KAZ.NUR.KZ - Қазақстан және әлем жаңалықтары


Гео и язык канала: Казахстан, Казахский
Категория: Новости и СМИ


KAZ.NUR.KZ-тің ресми арнасы
Қазақстанның басты жаңалықтарын біздің арнадан оқыңыз.
Біз:
🏆11 рет "Медиатордан" “Ең қызықты БАҚ” атағын иелендік;
🥇"№1 жаңалық порталы" номинациясы бойынша 5 рет "Жыл таңдауы" атандық (2015, 2017, 2019, 2020, 2021).

Связанные каналы  |  Похожие каналы

Гео и язык канала
Казахстан, Казахский
Категория
Новости и СМИ
Статистика
Фильтр публикаций


Видео недоступно для предпросмотра
Смотреть в Telegram
Биыл әзірше шегірткеден келген шығын жоқ

Бұл туралы аграрлық ведомствоның басшысы Айдарбек Сапаров бүгінгі мәжіліс аясында мәлімдеді.

t.me/kaznurkz


Видео недоступно для предпросмотра
Смотреть в Telegram
Қостанайдағы орман өрті: Біріккен араб әмірліктері көмек ретінде берген 1 млн доллар қайда кетті

Естеріңізде болса, Қостанай облысында 2022 жылғы алапат орман өртінен кейін жасыл-желекті қалпына келтіруге Біріккен араб әмірліктері 1 млн доллар қаржы бөлген еді. Осы қыруар қаржы қайда кетті? Орман шаруашылықтарындағы техниканың 70 пайызының тозығы жеткен, не себепті ескі-құсқы көліктер жаңаланбайды? Бұл сауалдардың жауабын KAZ.NUR.KZ тілшісінің материалынан оқып біліңіз.

t.me/kaznurkz


"Қазақстандық туристер Грекияда өрт қойды": бұл ақпаратқа СІМ өкілі пікір білдірді

Еске салсақ, бұған дейін қазақстандық туристерге отшашу салдарынан болған Грекияның Гидра аралындағы өртке қатысты айып тағылған болатын.

"Бұл ақпарат жарияланғаннан кейін
Қазақстан консулы осы оқиғаға байланысты Грекия билігіне хабарласты, полиция ұсталғандар арасында Қазақстан азаматтары жоқ екенін және оларға да ешқандай шағым түсірілмегенін хабарлады", - деді Айбек Смадияров.


Фото: Εποχικοί Πυροσβέστες/Facebook

t.me/kaznurkz


Дағыстанда үш күн қатарынан қаралы күн жарияланды

24 маусымға қараған түні Дағыстандағы православие шіркеуі мен синагогаға лаңкестік әрекеттер жасалып, соның салдарынан 15-тен астам полиция қызметкері мен бірнеше бейбіт тұрғын қаза тапты.

Осы жайтқа байланысты мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Федерациясының президенті Владимир Путинге көңіл айту жеделхатын жолдады.

Толығырақ сайтымыздан оқыңыз.

t.me/kaznurkz


🔝 Олимпиаданың тарихи жолдамасы!

🕺 Брейк-данстан Будапеште өткен іріктеу турнирде Амир Закиров Париж Олимпиадасына жолдама алды.

Амир финалға дейін жетіп, тек Нидерланд өкіліне есе жіберді.

Брейкинг спорты Олимпиадаға алғаш рет қосылды.

t.me/kaznurkz


Еуро-2024: Роналду бастаған Португалия құрамасы мерзімінен бұрын плей-оффқа өтті

F тобындағы Португалия және Түркия құрамалары Дортмундта (Германияда) кездесті. Бұл ойын 3:0 есебімен португалиялықтардың пайдасына шешілді.

Голдар: 21’ Силва, 28’ Ақайдын (аг), 56’ Фернандеш

t.me/kaznurkz


🗣 "Қазақстан - жанымның бір бөлшегі": Футзалдан ұлттық құрама қақпашысы Игитамен эксклюзив сұқбат

Қазақ футзалының жарқын жұлдызы атанған Игитамен сұқбаттасудың сәті түсіп, KAZ.NUR.KZ тілшісі оған көпшіліктің көкейінде жүрген сауалдарды қоюға тырысты.

