Рамазан айы - бұл Алланың сыйлығы. Сізге біреу сыйлық берсе, оны бағалап, күтіп ұстайсыз, иә? Рамазан да дәл солай. Ол Раббымызды бізге берген сыйы. 1 айы бойы Алла үшін ораза ұстаймыз, құлшылықта боламыз. Кейін 11 ай бойы оның жемісін көреміз. Бұл айда жасалған барлық амалдар екі еселенеді. Бұл айды құр әңгіме, ұрыс-ренішпен, ұйқымен өткізіп алмау керекпіз. Өзімізді толыққанды Раббымызға арнауымыз керек. Осы айда құлшылықтарды көбірек жасап әрі Алла разы болатын амалдарды тұрақты түрде жасауымыз нәсіп етсін. Және де осы құлшылық, амалдарға Алла күш қуат берсін🤍