Library ENU


Гео и язык канала: Казахстан, Русский
Категория: Книги


• Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университетінің ғылыми кітапханасы
• Научная библиотека Евразийского Национального Университета имени Л.Н.Гумилева
• L.N.Gumilyov Eurasian National University Scientific Library

Связанные каналы

Гео и язык канала
Казахстан, Русский
Категория
Книги
Статистика
Фильтр публикаций


Еуразия ұлттық университетінің ғылыми кітапханасына жиі келіп, сирек кездесетін әдебиеттерін ақтарып, терең ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізетін тұлғалардың бірі – көрнекті ғалым, филология ғылымдарының докторы, профессор Серік Негимов. Ол 1997 жылдан бері кітапханамыздың тұрақты оқырманы болып келеді. Тек оқырман ғана емес, сонымен қатар кітапхана ісіне жанашырлық танытып жүрген зиялы тұлға. Ол өзінің өмір бойы жинаған құнды кітаптарын ғылыми кітапханамызға сыйға тартқан жанашыр ғалым. Бұл – оның рухани ортаға, жастардың білімге деген құштарлығына көрсеткен шынайы қолдауы мен құрметінің айғағы. Ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуде, шәкірт тәрбиелеуде де кітапханамыздағы қорды тиімді пайдаланып жүрген Серік ағамыздың кітапханаға деген ықыласы әрдайым ерекше.

Күні кеше жеңістің 80 жылдығы қарсаңында «Егемен Қазақстан» газетінде Серік Негимовтің «Қаһармандық қағидасы» атты мақаласы жарық көрді. Бұл мақала халқымыздың ұлы перзенті, әскери қолбасшы, Халық қаһарманы Бауыржан Момышұлының өмір жолы мен ерлік өнегесіне арналған.

Серік Негимов Бауыржан Момышұлы мен оның әскери шәкірті, академик Мәлік Ғабдуллин арасындағы рухани әрі жауынгерлік байланысты кеңінен ашып, қос батырдың ұлт тарихындағы орнын терең зерделейді.

Бүгінде Мәлік Ғабдуллиннің майдан даласындағы жазбалары, күнделіктері мен қойын дәптерлері Серік Негимовтың қолында сақтаулы. Бұл жазбаларда Бауыржанның әскери тактикасы мен адамгершілік қағидалары жан-жақты көрініс тапқан.

Мақалада Бауыржан Момышұлының қолбасшылық дарыны, ерлік мектебі мен өмірлік ұстанымдары баяндалып, Мәліктің естеліктері арқылы көркем сипатталады. Мәлік Ғабдуллин өз кезегінде Бауыржанды «ақыл мен қайраттың, батырлық пен адамгершіліктің тұлғасы» деп бағалаған. Бұл сөздердің бүгінгі ұрпаққа жетуіне Серік Негимов сынды ұлт жанашырлары зор үлес қосып келеді.

Мәліктанушы Серік Негимов «Қазақтың оқжетпесі», «Ғибраты мол ғұмыр», «Нартұлға», «Мәлік Ғабдуллин» деректі-филологиялық зерттеу еңбектерінде Ғабдуллиннің әскери руханияттағы рөлін терең ашады.

Қаһармандық – ұлттың рухани тірегі. Бауыржан мен Мәліктің ерлік жолы – біртұтас шежіре. Бұл мақала сол шежірені жаңғыртып, жас ұрпаққа үлгі ететін құнды еңбек ретінде бағалануы тиіс.




📌Уважаемые преподаватели и обучающиеся!

❗Научная библиотека информирует о предоставлении тестового доступа с 09.04.2025 по 09.05.2025 к видео-журналу JoVE (Journal of Visualized Experiments) в ЕНУ им. Л.Н.Гумилева.

