Бұл дүниеде бәрі орындала берсе, бәрі өздігінен келе берсе, онда адамға өмір сүру қызықсыз болып кетеді. Адам мақсат қою керек, оған жетудің жолдарын қарастыру керек, білім жетіспесе білім алу керек, тәжірибе жетіспесе, оны жинақтау қажет. Осылайша қадам жасау арқылы көздегеніне қол жеткізеді, өзін жеңімпаз сезінеді, шүкіршілігі артады, осы процесстің бәрінен ләззат алады, көздері жанады. Аллаһ адамды осылай жаратқан!