MFA Qazaqstan 🇰🇿


Гео и язык канала: Казахстан, Русский
Категория: Политика


Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің ресми жаңалықтар каналы
Официальный новостной канал Министерства иностранных дел Казахстана
Official news channel of the Ministry of Foreign Affairs of Kazakhstan
+7 (7172) 72 06 33, 72 01 33, press@mfa.kz

Связанные каналы  |  Похожие каналы

Гео и язык канала
Казахстан, Русский
Категория
Политика
Статистика
Фильтр публикаций


Видео недоступно для предпросмотра
Смотреть в Telegram
🔹 Қазақстан Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Қырғызстан Сыртқы істер министрі Жээнбек Кулубаевпен келіссөздер өткізді. Тараптар екіжақты ынтымақтастықты дамыту, сондай-ақ қазақ-қырғыз достығы мен одақтастығын нығайту мәселелерін талқылады.

🔸 Заместитель Премьер-Министра – Министр иностранных дел Казахстана Мурат Нуртлеу провёл переговоры с Министром иностранных дел Кыргызстана Жээнбеком Кулубаевым. Стороны обсудили вопросы развития двустороннего сотрудничества, а также укрепления казахско-кыргызской дружбы и союзничества.

@PressMFAKZ




🌐 Кездесу барысында министрлер өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелерін талқылады. Тараптар БҰҰ, ШЫҰ, ТМҰ, ТМД, ҰҚШҰ, АӨСШК сияқты көпжақты құрылымдар аясында тығыз ынтымақтастықты жалғастыруға, сондай-ақ екі мемлекеттің халықаралық бастамаларын ілгерілету барысында өзара қолдау көрсетуге бейілділіктерін растады.

СІМ басшылары Орталық Азиядағы өңірлік ынтымақтастықты дамыту, бейбітшілік пен тұрақтылықты нығайту жолындағы бірлескен күш-жігер, сондай-ақ Орталық Азия мемлекеттері басшыларының консультативтік кездесулері мен Халықаралық Аралды құтқару қоры аясындағы ынтымақтастық мәселелеріне жан-жақты тоқталды. Осы тұрғыда тараптар сыртқы істер министрліктері арасындағы өзара іс-қимылды одан әрі нығайтуға дайын екендігін білдірді, оның ішінде Сыртқы істер министрлері кеңесі және екі елдің сыртқы саяси ведомстволары арасындағы 2024-2026 жылдарға арналған Ынтымақтастық бағдарламасы аясында өзара әрекеттесуді жалғастыруға уағдаласты.

Қырғыз Республикасының Сыртқы істер министрі Ж.Кулубаев ресми сапар аясында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қабылдауында болды.

🌐 В ходе встречи министры «сверили часы» по актуальным вопросам региональной и международной повестки дня. Подтвердили приверженность тесному взаимодействию в рамках таких многосторонних структур, как ООН, ШОС, ОТГ, СНГ, ОДКБ, СВМДА, а также оказанию взаимной поддержки при продвижении международных инициатив двух государств.

Главы МИД подробно остановились на развитии региональной кооперации, совместных усилиях по укреплению мира и стабильности в Центральной Азии, взаимодействии в рамках Консультативных встреч глав государств Центральной Азии и Международного фонда спасения Арала. В этом ключе выразили готовность далее укреплять межмидовское взаимодействие, в том числе в рамках Совета министров иностранных дел и принятой в прошлом году Программы сотрудничества между внешнеполитическими ведомствами двух стран на 2024-2026 годы.

В ходе официального визита Министр иностранных дел КР Ж.Кулубаев также был принят Президентом РК Касым-Жомартом Токаевым.

@PressMFAKZ




✔️ Бөлек тармақ ретінде екі мемлекет арасындағы берік және ұзақ мерзімді қатынастардың негізі болып табылатын мәдени-гуманитарлық байланыстарды тереңдету мәселелері қаралды.

Өткен жылы Қазақстанда Қырғызстанның Мәдениет күндері және бірқатар ірі шаралар, оның ішінде бірлескен концерттер, кино күндері, жастар мен ақсақалдар форумдары үлкен табыспен өткізілді. Биыл қазақ-қырғыз киносының өзара күндерін және кезекті 3-ші қазақ-қырғыз жастар форумын өткізу жоспарлануда.

Қазақстан тарапы «KazAID» агенттігінің Орталық Азия елдерінің жас дипломаттарына арналған білім беру курстарын өткізуді, сондай-ақ студенттермен академиялық алмасуларды және медициналық жоғары оқу орындары оқытушыларының біліктілігін арттыруды жалғастыратынын хабарлады. Осыған байланысты Қазақстан тарапы Қырғызстанды аталған бағдарламаларға белсенді қатысуға шақырды.

✔️ Отдельным пунктом были рассмотрены вопросы углубления культурно-гуманитарных связей, являющихся основой крепких и долгосрочных отношений двух государств.

В прошлом году в Казахстане с большим успехом были проведены Дни культуры Кыргызстана и целый ряд масштабных мероприятий, включая совместные концерты, дни кино, форумы молодёжи и аксакалов. В текущем году планируется проведение перекрестных дней кино, а также очередного 3-го казахско-кыргызского молодёжного форума.

Казахстанская сторона сообщила, что агентство «KazAID» продолжит проводить образовательные курсы для молодых дипломатов из стран Центральной Азии, а также академический обмен студентами и повышение квалификации преподавателей медицинских вузов. В этой связи казахская сторона пригласила кыргызскую сторону принять активное участие в данных программах.