📍JoVE - уникальный ресурс, предоставляющий доступ к высококачественным видео-материалам, демонстрирующим разнообразные методы исследований и экспериментов. JoVE делает и публикует видео научных экспериментов из лучших лабораторий по всему миру. Позволяет ученым, преподавателям и студентам видеть сложные детали передовых экспериментов, а не только их читать в текстовых статьях,

📍JoVE Video Journal является первым в мире рецензируемым видео журналом, его контент индексируется в PubMed, Web of Science, Scopus, Medline.

🔗https://app.jove.com/ru

#libraryenu #enu #ғылымикітапхана


📚 КЕЗДЕСУГЕ ШАҚЫРАМЫЗ!
✍️ Қонақ: Тоқтарәлі Таңжарық – ақын, журналист, “Түркістан газеті” Бас редакторының орынбасары

🗓 Күні: 22 сәуір
🕓 Уақыты: 16:00
📍 Өтетін орны: ЕҰУ Ғылыми кітапханасы, №13 оқу залы (405 каб) УЛК

Қазақ әдебиеті мен журналистикасының дамуында өзіндік орны бар қаламгермен еркін форматта сұхбаттасуға, шығармашылық жолы мен өмірлік ұстанымы жайлы ой тыңдауға шақырамыз.

✨ Әдебиет, журналистика, поэзияға жаны құштар жастар үшін бұл – таптырмас мүмкіндік!

📖 Ашық диалог, сұрақ-жауап, шабыт пен тәжірибе алмасу алаңы болмақ.

@enugumilyov_official

#ғылымикітапхана #ену #кездесу


Видео недоступно для предпросмотра
Смотреть в Telegram
Математика саласы бойынша кітапхана қорына жаңадан түскен кітаптар топтамасын назарларыңызға ұсынамыз. Бұл еңбектер студенттер мен оқытушыларға, сондай-ақ ғылыммен айналысатын ізденушілерге пайдалы болады деп сенеміз.

#ғылымикітапхана #ену #жаңакітап


📚 Дүниежүзілік Кітап және Авторлық құқық күніне орай – ерекше апталық!

21–25 сәуір аралығында ЕҰУ Ғылыми кітапханасында өтетін «Кітап – білім бұлағы» апталығы аясында түрлі форматтағы әдеби-танымдық кездесулер, зияткерлік ойындар, ашық микрофон, шығармашылық кештер және марапаттау рәсімдері ұйымдастырылады.

🔸 Қаламгерлермен жүздесу
🔸 Кітапхана кеші мен интеллектуалды ойындар
🔸 Поэзия, музыка, әдеби квиздер
🔸 Кітап сыйлау акциясы
🔸 «Eurasian Book Fair-2025» халықаралық көрмесіне қатысу

📍 Өтетін орны: ЕҰУ Ғылыми кітапханасы (Пушкин көшесі, 11)
📅 Уақыты: 21–25 сәуір, 2025 жыл

✨ Кітапты сүйетін, әдебиет пен өнерге қызығатын барша жасты апталық аясындағы шараларға шақырамыз!

@enugumilyov_official
@erlan_sydykov_rector
@jambyl_tilep

#enu #library #ғылымикітапхана


📚Наурыз айында Ең көп оқылған кітап жобасы бойынша

1. Тауғынбаева Ғ.Е.Ықтималдықтар теориясы бойынша есептер жинағы : оқулық / Ғ.Е. Тауғынбаева, А.Ж. Жұбанышева; Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті. - Астана : Булатов А.Ж., 2023. - 213, [1] б.
2. Артықбаев Ж.О.Қазақ этнографиясы: этникалық тарих және дәстүрлі мәдениет : оқу құралы / Ж.О. Артықбаев. - Астана : Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ, 2018. - 215, [2] б.

✨Ең белсенді оқырмандар жобасы бойынша

1. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Филология факультетінің аға оқытушысы Кожаева Асель Турсыновна
2. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Филология факультетінің 3 курс студенті Бахытбекқызы Еркежан

⭐Құрметті оқырмандар, кітап оқыңыздар, осы жобаға қатысып, ақпан айының ең үздігі болыңыздар.🤗

#libraryenu #enu


ЕҰУ Ғылыми кітапханасында өткен практикалық конференция

2025 жылдың 3 сәуірінде Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің Ғылыми кітапханасында Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындары кітапханашылары мен оқытушыларына арналған “ЖОО-ның ғылыми және білім беру қызметін қамтамасыз етудегі НИЦ ИНФРА-М және ЭКЖ Знаниум мүмкіндіктері” атты практикалық конференция өтті.

