Фильтр публикаций


Тағы бір мамандық иелерінің жалақысын 100 пайызға көтеру ұсынылды

Қазақстандық метеорологтар жалақылары төмен екеніне шағымданған. Мұндай мәлімдемені Мәжіліс депутаты Ажар Сағандықова жасады.

Олардың орташа жалақысы - 120 мың теңге. Бірақ ұзақ мерзімді ауа райын, қауіпті ауа райы құбылыстарын, су тасқыны мен басқа да табиғи апаттарды болжау олардың қажырлы еңбегіне тікелей байланысты.”-деді депутат.

Сондықтан депутат қазіргі жалақыны 100 пайызға өсіріп, метеоролог-техниктерге лайықты еңбекақы төлеуді ұсынды.

massaget.kz


ОоОО!😍

Алматының Орталық стадионы қайта жөндеуден өтеді.

Бұл туралы Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев айтты.

"Келесі жылы біз Орталық стадионды қайта жаңғырту жұмыстарын бастаймыз. Орнын 32 мыңға дейін кеңейту жоспарланып отыр. Стадион барлық стандарттарға сай, жабық нысан болады." – деді Ерболат Досаев.

massaget.kz


Ұлытау облысында шахтерлер тағы да ереуілге шықты

17 желтоқсан күні "Жезқазғантүстімет" өндірістік бірлестігіне қарасты оңтүстік Жезқазған кенішінің және Жыланды кенішінің қызметкерлері наразылыққа шықты. Үшінші ауысым жұмысшылары жер астына түсуден бас тартты және жалақыны көтеру мен еңбек жағдайларын жақсартуды талап етті.

Компанияның бас директоры мен кәсіподақ өкілдері жұмысшылармен кездесіп, жалақы мәселесін талқылады. Олар "Жезқазғантүстімет" өндірістік бірлестігіндегі ең төменгі жалақы 363 мың теңге (тазалаушылар үшін), ал орташа жалақы 650 мың теңге екенін айтты.

2025 жылдың қаңтарынан бастап жалақы 2024 жылғы инфляция деңгейіне сәйкес индекстелетін болады.

massaget.kz


Видео недоступно для предпросмотра
Смотреть в Telegram
Бүгін Қазақстанға ресми сапармен Гвинея-Бисау Президенті Умару Сисоку Эмбало келді.

massaget.kz


Сот Қазақстандағы уақыт белдеуіне қатысты шешім шығарды

Астана қаласының азаматтық істер жөніндегі ауданаралық соты азамат А.-ның Қазақстан Республикасының Үкіметіне "Қазақстан Республикасының аумағында уақытты есептеу тәртібі туралы" 2000 жылғы 23 қарашадағы №1749 және оған өзгерістер енгізу туралы 2024 жылғы 19 қаңтардағы №20 қаулыны заңсыз деп тану және күшін жою туралы талап қоюы бойынша істі қарады.

Сот шешімімен талап қоюды қанағаттандырудан бас тартылды.

massaget.kz


Репост из: MSPORTS.KZ
Видео недоступно для предпросмотра
Смотреть в Telegram
⚡️ Жылдың ең үздік голы

2024 жылғы "Пушкаш" жүлдесі Алехандро Гарначоға бұйырды


Келесі жылы Түркістан қаласына ерекше мәртебе беріледі

Парламент мәжілісі Түркістан қаласына ерекше мәртебе беру туралы заң жобасын әзірлеуді аяқтап, бірінші оқылымға ұсынуға дайын.

Бұл құжат Түркістанды Қазақстанның рухани-мәдени, тарихи және туристік орталығы ретінде дамытуға бағытталған.

Заң жобасы төрт тараудан және 15 баптан тұрады.

massaget.kz


Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайын анықтау үшін барлық қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.

Жедел іздестіру шараларының нәтижесінде 33 жастағы ер адам анықталып, полицияға жеткізілді.

massaget.kz


Қаскелеңде 18 жастағы қызды зорлап, кейін ұрып-соққан

18 жастағы жәбірленушінің туыстары #НеМолчиKZ қорына жүгінді.

Желіде қыздың жұмыстан уақытында келмегенін, содан кейін оны полицияға хабарласып іздей бастағанын айтты.

Бұл кезде оның сіңлісі үйде қалған. Үйдің алдында шыққан дыбысты естіп, сол жерде жатқан әпкесін көрген. Құқық қорғаушының айтуынша, жәбірленушінің кір болған және әбден соққыға жығылған, шашына шәует жағылған. Қор қылмысты бірнеше адам жасаған болуы мүмкін деп болжап отыр.

massaget.kz


“Майқайыңда“ 32 жастағы механик қаза тапты: қылмыстық іс қозғалды

Қайғылы оқиға "Майқайыңалтын" АҚ-ның 140 метр тереңдігінде болған. Жүк тиеу және жеткізу көлігінің жүргізушісі артқа қарай келе жатып, 32 жастағы механикті басып өтті. Көлік астында қалған жәбірленуші сол жерде көз жұмды.

Тәртіп сақшылары да оқиғаның себебі мен егжей-тегжейін анықтау үшін тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.

massaget.kz


Ер адам туысының пәтерін екі рет тонаған

Алматы қаласының 35 жастағы тұрғыны Талдықорғандағы танысының үйін тонап, тәртіп сақшыларының қолына түсті.

Оқиға жазда жәбірленуші Алматыға туыстарына қонаққа кеткен кезде болған. Күдікті пәтер иесі сыртқа шыққан сәтті пайдаланып, кілттің көшірмесін жасатқан.

Ұрланған алтын бұйымдарды ломбардқа өткізіп, жәбірленушіге 810 мың теңге көлемінде шығын келтірген.

