🥊 Қазақстан әйелдер құрамасының 5 боксшысы Азия чемпионатының финалында жұдырықтасады
Бүгін Таиландтағы Азия чемпионатында әйелдер арасында жартылай финал өтті. Тоғыз қазақстандық боксшының төртеуі ақтық сынға жолдама алды.
Атап айтқанда, Виктория Графеева (60 кг), Аида Әбікеева (63 кг), Наталья Богданова (70 кг) және Гүлсая Ержан (81 кг) енді алтынға таласады. Сондай-ақ Елдана Тәліпова (+ 81 кг) жеребе қорытындысына сәйкес бірден финалда сынға түседі.
Ал жартылай финалда жеңілген боксшылар турнирді қола жүлдемен аяқтады. Олардың қатарында Әйгерім Сәттібаева (48 кг), Жазира Орақбаева (52 кг), Ұлжан Сәрсенбек (57 кг), Милана Сафронова (66 кг) және Диана Мағауяева (75 кг) бар.
t.me/kaznurkz