АДАМ САЯХАТТАСА, ҚАЛАЙ ӨЗГЕРЕДІ?
Саяхат та бір ертегі сияқты: үйретеді, қуантады, емдейді. Тек демалыс емес, өмір мектебі деуге болады. Әлемнің әр бұрышында ел мен жердің өз құпиялары мен сабақтары бар. Саяхаттағанда стресс те пайда болады. Жаңа жер, бейтаныс адамдар, бұрын дәмін көрмеген тағамдар. Ауырып қалуың да мүмкін. Адам үйреншікті ұясынан алыстап кеткенде, құстай қанатын жайып ұшады.
Бір жағынан батылдық та пайда болады. Басқа халықтардың қалай өмір сүретінін, қандай ән айтатынын, не жейтінін көресің. Ауылдан ұзап көрмеген қара басың әлемнің кең екенін, ал біз оның кішкентай ғана бөлшегі екенімізді түсінесің. Ұсақ нәрселерге қуанып үйренесің, қиындықтарға төтеп бересің. Ең бастысы, "Барлығын істей аламын!" деп еркіндік сезіне бастайсың.
Адамды саяхат кезінде не өзгертеді?
Адам африкаға барсаң да - адам. Бәрі мейірімге мұқтаж. Күлімдеп отырып, олардың әңгімелерін тыңдайсың. Адамның діні, тілі, ділі, мәдениеті әртүрлі болған сайын қызық. Табиғи әсем жерлер, халықтың құлшылық орындары, тарихи сарайлар, дәстүрлері, тағамдары - бәрі сен үшін таңсық. Таңсық көп болған сайын өз өміріңе басқаша қарай бастайсың. Бірдеңені өзгерту керектігін ұғынасың. Адам осылай өзгере бастайды.
Қаншалықты жиі саяхаттау керек?
Бәрі мүмкіндігіңе байланысты ғой. Ең бастысы, үйден кейде шығып тұру. Жылына бір рет болсын немесе бірнеше ай сайын қысқа сапарларға бару жақсы. Алматыда тұрып, тауға бармағандарға таңғаламын. Шымбұлаққа барып шаңғы тебу, Медеуге барып коньки тебу, Көкжайлауға шығу, Көлсай мен Қайыңдыға барып, қайыққа міну, Шарынды жаяу аралау - көп қой мүмкіндік. Қазақстанның әр өңірі осындай әдемі жерлерге толы. Ең бастысы — қозғал, орнында тұрма. Өмір деген өзен сияқты — ағып тұруың керек!
Қайда саяхаттау керек?
Демалыс үшін, мәдениетпен танысу үшін, шытырман оқиғаларға куә болу үшін, өз туған еліңді зерттеу үшін. Мысалы, Норвегияға Солтүстік Шұғыласын көру үшін баруға болады. Ол күн сайын көріне бермейді. Аңду керек.
Саяхат өмірді қанық етеді. Әр жаңа сапар - ертегінің жаңа беттері іспеттес. Адам өлерінің алдында көп саяхаттамағаны үшін өкінеді дейді ғой. Сондықтан арманда, жоспарла және жолға шық!
2025 жылғы жоспарыңа саяхатты енгіз.