⏰ Үкімет уақыт белдеуінің қазақстандықтарға әсерін зерттеуге 100 млн теңгеден астам қаржы жұмсамақшы.
Бұл туралы Мәжіліс кулуарында Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек мәлім етті.
Министрдің мәліметінше, бүгінгі таңда 160 миллион теңгеге өтінім түскен, бірақ қаражат қысқаруы мүмкін.
Оның айтуынша, жуырда ғана Жоғары ғылыми-техникалық комиссияның отырысы өткен, енді жақында конкурс жарияланады. Осыдан кейін Ұлттық ғылыми кеңес зерттеудің нақты құнын анықтайды.
"Қоғамдық сұраныс болды, сондықтан біз жауап беруге мәжбүрміз. Денсаулық сақтау министрлігі толық қолдау білдірді, ал біз грант бөлетін ұйым ретінде бұл жобаны қолдадық" деді Саясат Нұрбек.
massaget.kz