1.Егер Алла адамның жүрегін исламға, иманға ашпаса онда сенің жасаған бүкіл амалдарың бекер.
2.Діни фанатизм - адастыратын жол. Ең дұрысы Аллаға деген кәміл сенім. Жүректегі иман.
Кішкентай болсын жүректе иман , сенім болмаса онда сенің орамалыңнан, намазыңнан пайда жоқ.
3.Құлшылық,рия. Парыз амалдар, құлшылықтар әр адамның жеке істері. Және ол арқылы біреуді сөгуге, кемсітуге құқығымыз жоқ. Әркім өз амал дәптерін жазады. Адамның ниетіне қарай амалы рия болады немесе қабыл болады.
4.Тафаккур- терең ойлану. Адам тереңінен ойлана алмаса өте қиын. Сен қанша түсіндір, айт сенің деңгейіңдегі сөзді түсінбесе, ойлана алмаса бәрі бекер. Адамның сөзін түсініп ойлана алмаған адам, Алланың жаратқандарына көз жүгіртіп ойлану екі талай.
5.Намаз, орамал, құран - мұсылман болу. Жоқ намаз оқитын, орамал тағатын, құран оқитын адамның бәрі иманды , тақуа емес. Бірінде жәй іс-әрекет, бірінде жәй киім, бірінде тек әдет.
6.Адам үлкен істерге, жауапкершіліктерге бармас бұрын ислами базалық білім алса деп ойлаймын. Намаз оқып, орамал тағып әр балені істеп адасып жүргендер қаншама. Соңында сөз дінге келіп тіреледі, на самом деле мәселе адамда, адами құндылықтарда.
7.Адам адамгершілікті түсінбесе , исламның басты мәнін түсінбесе оның жасаған іс-әрекеттері өзіне зиян болады. Өзін құрдымға апарады.
8.Ризық, ақша. Ризық тек ақшамен өлшенбейді. Ризық сенің күнделікті өмірің. Ал ақша - өмір сүруге инструмент. Өліп-талудың қажеті жоқ, сенің қай жаста қанша ақша табатының жазылған тек қай жолмен табатының өзіңе байланысты. (Адал/арам) Менде жоқ, ештеңе таппадым деу күпірлік. Тек іс-әрекет жаса берекетін аласың.
9.Ештеңе істемеу, ештеңеге зауқың болмауы қалыпты. Өміріңде жаңа ойлар, жаңа өзгерістер, қалауларың өзгеруіде қалыпты. Оған өзіңді жазғырудың, кінәлі сезінудің қажеті жоқ. Тек уақытша үзілістен соң әрі қарай әрекет ету қажет. Ал әрекетсіз жату, бәрін игнорить ету вот сол өмірің қауіпті.
10.Адам жақсылықтарды түсінбейді. Бір жамандығыңды көріп ақ сенен теріс айналады. Сол үшінде көңіл қалауыңды жасау, жақсылық жасағың келгенде жаса, ұнамаса жасама. Бәріне жақсы болам, жақсы адам рөлінде боламын деп жертва рөліне кіріп кетесің.
11.Ең соңғысы мен қаншама білім алдым, курстар оқыдым, психологияны зерттедім, неше түрлі практикаларды жасадым, түсінгенім нағыз өмір ол - таза ниет, адал жүрек, кәміл сенім және еркіндік. Әрине Алламен байланған өмір.