Конференция барысында ЖОО кітапханаларының ақпараттық ресурстарын басқару, ғылыми және білім беру қызметін жетілдіру, сондай-ақ цифрлық платформаларды тиімді пайдалану мәселелері талқыланды. Іс-шараға қатысушылар электрондық кітапханалық жүйелердің заманауи мүмкіндіктерімен танысып, тәжірибелік дағдыларын жетілдіруге мүмкіндік алды.

Практикалық конференция жоғары деңгейде өтті. Қатысушылар ғылыми және білім беру саласындағы жаңа технологиялармен танысып, оларды өз жұмыстарында қолдануға қажетті мағлұматтар алды. Осындай шаралар жоғары оқу орындары кітапханаларының ғылыми және білім беру процесіндегі рөлін күшейтуге және цифрлық технологияларды кеңінен енгізуге ықпал етеді.

@enugumilyov_official
@erlan_sydykov_rector
@jambyl_tilep

#libraryenu #enu #ғылымикітапхана #конференция


Видео недоступно для предпросмотра
Смотреть в Telegram


Ғылыми кітапхана сөресіне жаңа туындылар қосылды! 📚

Кітапханамызға Жатқанбаева Күшайым Ниязбекқызының “Ой толғау” өлеңдер жинағы мен Ардақ Құдайбергеннің “Сегіз қырлы бір сырлы” атты кітабы сыйға тартылды.

📖 “Сегіз қырлы бір сырлы” – жан-жақты дамыған тұлға болуға бағытталған еңбек. Автор оқырманға өзін-өзі дамыту, креативті ойлау және жаңа мүмкіндіктерді игеру жолдары жайлы құнды ақпараттар ұсынады.

🖋️ “Ой толғау” – жүректен шыққан жырлар жинағы. Ақынның толғанысқа толы өлеңдері оқырманды терең ойға жетелейді.

📚 Жаңа кітаптармен танысып, рухани қоржыныңызды толықтыруға асығыңыз! 🌿✨


📌2025 жылғы 3-сәуірде Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-де практикалық конференция «ЖОО-ның ғылым және білім беру қызметін қамтамасыз етудегі НИЦ ИНФРА-М және ЭКЖ Знаниум мүмкіндіктері» өтеді.

🌐Онлайн қосылу сілтемесі: https://clck.ru/3JdhAr

📍Мекен-жайы: Пушкин көшесі, 11, 2-қабат, А.Сейдімбек залы

🤗Сізді Конференцияда көргенімізге қуаныштымыз!
______________________

📌3 апреля 2025 года в ЕНУ имени Л. Н. Гумилева состоится практическая конференция «Возможности НИЦ ИНФРА-М и ЭБС Znanium для обеспечения научной и образовательной деятельности организаций высшего образования».

🌐Ссылка для присоединения online: https://clck.ru/3JdhAr

📍Мероприятие пройдет по адресу ул. Пушкина, 11, 2 этаж, ауд. А.Сейдимбека

🤗Будем рады видеть Вас на Конференции!

@enugumilyov_official
@erlan_sydykov_rector
@jambyl_tilep

#enu #libraryenu #ғылымикітапхана


Видео недоступно для предпросмотра
Смотреть в Telegram
Ұлттық киім мен бұйымдардың мәнін білесіз бе?

Наурыз мерекесіне орай ғылыми кітапхана қызметкерлері ұлттық киімнің ою-өрнегі мен сәндік бұйымдардың мағынасына тоқталып, олардың ерекшеліктерін таныстырды.

