Сүннет дегеніміз – Пайғамбарымыздың өмірі, жүріп өткен жолы, күнделікті істері мен әдептері. Сол үшін кез келген мұсылман ардақты Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) сүннетіне махаббат қойып, ынта-ықыласпен орындайтын болған.
Халқымыздың шайыры Балмағамбет Балқыбайұлы:
Баламнан кем болмайды барлық үмбет,
Үмбетім тәрк етпесе қастан сүннет.
Сүннетті орындаушы үмбетіме,
Махшарда шапағат істеу – маған міндет, – деп сүннетке ден қойған мұсылманға ақыретте Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) шапағаты болатындығын айтып өткен.
Сол секілді қазақтың әулиесі Мәшһүр Жүсіп «Үмбетім, жұмыла сындан бола алмайды, тәрк қылып сүннетімді, дүние жиған!» – деп жырлаған екен. Яғни, мұсылманның баласы әрбір ісінде, жүріс-тұрысында оған ұқсауға, сүйіктісі ұнатқан нәрсені ойланбастан қабылдауға құмбыл тұрады.
Кісі сүйіктісінің есімін әрдайым жад етеді. Пайғамбарға шын махаббат қоюдың белгісі – шын жүрекпен айтылған салауат. Мұхаммед ибн Әбдурахманнан жеткен хадисте Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Дүниеден өткен соң маған салауат айтқан мүминнің сәлемін Жәбірейіл жеткізіп: «Уа, Мұхаммед! Пәленшенің ұлы Түгенше саған сәлем жолдады», – дейді. Оның сәлеміне: «Уағалейкум әссәләм уа рахматуллаһи уа бәракатуһу», – деп жауап беремін», – деген.
Жүсіпбек қожа өз жырында Пайғамбарымызға салауат арнап былай дейді:
Уәссалату уәссалам Пайғамбарға,
Шапағат қыл сүннетің қылған жанға.
Ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Маған көл-көсір салауат айтқан мүмин қияметте менімен бірге болады», – дейді.