Кибершабуылдарды талдау және зерттеу орталығы (TSARKA) Қазақстанда боттар белсенділігінің қалыптан тыс өсуін тіркеді.
TSARKA агенттігінің мәліметінше, аптаның басынан бері боттар Талғарда болған қайғылы оқиға мен митингтер туралы жалған ақпараттарды белсенді таратып жатыр. Олар ескі бейнероликтерді Қаңтар оқиғаларынан алып, оларды жаңа материал ретінде ұсынып жатыр. Мұндай жалған ақпараттар көбінесе TikTok пен Instagram желілерінде кездесіп отырғаны мәлім болды.
"Біреулер осы маңызды оқиғаға қызығушылықтың артуын өз пайдасына қолданып жатыр", - деп атап өтті орталық.
massaget.kz