Сый-сияпатын беріп, бетін қайтармайтын. Өткені оның жаны да, қолы да жомарт еді. Әнас ибн Мәликтен (оған Алла разы болсын) риуаят етілген хадисте бір кісі Пайғамбарымыздан (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) екі таудың арасындағы қойды (яғни екі таудың арасын толтыратындай көп қойды) сұрағанда Алла елшісі әлгі кісінің сұраған малын береді. Кейін ол тайпасына келіп: «Уа, тайпаластарым! Исламды қабылдаңдар! Алламен ант етейін, ақиқатында Мұхаммед кедейліктен қорықпастан сұраған нәрсені бере салады екен», – дейді. Әнас ибн Мәлик (оған Алла разы болсын) осы хадисті айтқан соң былай деген: «Егер бір адам Исламды дүниені ғана қалап қабылдаса, дінге кірген кезінде Ислам ол үшін дүние мен ондағылардан сүйіктірек болып кететін».
Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) өте батыл кісі болды. Ол Алладан басқа ешкімнен қорықпайтын. Қандай жағдайға тап болса да, оны ержүрек қасиетімен қаймықпай қарсы алатын. Асылында жорықта алғы шепте жүріп, жауға бірінші болып тойтарыс беру – көшбасшыға тән қасиеттің бірі. Алла елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) соғысқа тікелей араласқан. Ешқашан шайқастан тайқып қашқан емес. Бұған әйгілі сахаба Әлидің (оған Алла разы болсын) мына сөзі дәлел: «Біз соғыс қызған кезде Алла елшісіне арқа сүйейтінбіз, ал ол ең алғашқы шепте жүретін». Ал Бара есімді сахаба: «Алла атымен ант етейін, соғыс қызған шақта біз оны пана тұтатынбыз, арамыздағы қас батырдың өзі оған жақын жерде жүретін», – деген.
Хунайн шайқасында мұсылмандар әскері түгелдей соғыс майданынан артқа шегінген сәтте де ержүрек Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) майдан алаңын бір сәтке де тастап кеткен жоқ. Осы кезде Алла елшісінің жанында бар-жоғы алты адам қалған еді. Осындай сын сағаттарда Алла Тағала тарапынан мынадай аят түседі: «(Мұхаммед!) Алланың жолында соғыс. Саған өзіңнен басқа үшін жүк артылмайды. Әрі мүминдерді ынталандыр. Алла кәпірлердің соққысын, әлбетте қайтарады. Алла соққы берген кезде өте күшті әрі жазалағанда да өте күшті» («Ниса» сүресі, 84-аят). Бұл уахи Алла елшісіне (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) ерекше күш берді. Бір кісі сахаба Барадан (оған Алла разы болсын): «Сендер Хунайн шайқасында қаштыңдар ма?» – деп сұрайды. Сонда әлгі сахаба: «Мен куәмін, Пайғамбар қашқан жоқ», – деп жауап береді.
Алла елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) Жаратушы Иеміздің қасиетті Құрандағы: «Алла әділдікке, жақсылыққа бұйырады» («Нахл» сүресі, 90-аят); «(Оларға): «Мен сендердің араларыңа әділдік етуге бұйырылдым» деп айт» («Шура» сүресі, 15-аят) деген әмірлеріне бойсұнған күйде адамдардың ішінде ең әділ жан болды. Оған мына оқиға дәлел. Бірде бәну махзум руынан шыққан бір әйел ұрлық істеп ұсталады. Шариғат бойынша ұрлық жасаған адамның қолы кесілу керек. Осы кезде құрайыш руының өкілдері әлгі әйелге қатты жаны ашиды. Ақылдаса келе араша түсер адам іздей бастайды. Пайғамбарға айтуға басқаның батылы жете қоймас деген шешіммен оның жақсы көретін адамы Усама ибн Зәйдке (оған Алла разы болсын) өтініш жасайды. Сөйтіп оны Алла елшісінің алдына жібереді.
Әйелге араша сұрап келген Усамаға (оған Алла разы болсын) Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) былай дейді: «Алланың үкімдерінің біріне ара түскің келе ме?». Осыдан кейін Алла елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) халық алдына шығып: «Сендерден бұрынғыларды құртқан жағдай: олар егер беделді адам ұрлық істесе, оны жайына қалдырып, әлсіз адам ұрлық істесе, оған үкім қолданатын. Алла атымен ант етемін! Мұхаммедтің қызы Фатима ұрлық істесе де, қолын кесер едім», – деген.
Ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) өте ұялшақ, ар мен ұятты бәрінен жоғары қойған жан еді. Ол ешкімнің жүзіне тіке қарамайтын. Жанарын төмен түсіріп, көзі мен өзін қиянаттан сақтайтын. Әбу Сағид әл-Худри (оған Алла разы болсын): «Пайғамбар шымылдық ішіндегі қыздан да қатты ұялшақ еді. Егер бір нәрсені жақтырмаса, оның жүзінен білінетін», – деген. Біз кейде білместікпен, әр нәрсенің байыбына бармастан жан-жағымыздағы адамдарға өздері ұнатпайтын нәрселерді айта саламыз.