алғысымызды білдіреміз!


Үздіктер жобасына тіркелу жалғасуда, жоба жайлы толығырақ келесі суреттерден оқыңыз.
Тіркелу: https://tiny.cc/uzdikter3


Барлықтарыңызға сәлем!

Ертең сағат 10:00-де кешегі бірден үш облыста өткен (Абай, Жамбыл, Түркістан) арнайы қарапайым мектеп ұстаздарының олимпиадаса “Үздік IT ұстаз” турнирінің негізгі (офлайн) бейресми контесті болады.

Қатысыңыздар, біліктіліктеріңізді арттырыңыздар, барлығы тегін.

3-сағаттық контест - IOI форматында қазақша 5 есептік (төменде орысша аудармасымен) жасалған.

https://kazakh.contest.codeforces.com

PS. Алдағы айда тағыда 5-облыста жасауды жоспарлап жатырмыз, сол үшін де қарапайым мектеп ұстаздары болсаңыздар дайындала беріңіздер. Бұл турнир жеңімпаздарына берілген жүлделі дипломдар алда болатын “Повышение квалификации” есептеледі деп күтілуде.


Барлықтарыңызға сәлем!

Бүгін ұстаздар үшін “Үздік IT ұстаз” турнирінің бірден үш өңірде бастау алған болатын: Абай, Жамбыл және Түркістан (2-ші маусымы) облыстарында болды.

Жалпы 750+ ұстаз тіркеліп, оның 230+ контестке қатысты.

Сол контест бүгін сағат 20:00-де басталады. ұзақтығы 3-сағаттық 5-есептік контест (орысша аудармасымен)

Контест сілтемесі:
https://codeforces.com/contestInvitation/0ded05c4f4a3fa9d1165f48867d3889a9c3c7266

PS. Мұнда әркім өз кодфорс аккаунтымен қатысуы керек, егер болмаса құруға кеңес береміз.


Репост из: Kazakhstan CP Federation
#ecosystemRegion

🚨 Назарларыңызға, 9-11 сынып оқушылары!

⏰ «CPFED Zhambyl Olymp» облыстық бағдарламалау олимпиадасына тіркелудің аяқталуына санаулы күндер қалды! Тіркелуге және информатика бойынша дағдыларыңызды көрсетуге асығыңыз!

🎓✨Үздік үш қатысушы М. Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінде оқуға гранттар мен жеңілдіктер алатынын ұмытпаңыз.

Тіркелу 21 наурызға дейін мына сілтеме арқылы ашық: https://forms.gle/d11gvRREN4r2mnun9

——

🚨 Внимание, ученики 9-11 классов!

⏰ Осталось всего несколько дней до окончания регистрации на областную Олимпиаду по программированию “CPFED Zhambyl Olymp”! Успейте зарегистрироваться и продемонстрировать свои навыки в информатике!

🎓✨Не забывайте, что три лучших участника на заключительном этапе получат гранты и скидки на обучение в Таразском региональном университете им. М.Х.Дулати.

Регистрация открыта до 21 марта по ссылке: https://forms.gle/d11gvRREN4r2mnun9


Репост из: Almaty Code Cup
Frame 8.png
1.1Мб
Almaty Code Cup 2024 - ҚР информатика бойынша құрамасының мүшелері құрған 7-11(12) сынып оқушыларына арналған ICPC форматындағы спорттық бағдарламалау бойынша алғашқы командалық жарыс

💰Марапаттар мен сыйлықтар
- Ақшалай сыйлықтар
- Техникалық жоғары оқу орындарына гранттар мен оқуға жеңілдіктер
- Жарқын болашақты қамтамасыз ету мүмкіндігін жіберіп алмаңыз!

🗓ACC 2024 қалай өтеді?
Іріктеу кезеңі codeforces.com сайтында прокторинг жүйесімен онлайн форматта өтеді. Іріктеу кезеңі туралы толығырақ акпарат 1 маусым күні хабарланатын болады.

🚀Тіркелу
https://forms.gle/aC8gr76XC87XCTHeA
Сондай-ақ, инстаграм парақшасымызда!

Екі кезеңнің алдында сізге жарысқа сілтеме, логин және пароль жіберіледі.
Тіркеу 1 маусымға дейін ашық болады.
Жарыстың барлық жаналыктарын қадағалау үшін @acc.kz телеграм каналымызға жазылуынызға болады.


Репост из: Kazakhstan CP Federation
#KazCodeYouTubeChallenge

📣 Құрметті KazCodeYouTubeChallenge байқауының қатысушылары, біз кейбір қатысушылардың өз арналарының сілтемелерін жіберіп үлгермегендігін байқадық, сол себепті сіздерден 11 наурызға дейін сілтемені тіркелу формасына жіберулеріңізді сұраймыз!

❗️Тіркеу формасында YouTube арнасына сілтемесі жоқ бейнелерді қазылар алқасы бағаламайтынын естеріңізге саламыз.

Жасаған бейнелеріңізбен бөлісіңіздер!

🔗 Тіркеу сілтемесі: https://forms.gle/WUVDUpgo7f15X7LHA

——

📣 Дорогие участники конкурса KazCodeYouTubeChallenge, мы заметили, что не все успели отправить ссылки на свои YouTube каналы, поэтому у вас есть дополнительное время до 11 марта!

❗️ Напоминаем, что видео без ссылки на YouTube канал в форме регистрации не будут оценены жюри.

Успейте поделиться своими работами!

