Ардақты Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) көркем мінезі мен тұлғасының кемелдігін сөзбен көркемдеп жеткізу мүмкін емес. Оның адам жүрегін жаулап алар жоғары адамгершілік қасиетінің шыңы сондай, маңайындағы адамдар Алла елшісін қорғауда шыбын жанын қиып, шынайы достықтың керемет үлгісін көрсетті. Жер бетінде Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) секілді мұндай құрметке ие болған жан баласы жоқ.
Хақ елшімен қарым-қатынаста болған адамдар оны жақсы көріп, Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) табанына кірген тікен өздерінің маңдайына қадалуын қалайтын. Мұндай сипатқа ешбір адам ие болған емес. Өйткені оның жүректерге жеткізе сөйлейтін сөзі мен ізгілікке бастайтын ісі кез келген пенденің жан-дүниесін тебірентпей қоймайтын.
Ол шешендігімен ерекшеленіп, өзгелерге қарағанда артық қасиетке, қабілетке ие болды. Анық сөйлеп, дөп айтып, шындықты ғана жеткізіп, шешен сөздерімен жүректерге әсер ететін. Біз көп жағдайда шешендік өнерді ағын судай толассыз сөз тізгінін ағытатын адамның ділмәрлығымен өлшеп жатамыз. Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) адамдармен тіл табысқанда қиын тіркес іздеп қиналмайтын. Көбіне ұғынуға жеңіл, қабылдауға оңай сөздерді қолданатын. Ол аз сөзбен көп мағынаны қамту қабілеті дарыған теңдессіз жан еді.
Алла елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) өмір мен құлшылықтың мәнін ұқтыратын, адамдармен қарым-қатынасты реттейтін, күмәнді нәрседен аулақ болуды үйрететін төрт хадисті айтып кеткен. Хадис саласының мәшһүр ғалымы Әбу Дәуіт (оған Алла разы болсын) былай дейді: «Барлық хадистер ішінен ақылды адам үшін мына төрт хадис жеткілікті: «Барлық амал ниетке байланысты бағаланады»; «Адамның өзіне қатысы жоқ пайдасыз істерді тәрк етуі – оның көркем мұсылманшылығының белгісі»; «Кімде-кім өзіне қалағанды мұсылман бауырына да қаламайынша, толық иман еткен болмайды»; «Халал – айқын, харам – айқын. Бірақ бұлардың арасында сақтануы керек көп адам біле бермейтін күмәнді мәселелер бар».
Ислам ғұламалары осы төрт хадиске қатысты мынадай пікір білдірген екен: «Құлшылық-ғибадатты дұрыс орындау үшін бірінші хадис жеткілікті. Баға жетпес өмірді бос істерге зая етуден сақтану үшін екінші хадис жеткілікті. Туған-туыс, дос-жаран, көрші-қолаң, айналадағы адамдардың ақысын арқаламау үшін үшінші хадис жеткілікті. Күдік пен күмәннан құтылуға төртінші хадис жеткілікті».
Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) Алладан көркем мінез-құлық сұрап: «Уа, Алла! Мені ең жақсы амалдарға және ең жақсы мінез-құлыққа баста. Олардың жақсыларына Сен ғана бастайсың. Сондай-ақ мені жаман амалдар мен жаман мінез-құлықтан сақта! Олардың жамандарынан Сен ғана сақтайсың, Уа, Алла! Жаратылысымды көркем еткеніңдей мінез-құлқымды да көркем ет!» – деп жиі дұға ететін. Ол Құранда құпталған істерге разы болып, теріске шығарылған істер үшін қамығатын. Осылайша Алла Тағаланың бұйрықтарына бағыну оның мінез-құлқына, табиғи болмысына айналды.
Оның бойындағы ұстамдылық пен төзімділік, сабырлық пен даналық сынды қасиеттер Алла Тағала сіңірген көркем сипаттар еді. Адамдардың дөрекі сөздері мен істері Алла елшісінің (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) сабырлығын, шектен шыққан әрекеттері ұстамдылығын арттыра түсетін. Ол сахабаларын әрдайым сабырлыққа шақырып: «Адамдармен араласып, олардың қылықтарына төзген мүмин адамдармен араласып, олардың қылықтарына төзбеген мүминнен жақсы», – деген өсиетін жиі айтатын.
Бірде Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) адамдарға үлес беріп жатқанда бір мәдиналық кісі «Мына үлеспен Алланың дидары көзделген жоқ» деген сөзді таратады. Яғни ол үлес әділ бөлінбегенін айтып, наразылығын білдіреді. Абдулла ибн Масғуд (оған Алла разы болсын) бұл сөзді Алла елшісіне жеткізеді. Сол кезде оның реңі бұзылып: «Алла Мұсаға рақым етсін! Оны бұдан да көп ренжіткен кезде сабыр еткен», – дейді.
Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) жомарттығына жан баласы жете алмайтын. Дүниелік нәрселерді сұрап келген адамдарға кедейліктен еш қорықпай, сұрағанын ойланбастан бере салатын.