Алайда материалдық қиындықтарын толық шеше алмаған күдікті тағы да танысының пәтеріне оралған.

massaget.kz


Қаржы пирамидасын басқарғаны үшін бес жылға сотталған танымал вайнерлер Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязов соттан өздеріне бостандық беруді сұрады.

"Істі қайта қарау жақын уақытта өтеді", - деп мәлім етті сотта. 

massaget.kz


Алматы облысында 127 мыңнан аса адам тұмау жұқтырған

Жоғарғы тыныс алу жолдарының респираторлық вирусты инфекциясы бар науқастардың 65 пайызы - 14 жасқа дейінгі бала.

Былтырғы осы кезеңмен салыстырғанда бұл сырқатқа шалдығу көрсеткішінің 23,9 пайызға төмендегені байқалады.

Тұмау облыс орталығы Қонаев қаласында да өршіп тұр. Қалалық ауруханаға күніне жүзден аса адам қаралады.

massaget.kz


Видео недоступно для предпросмотра
Смотреть в Telegram
Оқиға Талғарда болған.

Назар аударыңыз! Видеода бейәдеп сөздер бар.

Оқиға Талғарда Қонаев пен Абай көшелерінің қиылысында түнгі сағат 03:55-те түсірілген. Видеодан ер адам екіншісінен қашып бара жатқанын көруге болады. Оларды ажыратуға тырысқан әйел де жүгіріп жүргені байқалады.

massaget.kz


Қазақстанда әйелдерге пайдалы дағдыларды үйрететін, өз ісін ашуға және жаңа дағдыларын негізгі табыс көзіне айналдыруға көмектесетін қандай жобалар бар?

Massaget.kz тілшісі еліміздегі әйелдерге арналған әлеуметтік жобаларды ұсынады.

massaget.kz


АҚШ Солтүстік Корея мен Ресейге тағы да санкция салды

"Ким Чен Ын режимінің арандату әрекеттері, соның ішінде құрлықаралық баллистикалық зымыранның соңғы сынағы және Ресейге әскери қолдау күшеюі аймақтағы тұрақтылыққа нұқсан келтіреді", - деді елдің қаржы министрінің терроризм және қаржылық барлау жөніндегі орынбасарының міндетін атқарушы Брэдли Т.Смит.

massaget.kz


Қазақстанда Тәуелсіздік есімді қанша адам бар?

Ұлттық статистика бюросының мәліметтеріне сүйенсек, Қазақстанда Тәуелсіздік есімді 1 ғана адам бар.

Ол Жетісу облысының тұрғыны, ер адам, 13 жаста.

massaget.kz


Тоқаев қазақстандықтарды Тәуелсіздік күнімен құттықтады

"Құрметті отандастар! Сіздерді Тәуелсіздік күнімен құттықтаймын!
Бұл – халқымыздың азаттық туралы арманы ақиқатқа айналып, елдік дәстүрлеріміз жаңғырған күн. Осы мерейлі мерекеде бәріміз бабалар аманатына әрдайым адал болудың және ұлт болашағына зор жауапкершілікпен қараудың мән-маңызын терең түсінеміз. Себебі тәу етер Тәуелсіздігіміз – баршаға ортақ құндылық әрі барлық игілігіміздің бастауында тұрған баға жетпес байлық. Тәуелсіздігімізден биік еш нәрсе жоқ. Оны көздің қарашығындай қорғау – әр азаматтың перзенттік парызы.
Бүгінде Қазақстан халықаралық деңгейдегі абырой-беделі жоғары, стратегиялық бағдары айқын мемлекет ретінде болашаққа нық сеніммен қадам басып келеді. Халқымыз бұған еселі еңбек пен ырысты ынтымақтың арқасында қол жеткізді. Біз осы берекелі бірлігімізді, қоғамдағы тыныштық пен тұрақтылықты сақтай отырып, қиындықтың бәрінен сүрінбей өтеміз. Тәуелсіз еліміз өркениетті, озық мемлекет ретінде дами береді. Баршаңызға зор денсаулық, мол табыс тілеймін! Қастерлі Отанымыз өсіп-өркендей берсін!", - делінген құттықтауда.

massaget.kz

3k 0 0 15 44

Кибершабуылдарды талдау және зерттеу орталығы (TSARKA) Қазақстанда боттар белсенділігінің қалыптан тыс өсуін тіркеді.

TSARKA агенттігінің мәліметінше, аптаның басынан бері боттар Талғарда болған қайғылы оқиға мен митингтер туралы жалған ақпараттарды белсенді таратып жатыр. Олар ескі бейнероликтерді Қаңтар оқиғаларынан алып, оларды жаңа материал ретінде ұсынып жатыр. Мұндай жалған ақпараттар көбінесе TikTok пен Instagram желілерінде кездесіп отырғаны мәлім болды.

"Біреулер осы маңызды оқиғаға қызығушылықтың артуын өз пайдасына қолданып жатыр", - деп атап өтті орталық.

massaget.kz


Екібастұздық зейнеткер ауруханада 13 миллион теңгесінен қағылды

Павлодар облыстық полиция депаратаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, зейнеткер 28 қараша мен 2 желтоқсан аралығында аурухананың инсульт бөлімінде емделген. Онымен бірге палатада бірнеше науқас болды, олардың барлығын тергеуші жауап алған.

Нәтижесінде жас әйел анықталды, ол зейнеткердің "Каспи" мобильді қосымшасындағы шотына кіріп, ақшаны жымқырған. Әйел ұрлығы ашылып, оны тауып алады деп ойламағанын мойындады.

massaget.kz

Показано 20 последних публикаций.