🔗 Сұқбаттың толық нұсқасын мына сілтеме арқылы оқи аласыз.

t.me/kaznurkz


Астанада көпқабатты ғимараттағы өрт оқшауланды

Елордада Тұран даңғылы 37/9 мекенжайындағы өрттің таралу қаупі жойылды.

"Өрттің таралу қаупі жойылды. Алдын-ала болжам бойынша өрттің ауданы 180 шаршы метрге жеткен. Өртті жоюға 87 жеке құрам және 19 техника жұмылдырылды", - делінген хабарламада.


ТЖМ мәліметінше, 8 адам эвакуацияланды, зардап шеккендер жоқ.

t.me/kaznurkz


Астанада Тұран даңғылындағы көпқабатты ғимарат өртеніп жатыр

Астана қаласы ТЖД өрт сөндіру бөлімшелері шақырудың жоғары рангы бойынша Тұран 37/9 мекенжайына келді.

Тұрғын үй кешенінің 26 қабатында сыртқы жабыны өртеніп жатқаны анықталды.

t.me/kaznurkz


Ақтөбе облысында "Дельтаплан" ұшу-аппараты апатқа ұшырап, ұшқыш қаза тапты

Комитет мәліметінше, Ақтөбе облысының Мұғалжар ауданы Жарық ауылының маңында өндірістік жұмыстарды орындау барысында "Самғау АГРО" ЖШС тиесілі "Дельтаплан" ұшу-аппараты апатқа ұшырады.

"Дельтаплан ұшқышы қаза тапты. Бұл оқиға бойынша Көлік министрлігі авиациялық оқиғаны тергеп-тексеру жөніндегі комиссия құрды", - делінген хабарламада.

Көліктегі оқиғалар мен оқыс оқиғаларды тергеп-тексеру департаментінің қызметкерлері авиациялық оқиға орнына жіберілді.

t.me/kaznurkz


Бас прокуратура журналист Садықовқа қастандық жасады деп күдікке ілінген Жақанбаев Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарына өзі хабарласқанын, одан істің мән-жайы бойынша жауап алынғаны мәлімдеді.

Бас прокуратура Украинаның құзіретті органдарына Жақанбаев пен Қаратаевтың жасалған қылмысқа қатыстылығы туралы қылмыстық істің материалдарын беру туралы халықаралық тергеу тапсырмасын жолдады.

"21 маусымда А.М. Жақанбаев Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарына өз бетінше хабарласып, одан істің мән-жайы бойынша жауап алынды. Сол күні ол осы қылмысты жасады деген күдікпен ұсталды", - делінген хабарламада.


Бас прокуратура екінші күдікті М. Қаратаевтың тұрған жерін анықтау бойынша жедел іздестіру шаралары жүргізіліп жатқанын хабарлады.

t.me/kaznurkz


Еуро-2024: Украина құрамасы Словакиядан басым түсті

Е тобында бақ сынап жатқан екі құраманың ойыны Дюссельдорфта (Германия) өтіп, 1:2 есебімен аяқталды.

Словакия құрамасынан Иван Шранц гол салса, Украина сапынан Николай Шапаренко, Роман Яремчук мергендік танытты.

Енді 26 маусымда Украина командасы үшінші тур аясында Бельгиямен кездеседі. Ал Словакия сол күні Румынияға қарсы ойнайды.

t.me/kaznurkz


Бишімбаев пен Байжановқа қатысты апелляциялық соттың қай күні өтетіні белгілі болды

Жоғарғы сот мәліметінше, Қуандық Бишімбаев пен Бақытжан Байжановқа қатысты қылмыстық іс апелляциялық сатыға түсті.

Судьяның 11 маусымдағы қаулысымен істі қарау 2024 жылғы 26 маусымға, сағат 10.00-ге белгіленді.

"Қоғамның сот процесіне қызығушылығының артқанын ескере отырып, апелляциялық сатыдағы сот отырыстарының онлайн-трансляциясын жалғастыру туралы шешім қабылданды. Сот отырыстары тікелей эфирде өтеді", - делінген хабарда.


t.me/kaznurkz


Видео недоступно для предпросмотра
Смотреть в Telegram
"Қазақстан билігіне оның не қажеті бар?": Бәпи журналист Айдос Садықовқа жасалған қастандық туралы айтты.

