Қазақстанға 2,5 млн халқы бар Гвинея-Бисау елінің президенті Умару Сисоку Эмбало келді. Оның келуінің бір себебі Қазақстан мен Гвинея-Бисаудың арасындағы дипломатиялық қатынасқа 10 жыл толып отыр. Аталған ел Африкадағы портты мемлекеттің бірі саналады. Яғни сауда-саттықты негізінен кемемен жасайды және өзге елдердің кемелерін қабылдап, порттан қаржы табады. Әсіресе Еуропа компанияларының кемелері көп тұрақтайды екен. Қазақстан бұл елмен негізінен ауыл шаруашылығы саласында байланыс орнатады дейді сарапшылар. Оның ішінде астық, дәнді-дақылдар мен тыңайтқыштар Гвинея-Бисау еліне ауадай қажет көрінеді.