КҮНДЕЛІК ХАТ 💌


Гео и язык канала: Казахстан, Казахский
Категория: Цитаты


Құрметті менің бауырым! Бұл канал сіз үшін өте пайдалы боларына сенімім мол.
Дін мен дәстүр, махаббат пен мейірім, шынайылық пен қарапайымдылық ұштасқан каналға тіркел де жүрегіңді демалдыр!🥰🙌🏼 өзіме ұнаған жазбаларды саламын…
Инста: bekzhan_bazarbek

Связанные каналы  |  Похожие каналы

Гео и язык канала
Казахстан, Казахский
Категория
Цитаты
Статистика
Фильтр публикаций




Видео недоступно для предпросмотра
Смотреть в Telegram
Алаш боксы ❤️


Видео недоступно для предпросмотра
Смотреть в Telegram
сыйлықтың ең жақсысы - электронды жайнамаз 😍😍😍
5 тілде намаз оқуды үйретеді
ер адамға, әйел адамға ⤵️
арнайы дұғалармен ⤵️
https://wa.me/message/4YFR5TTW2QOAO1


Видео недоступно для предпросмотра
Смотреть в Telegram
Мынаууу керемет қой 😍 алу үшін төмендегі сілтемеге өтіңіз ⤵️

https://wa.me/message/4YFR5TTW2QOAO1


бірге құлшылық жасап қадір түінін іздеу керек


Қадір түні ерекше қасиетті түн болғандықтан, оның кейбір белгілері болады. Хадистер мен ғалымдардың еңбектеріне сүйене отырып, Қадір түнінің негізгі белгілерін төмендегідей топтастыруға болады:

1. Түн тыныш және ерекше жайлы болады
• Қатты суық та, ыстық та болмайды.
• Дауыл, жаңбыр, найзағай сияқты табиғи құбылыстар байқалмайды.
• Жел болса да, ол жұмсақ және жайлы болады.

2. Ай ерекше көрінеді
• Хадисте “Ай жарты табақ секілді болады” делінген (Муслим).
• Бұл түні айдың нұры ерекше жұмсақ әрі әдемі болуы мүмкін.

3. Ерекше рухани тыныштық сезіледі
• Бұл түні жүрекке бейбітшілік, тыныштық, ерекше қуаныш сезімі орнайды.
• Адамдар өздерін ерекше жеңіл сезінуі мүмкін.

4. Аспан ерекше ашық болады
• Кейбір ғалымдар бұл түні жұлдыздар ағып түсетін көріністер сирек байқалады деп айтқан.
• Аспан ерекше ашық, тұнық болуы мүмкін.

5. Құстардың ерекше дыбысы
• Кейбір адамдар таңға жақын құстардың ерекше сайрағанын байқаған.
• Бұл ғылыми дәлелденбегенімен, Алланың ерекше рақымын сезіну болуы мүмкін.

6. Таңғы күннің жұмсақ болып шығуы
• Пайғамбарымыз (с.а.у) хадисінде:
“Қадір түнінен кейін күн сәулесіз, жұмсақ болып шығады” (Муслим).
• Яғни, күннің әдеттегідей өткір емес, қызармай, тұнық әрі жайлы болып шығуы Қадір түнінің өткенін білдіруі мүмкін.

Маңызды: Бұл белгілер Қадір түні өткеннен кейін байқалады. Бірақ ең дұрысы – Рамазанның соңғы 10 күнінде, әсіресе 27-түнінде, құлшылық жасап, Алладан Қадір түнінің сауабын сұрау.

Алла сіздің жасаған құлшылықтарыңызды қабыл етсін!


Балалық шағымыз керемет еді ғой! Телефон жоқ – қарым-қатынас бар. Алаңсыз ойын, бақытты күндер… Риясыз көңіл, шынайы достық. Арамдық атаулыдан бейхабар, екіжүзділіктен ада, таза пейілді ғажайып сәттер.

Ең өкініштісі – “Ертең осы балалықты аңсайсыңдар” деген үлкендердің сөзіне құлақ аспай, ерте есеюге асығыппыз. Сөйтсек, бізді сол кездегі үлкендер алдамапты. Есейген шақта ессіз балалық шағыңды сағынады екенсің…

Егер артқа қайтуға мүмкіндік болса, кім менімен барады? Қайтайықшы сол алаңсыз, ең бақытты өмірге… 😊

©️ Бекжан Базарбек


Жан дүниең жабыққанда,
Дем жетпей, тарыққанда,
Қол үзіп шабыттан да,
Бәрінен жалыққанда,
Өзім деп жүргендер де
Өгейлік танытқанда,
“Бітті!” – деп, бәрі осымен,
Тым қатты қорыққанда,
Бір ғана үміт өлмей,
Жетелер жарық таңға.

Іс алға баспай қалып,
Достарың қасқа айналып,
Сенгенің сені сатып,
Жүректер тасқа айналып,
Жаутаңдап айналаңа,
Жанарға жас қайғы алып,
Ай мен күн тіпті саған
Жатқанда шашпай жарық,
Бағыттап жаңа жолға,
Бір үміт бастайды анық.

Жүзіңнен нұр кеткенде,
Жолдастан сыр кеткенде,
Жаныңды мұңды еткенде,
Арыңды кірлеткенде,
Күллі жан сенен безіп,
Құр қалсаң құрметтен де,
Бір үміт қана арманның
Шоғын кеп үрлеткенде,
Қураған күзгі бағың
Айналар гүл көктемге.

Бекжан Базарбек
12.03.2025


Егер олар сенен бет бұрса: Маған Алла жетіп артылады деп айт!

Тәуба сүресі, 139-аят


Еш қайғырма! Алла сенімен бірге болған болса, бүкіл дүние сенен теріс айналса да, сен ешнәрсе жоғалтпаған боласың!


Адамға шын көңіліңді ұсынғанда, ол оны ластаған болса, айналаңды адам қоқыстарынан тазалауға асық.

✍🏽 Бекжан Базарбек

https://t.me/kundelik_oi






Оның басы менің иығымда, менің жүрегім тыныштықта!

https://t.me/kundelik_oi


Алла мені сенімен байытты 🤍🫂

https://t.me/kundelik_oi


Біреудің барын көре алмасаң, өзіңнің жоғыңды түгендеуге тура келеді. Алланың бергеніне шамдансаң алғанына амалсыз көнесің.

✍🏽 Бекжан Базарбек


Мақсатыңның күші таңертең ұйқыңнан тұрғызуға жетпесе, оған жету де екіталай!

✍🏽 Бекжан Базарбек


Адамға мұңын тыңдап, жанын түсінуден артық құрмет жоқ!

✍🏽 Бекжан Базарбек


“Дүние сенің сәби көзіңмен көргендегідей өмір бойы қайырымды: аспаны — күмбез, желі — жібек, әдемі ертек болып тұра берсе, кәне”.

📚 “Ұшқан ұя” повесінен


Жердегі жалғыз жылы мекенім 🤍🫂


Жұртқа ұнау үшін өмір сүріп бастағанда, өз-өзіңе ұнамай бастайсың!

https://t.me/kundelik_oi

Показано 20 последних публикаций.