"Айдос және Наталья Садықовтарға қастандық жасау өте өкінішті жағдай. Біз олармен жақсы қарым-қатынаста болдық. Олар – кәсіби журналистер. Кім жасады дегенге қатысты біздің кейбір интернет ресурстарда осы оқиғаның артында Қазақстан билігі тұр деген нәрсе жазылды. Бұлай деп айту – топастық. Қазақстан билігіне оның не қажеті бар? Логикаға сыймайды. Бұл жерде ескі Қазақстанның өкілдері немесе үшінші күштер болуы мүмкін", - деді депутат.

t.me/kaznurkz


Киевтегі Қазақстан журналисіне жасалған қастандық: Бас прокуратура тергеу бастады

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 18 маусымда Киевте болған Айдос Садықовты өлтіруге қастандық жасау фактісі бойынша Қазақстан Бас прокуратурасы сотқа дейінгі тергеуді бастады.

Қылмыстық іс бойынша тергеу-жедел тобы құрылды, онда қылмысты ашуға және күдіктілерді ұстауға бағытталған қажетті жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізіледі.
      
Естеріңізге сала кетейік, кеше Қазақстанның Бас прокуроры Украинаның Бас прокурорының атына осы қылмысты ашуға барынша тәжірибелі қазақстандық тергеушілерді тарта отырып, барлық көмек көрсету туралы ұсыныс жасаған болатын.

Бас прокуратура қылмыстық істі тергеу барысын ерекше бақылауға алды.

t.me/kaznurkz


Қазақстандықтар шілдеде қанша күн демалады

2024 жылдың шілде айында қазақстандықтар Астана күніне байланысты қосымша демалыс алады.

Толығырақ сайттан оқыңыз.

t.me/kaznurkz


Киевтегі Қазақстан азаматына жасалған қастандық: ІІМ күдікті туралы ақпаратқа пікір білдірді

Ішкі істер министрлігі екі қазақстандық Киевте журналист Айдос Садықовқа қастандық жасады деп күдікке ілінген деп желіде тараған ақпаратқа түсініктеме берді – олардың бірі бұрын Қостанай облысы полиция департаментіне қызмет атқарған.

"Азамат М.Қаратаевқа қатысты оның 2019 жылдың қаңтарда ішкі істер органдарынан босатылғанын және қазіргі уақытта полиция қызметкері емес екенін хабарлаймыз.

Қазір біз мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес істің барлық мән-жайларын анықтау бойынша тиісті жедел іс-шаралар жүргізіп жатырмыз.

Осы жұмыстың нәтижелері бойынша қосымша ақпарат беріледі", - делінген хабарлама
да.

Фото: t me/stranaua


Еуро-2024: Испания құрамасы Италияны ұтып, плей-оффқа жолдама алды

B тобындағы екі құраманың ойыны Гельзенкирхенде (Германия) өтіп, 1:0 есебімен аяқталды.

Алғашқы таймда есеп ашылған жоқ. Ал екінші таймда Италия құрамасының ойыншысы Риккардо Калафиори (55-минутта) өз қақпасына гол соғып алды.

Осылайша, испаниялықтар жеңіске жетіп, 6 ұпаймен B тобында көш бастады және 1/8 финалға шықты.

t.me/kaznurkz


⚽️ Футбол. Еуро-2024

🇫🇷 Килиан Мбаппе Еуро-2024 жарысының қалған ойындарында арнайы бетпердемен ойнайды

Еске салайық, Франция құрамасының шабуылшысы алғашқы турда мұрнын сындырып алған еді.

t.me/kaznurkz


Қырғызстан мен Қытай шекарасындағы жер сілкінісі Алматыда сезілді

Бұл туралы ТЖМ-нің Telegram-дағы арнасы хабарлады. Жер сілкінісі 20 маусымда сағат 16:36-да тіркелген. Дүмпу ошағы Қытай мен Қырғызстанда, Алматыдан оңтүстікке қарай 335 шақырымда болған.

Алматыда 2 балл сілкініс сезілген.

Ведомстводағылардың хабарына қарағанда, зардап шеккендер мен қираулар туралы ақпарат түспеген.

t.me/kaznurkz

Показано 20 последних публикаций.