Балалық шағымыз керемет еді ғой! Телефон жоқ – қарым-қатынас бар. Алаңсыз ойын, бақытты күндер… Риясыз көңіл, шынайы достық. Арамдық атаулыдан бейхабар, екіжүзділіктен ада, таза пейілді ғажайып сәттер.
Ең өкініштісі – “Ертең осы балалықты аңсайсыңдар” деген үлкендердің сөзіне құлақ аспай, ерте есеюге асығыппыз. Сөйтсек, бізді сол кездегі үлкендер алдамапты. Есейген шақта ессіз балалық шағыңды сағынады екенсің…
Егер артқа қайтуға мүмкіндік болса, кім менімен барады? Қайтайықшы сол алаңсыз, ең бақытты өмірге… 😊
©️ Бекжан Базарбек