🔷Сотпен полиция қызметкері Ж.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.
🔷Тағылған айып:
Сотқа дейінгі тергеп-тексеру органымен Ж.(Теміртау қаласының полиция бөлімінің криминалисті бола тұра) құқық қорғау органы қызметкерінің өзінің қызметтік өкілеттіктерін қызмет мүдделеріне қайшы пайдалануы, өзі үшін пайда мен артықшылықтар алу және басқаларға зиян келтіру, сонымен қатар азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделеріне елеулі зиян келтіруге, сол сияқты бөтеннің мүлкін жасырын ұрлауға әкеп соққан өкілеттігін асыра пайдаланғаны үшін айып тағылды.
(ҚК 361 б.,2-1 т., 188 б. 1 т.)
🔷Сотпен анықталғаны:
Ж. Теміртау қаласының жедел-криминалисті бөлімінің криминалисті бола тұра, оқиға орнына бару барысында пәтерден мәйіт табылған кезде тексеру барысында марқұмның атына «Қазақстан халық банкі» АҚ пластикалық банк картасын тауып алды және де бір парақтан қатарынан құпия 4 таңбалы сандарды көрді.
Ж. криминалист ретінде қызметтік өкілеттіктерін теріс пайдаланып, қызмет мүдделеріне қайшы, өзіне пайда мен артықшылықтар алу және басқаларға зиян келтіру мақсатында азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделеріне елеулі зиян келтіріп, көрсетілген банк картасын және құпия 4 таңбалы нөмірлерді алып, полиция қызметкерінің киімінің қалтасына салып, тергеу әрекеттері аяқталғаннан кейін оқиға орнынан кетіп қалды.
Сонымен қатар, қылмыстық ниетін жалғастыра отырып, «Қазақстан Халық Банкі» АҚ банкоматына келіп, банк картасында ақша қаражатының бар-жоғына көз жеткізіп, өзіне белгілі кодты енгізіп, өз қалауы бойынша 182 000 теңге қаражатты банкоматтан шешіп алып, көрсетілген сомадағы ақшалай қаражатты жасырын ұрлап, материалдық залал келтірген.
🔷Тараптардың ұстанымы:
Прокурор Ж.-ға мемлекеттік қызметте, судьялық, жергілікті өзін-өзі басқару органдарында, ҚР Ұлттық банкінде және оның ведомстволарында лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойы айыра отырып, 3 жылға бас бостандығын шектеу түріндегі жаза тағайындаудыжәне мемлекеттік ұйымдар және басқа да ұйымдар, сондай-ақ полиция капитаны арнаулы атағынан айыруды сұрады.
Жәбірленуші тарап материалдық шығын өтелгендіктен, жаза тағайындауды соттың қарауына қалдырды. ҚК-тің 188-бабының 1-бөлігі бойынша қылмыстық іс татуласуына байланысты тоқтатуды сұрады.
Қорғаушы тарап бас бостандығынан айырумен байланысты емес жаза тағайындауды сұрады.
🔷Сот неліктен және қандай жаза тағайындады:
ҚК-тің 188-бабының 1-бөлігіне сәйкес, келтірілген зиянның орнын толтырғаны және кінәлінің жәбірленуші тараппен татуласуына байланысты қылмыстық іс тоқтатылды.
ҚК-нің 361-бабының 2-1-бөлігінде көзделген қылмыс орташа ауырлықтағы қылмыс болып табылады, сотталушымен келтірілген залал өтелді, бұрын сотталмаған, некеде тұрмаған, асырауында 3 кәмелетке толмаған жас балалары бар, істеген қылмысына шын өкінді.
Баптың санкциясы бойынша төрт мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салу немесе сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, немесе бір мың сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тарту, немесе бас бостандығын шектеу, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, төрт жылға дейінгі мерзімге немесе мүлкі тәркіленіп, сол мерзімге бас бостандығынан айыруға түріндегі жазаны көздейді.
Ж. ҚК-тің 361-бабының 2-1-бөлігі бойынша қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, мемлекеттік қызметте, судьялық, жергілікті өзін-өзі басқару органдарында және оның ведомстволары, мемлекеттік ұйымдар және басқа да ұйымдар, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, Қылмыстық кодекстің 44-бабына сәйкес пробациялық бақылау орнату және міндеттер тағайындау арқылы 3 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды.
Соттың үкімі заңды күшіне енген жоқ.
Теміртау қалалық сотының баспасөз қызметі