🔗 Ссылка на регистрацию: https://forms.gle/WUVDUpgo7f15X7LHA


Servercore Ташкентте жаңа қолжетімділік аймағын ашады

Servercore — Ташкент пен Алматыда қолжетімділік аймақтары бар IT-инфрақұрылым провайдері. Клиенттер арасында — Uzum Nasiya, Alif, Samarkand Air және HWG Sababa.

Провайдердің клиенттеріне Ташкентте жаңа қолжетімділік аймағы қолжетімді болды.
Ортақ желімен біріктірілген екі пулға орналастыру мүмкіндік береді:

— IT-жүйелер мен сервистердің ақаулыққа төзімділігін арттыруға,
— деректерді сақтау қауіпсіздігі деңгейін арттыруға,
— соңғы пайдаланушыларға қызмет көрсету кезінде кідірісті азайтуға.

Жаңа қол жетімділік аймағында ServerCore клиенттері қол жетімді болды:
— AMD EPYC 7713 Milan негізіндегі UZ-2 пулындағы бұлтты серверлер,
— Intel Xeon Е-2236, Intel Xeon W-2255 және Intel Xeon Silver 4214R процессорларына негізделген TAS-2-дегі бөлінген серверлер.

Жаңа қолжетімділік аймағының қауіпсіздігі мен сенімділігі ISO 27001 халықаралық ақпараттық қауіпсіздік стандартымен расталған. Барлық Servercore сервистері PCI DSS халықаралық деректер қауіпсіздігі стандартына сәйкес келеді.

Қосымша ақпарат алу үшін сайтқа өтіңіз.




‼️Хабарландыру‼️

☀️Біздің ең алғашқы контестіміз - “Жолбастар” контесті ертең жексенбі (03.03.2024) сағат 10:00-да басталады!

✔️Ұзақтығы 5-сағат IOI форматтағы қазақша 10-есеп.
✔️Максималды 1000 балл
.

👩🏼‍🏫Ұстаздар үшін:
ustaz.contest.codeforces.com

👨🏻‍💻Оқушылар (+студенттер) үшін:
joba.contest.codeforces.com

PS. 👨🏻‍🎓Менторларда сәйкесінше сілтемелермен кіріп қатыса алады
.


“Үздіктер 3.0” жобасы басталды!

Осыған орай, біз осы жоба бойынша арнайы зум өткізіп, көпшілікпен осы Үздіктер жобасы туралы, өтілу форматы, платформалары туралы және осы 2-жылдық жетістіктерімен де бөлісетін боламыз.

Одан қалса, бұл жобада қатысу ақылы ма, ақылы болса кімдерге, және жеңілдіктері бар ма деген сауалдарға жауап беретін боламыз.

Сонымен, біздің зум кездесу ертең сенбі күні (02.03.2024) сағат 17:00-де (🇰🇿ортақ уақытымен) болады.

Мына ZOOM сілтемесі арқылы
https://us05web.zoom.us/j/88674339025?pwd=FFE8hV8rmRXFuRKTvqPaCvNmcEb9sB.1

Ал тіркелу әлі де болса, ашық тұр, кіріп тіркеліңіздер.
Тіркелу сілтемесі:
https://forms.gle/5Mutf6vXrvHwCdm56


Репост из: Үздік БІЛІМ
Үздіктер жобасында тек Қазақстандықтар ғана емес, көршілес бауыр ел Қырғызстанда қатысып, тамаша жетістігімен бөлісіп жатыр!!!!

Бізше айтқанда, РЕСПА-ға өткен Батма қызымыз!!!


Репост из: Неизвестно
Саламатсызбы агай,кандайсыз?
Облусттук олимпиададан сиздин сабактарыңыздын  жардамы менен 2-орунду алып,республикалык туруна(IV этапка) өттүм🥰. Сизге чооң алкыш айтам! Эмгегиңиздин үзүрүн көрүп, өз элиңизде,деги эле бүткүл дүйнөдө программалоо тармагынын өнүгүшүнө салымыңызды кошуп жүрө бериңиз агай😊


28 ақпан, Ср
«E-commerce үшін IT инфрақұрылымын қалай таңдауға болады: Uzum Nasiya кейсі» вебинары

E-commerce жобалары үшін IT-инфрақұрылымды таңдауға арналған тегін вебинарға шақырамыз. ServerCore бизнесті дамыту жөніндегі директоры Суннат Шамуратов бұлтты платформа өнімдерінің көмегімен онлайн-коммерция нарығының міндеттерін қалай шешуге болатынын айтып береді.

Uzum Nasiya жобалық кеңсесінің басшысы, шақырылған спикер Сардорбек Байахмедов IT-инфрақұрылымды Servercore бұлтына көшіру тәжірибесімен бөліседі.

Бағдарламада:

— 2024 нарық трендтері және e-commerce негізгі сандары.
— Онлайн-коммерция жобаларының алдында қандай бизнес-міндеттер тұр.
— Электрондық коммерциядағы мәселелерді шешуге арналған IT-инфрақұрылым.
— Uzum Nasiya компаниясының кейсі: компания IT инфрақұрылымын 1 айда Servercore-ға қалай бүтіндей көшірді.

🔺 Жаңа қатысушылар сервистерді тестілеу үшін 15 000 теңге алады.

Сілтеме бойынша вебинарға тіркеліңіз: мұнда біз сілтемені саламыз.

Показано 20 последних публикаций.