📌Ғылыми кітапханада әдебиет сүйер жас қауымның қатысуымен «Әдебиет білгірі» атты байқау өтті. Қазақ әдебиетінің алыптары мен арыстарын еске түсіріп, әдебиет жауһарларын ойға оралтуға арналған іс-шараға филология факультетінің бірінші курс студенттері қатысты. «Ұмай» және «Шамшырақ» топтарына бөлінген жастар төрт кезең бойынша сынға түсті. «Танымал тұлғалар» атты бөлімде ұлт зиялыларының өмірі мен шығармашылығын баяндап жарысса, «Адасқан кейіпкерді тап!» атты кезеңде әр шығарманың өз кейіпкерін орнына қойып, атап берді. «Шығарма атауы...» бөлімінде берілген үзінді бойынша қай шығармадан екендігін тауып, «Сөз мерген» сайысында еркін тақырыптардың біріне жыр шумақтарын жазып жарысты.
📍Байқау соңында әділқазы алқасының бағалауымен «Ұмай» тобы алдыға шығып І дәрежелі дипломмен, «Шамшырақ» тобы ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. Механика-математика факультетінің 1-курс студенттері Ж.Мағжан мен А.Нұрдаулет бірнеше ән орындап, жиналғандарға жақсы көңіл-күй сыйлады. Іс-шара ұйымдастырушылары жастарға алғыс білдіріп, естелікке суретке түсті.
#libraryenu #enu #inclusivecentreenu
@library.enu_inclusive.centre