Ұлытау облысында шахтерлер тағы да ереуілге шықты
17 желтоқсан күні "Жезқазғантүстімет" өндірістік бірлестігіне қарасты оңтүстік Жезқазған кенішінің және Жыланды кенішінің қызметкерлері наразылыққа шықты. Үшінші ауысым жұмысшылары жер астына түсуден бас тартты және жалақыны көтеру мен еңбек жағдайларын жақсартуды талап етті.
Компанияның бас директоры мен кәсіподақ өкілдері жұмысшылармен кездесіп, жалақы мәселесін талқылады. Олар "Жезқазғантүстімет" өндірістік бірлестігіндегі ең төменгі жалақы 363 мың теңге (тазалаушылар үшін), ал орташа жалақы 650 мың теңге екенін айтты.
2025 жылдың қаңтарынан бастап жалақы 2024 жылғы инфляция деңгейіне сәйкес индекстелетін болады.
massaget.kz