НЕГЕ ҚЫЗ ЖІБЕК ФИЛЬМІН ҚАЙТАЛАП КӨРЕ БЕРЕМІЗ?
Кім «Көшпенділер» фильмін екі рет көрді? Ондай адамды кездестірмеппін. Неге? Өйткені қызық емес, тартпайды.
Онда неге «Қыз Жібек», «Менің атым Қожа», «Алты жасар Алпамыс» фильмдерін жалықпай көре береміз?
Әркімнің ойы әртүрлі болуы мүмкін. Бірақ мынадай ақиқаттар бар. Қыз Жібекте ешқандай жасанды бұйым болмаған. Әр киім қолдан тігіліп, ондағы әр моншақ асыл тастан жасалған. Киіз үйлер, текемет, сырмақтар, ат әбзелдері, ердің қарулары түгел оригинал.
Байқайсыз ба, хандық дәуірдегі қазақтар туралы киноларда ылғи үстіне шүберек, ескі матадан тігілген бірдеңе киіп алады. Көргің келмейді. Осыншалықты бейшара болды деуге қимайсың себебі. Өйткені сонау сақ заманындағы Алтын адамның киіміне қара, қандай әдемі, сәнді. Ал Қыз Жібекте дәл сондай әдемі киімдер берілген. Тек Қыз Жібектің өзі жиырмаға жуық қайталанбайтын көйлек киген.
Оның қасындағы құрбылары – Жібектің рөлін сомдауға келген 500 қыздың ішінен іріктелген 15 қыз. Көрдіңіз бе? Қазіргі беті жылтыраған әнші, блогерлерді әртіс қып түсіре салу емес. Үлкен жауапкершілікпен келген. Режиссері Сұлтанахмет Қожықов.
Ең бастысы – мұнда халықтың ұлттық генінде жатқан жасырын нәрселерді бере білген. Мысалы, қазіргі киноларда қыз ашықтан ашық «ойбай, сені сағындым, сарғайып өлуге айналдым» деп көзінен сорасы ағып жатады. Ал Жібек Төлегенді сағынғанда не істейді? Киіз үйдің босағасына сүйеніп, алысқа қарайды, ауыр күрсінеді. Үй қабырғасына сүйену – сағыну, зарығуды білдіретін қазақ халқының ишарасы. «Толик, сені сағынып еңірегенде етегім жасқа толды» демейді. Олай деу арлы қызға жараспайды.
Міне, сол үшін Қыз Жібек фильмін қырық рет көрсек те жалықпаймыз.
Ғашықтықты ту еткен қызықты кітаптар оқығыңыз келсе, онда тапсырыс беріңіз: 8-777-572-22-33