✅ Алқа – күмістен жасалған сәндік бұйым, ол тек әшекей ғана емес, сонымен қатар тазалық пен қорғаныштың символы.
✅ Шашбау – әйелдер мен қыздарға арналған сәндік бұйым, ол тек шаштың сұлулығын арттырып қана қоймай, көз тиюден сақтану үшін де қолданылған.
✅ Бешпент – әйелдердің сырт киімі, нәзіктік пен сәнділіктің үйлесімі.
✅ Сатуар – заманауи сәндік бұйым, ұлттық нақыш пен жаңа заман үлгісін тоғыстырған ерекше аксессуар.

Ұлттық мұрамызды дәріптеп, киелі бұйымдардың мәнін бірге таныйық!

НАУРЫЗ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!

@enugumilyov_official
@erlan_sydykov_rector
@jambyl_tilep

#ұлттықмұра #наурыз2025 #киелібұйым #оюөрнек #ғылымикітапхана #ену


📌Ғылыми кітапханада әдебиет сүйер жас қауымның қатысуымен «Әдебиет білгірі» атты байқау өтті. Қазақ әдебиетінің алыптары мен арыстарын еске түсіріп, әдебиет жауһарларын ойға оралтуға арналған іс-шараға филология факультетінің бірінші курс студенттері қатысты. «Ұмай» және «Шамшырақ» топтарына бөлінген жастар төрт кезең бойынша сынға түсті. «Танымал тұлғалар» атты бөлімде ұлт зиялыларының өмірі мен шығармашылығын баяндап жарысса, «Адасқан кейіпкерді тап!» атты кезеңде әр шығарманың өз кейіпкерін орнына қойып, атап берді. «Шығарма атауы...» бөлімінде берілген үзінді бойынша қай шығармадан екендігін тауып, «Сөз мерген» сайысында еркін тақырыптардың біріне жыр шумақтарын жазып жарысты.
📍Байқау соңында әділқазы алқасының бағалауымен «Ұмай» тобы алдыға шығып І дәрежелі дипломмен, «Шамшырақ» тобы ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. Механика-математика факультетінің 1-курс студенттері Ж.Мағжан мен А.Нұрдаулет бірнеше ән орындап, жиналғандарға жақсы көңіл-күй сыйлады. Іс-шара ұйымдастырушылары жастарға алғыс білдіріп, естелікке суретке түсті.

#libraryenu #enu #inclusivecentreenu

@library.enu_inclusive.centre




📚Қаңтар, ақпан айларында Ең көп оқылған кітап жобасы бойынша

1. Салихов Т.Қ. Топырақтану : оқулық. 1-бөлім : Жалпы топырақтану / Т.Қ. Салихов. - Алматы : Эверо, 2016. - 145, [1] б.
2. Дүйсебай Е.К. Тұрғын үйлер сәулеттік тұрпаттануы : "Сәулет" мамандығына арналған оқулық / Е.К. Дүйсебай, Е.Е. Дүйсебай; Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті. - Алматы : Лантар books, 2023. - 214 б.
3. Жубакова С.С.Инклюзивное образование : учебно-методическое пособие / С.С. Жубакова, Б.С. Байменова. - Алматы : Эпиграф, 2017. - 97, [1] c.

✨Ең белсенді оқырмандар жобасы бойынша

1. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Көлік-энергетикалық факультетінің аға оқытушысы Әкімбек Гүлмира Әбілқайрқызы
2. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Журналистика және әлеуметтік ғылымдар факультетінің аға оқытушысы Абылханова Асель Киргизгалиевна
3. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Тарих факультетінің 1 курс докторанты Жумадилова Карлыга Адилкызы
4. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Журналистика және әлеуметтану ғылымдары факультетінің 3 курс студенті Әбзелбек Елшат Дулатұлы

⭐Құрметті оқырмандар, кітап оқыңыздар, осы жобаға қатысып, наурыз айының ең үздігі болыңыздар.🤗

#libraryenu #enu



Показано 16 последних публикаций.