@PressMFAKZ




🔹 Сыртқы саяси ведомстволардың басшылары 2024 жылғы 19 сәуірде Астанада өткен Қазақстан мен Қырғызстанның Жоғары мемлекетаралық кеңесінің 6-шы отырысында қол жеткізілген келісімдердің орындалу барысын жан-жақты талқылады. Тараптар екі ел арасындағы парламентаралық және үкіметаралық байланыстарды одан әрі кеңейтуге жәрдемдесуді жалғастыруға уағдаласты.

Тараптар экономикалық ынтымақтастықты кеңейтудің маңыздылығын ерекше атап өтті. Қазіргі таңда Қазақстан Қырғызстанның ең ірі сауда серіктесінің «үштігіне» кіреді. Қабылданып жатқан шаралардың арқасында соңғы жылдары екіжақты тауар айналымы тұрақты түрде 1,5 млрд АҚШ долларынан асып отыр. Жоғары деңгейде қол жеткізілген келісімдерді жүзеге асыру аясында министрлер өзара сауда көлемін 3 млрд АҚШ долларына дейін жеткізуге жәрдемдесу жөнінде уағдаласты. Осы орайда тараптар қазақ-қырғыз шекарасында Индустриялық сауда-логистикалық кешенін іске қосудың, екіжақты тауар айналымының номенклатурасын кеңейтудің, бизнес-форумдар мен сауда миссияларын тұрақты түрде өткізудің, сондай-ақ өңіраралық байланыстарды одан әрі дамытудың маңыздылығын атап өтті.

Екі елдің кәсіпкерлік ортасы үшін қолайлы жағдай жасауға ерекше назар аударылды. Қазақстан Қырғызстан экономикасына 1,3 млрд доллардан астам инвестиция салды.

Министрлер энергетика, көлік және логистика салаларындағы ынтымақтастықтың айтарлықтай әлеуетін, сондай-ақ бірлескен жобаларды іске асыру перспективаларын атап өтті. Осы бағыттарда өзара тиімді әріптестікті дамытуға қолдау көрсетуге дайын екенін білдірді.

🔸 Главы внешнеполитических ведомств РК и КР подробно рассмотрели ход реализации договорённостей, достигнутых в ходе 6-го Высшего межгосударственного совета РК и КР, прошедшего 19 апреля 2024 года в Астане. Договорились продолжить оказывать содействие дальнейшему расширению межпарламентских и межправительственных связей.

Стороны особо отметили значимость расширения экономического сотрудничества. Сегодня Казахстан входит в «тройку» крупнейших торговых партнёров Кыргызстана. Благодаря предпринимаемым мерам, в последние годы двусторонний торговый оборот устойчиво превышает 1,5 млрд долларов США. В контексте реализации достигнутых договорённостей на высшем уровне, министры договорились содействовать увеличению взаимной торговли до 3 млрд долларов США. В этом ключе отметили значимость запуска Индустриального торгово-логистического комплекса на казахско-кыргызской границе, расширения номенклатуры двустороннего товарооборота, регулярного проведения бизнес-форумов и торговых миссий, а также дальнейшего развития межрегиональных связей.

Особое внимание было уделено созданию благоприятных условий для предпринимательских кругов двух стран. Казахстан инвестировал в экономику Кыргызстана более 1,3 млрд долларов.

Министры отметили значительный потенциал сотрудничества в сферах энергетики, транспорта, логистики, в том числе перспективы реализации совместных проектов. Выразили готовность содействовать развитию плодотворного взаимодействия на данных направлениях.

@PressMFAKZ


​​🇰🇿🤝🇰🇬 Қазақстан және Қырғызстан одақтастық қатынастарын дамытуын жалғастырып, стратегиялық диалогты нығайтуда

Қазақстан тарапының шақыруымен Қырғыз Республикасының Сыртқы істер министрі Жээнбек Кулубаев Астанаға алғашқы ресми сапарын жасады.

Келіссөздер барысында Қазақстан Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу мен Қырғызстан Сыртқы істер министрі Жээнбек Кулубаев екіжақты ынтымақтастықтың кең ауқымды мәселелерін, саяси, сауда-экономикалық, инвестициялық, су-энергетикалық, транзит-көліктік және мәдени-гуманитарлық өзара іс-қимылдың басымды бағыттарын талқылады. Достық, бауырластық және тату көршілік қағидаттарына негізделген одақтастықты тереңдетуге өзара бейілділік расталды.

ҚР Сыртқы істер министрі мемлекет басшыларының саяси ерік-жігерінің арқасында қазақ-қырғыз қатынастары өзара іс-қимылдың жаңа сапалы деңгейіне көтерілгеніне назар аударды. Атап айтқанда, Қырғыз Республикасының Президенті Садыр Жапаровтың ресми сапарының қорытындысы бойынша Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы одақтастық қатынастарды тереңдету және кеңейту туралы шартқа қол қойылып, екі ел арасындағы достық байланыстарды жан-жақты нығайтуға бағытталған бірқатар экономикалық және мәдени-гуманитарлық іс-шаралар өткізілді.

«Қырғызстан біз үшін тек сенімді одақтас қана емес, сонымен қатар жақын көрші және бауырлас халық. Бізді ғасырлар бойы қалыптасқан достық байланыстар, ортақ рухани құндылықтар және біртұтас түркі тамырлар біріктіреді», – деді М.Нұртілеу.

Өз кезегінде Ж.Кулубаев екі ел арасындағы қарым-қатынастар бүгінгі таңда жаңа сапалы деңгейге көтеріліп, тереңдетілген одақтастық сипатқа ие болғанын растады.

🇰🇿🤝🇰🇬 Казахстан и Кыргызстан продолжают развивать союзнические отношения и укреплять стратегический диалог

По приглашению казахстанской стороны Министр иностранных дел Кыргызской Республики Жээнбек Кулубаев совершил первый официальный визит в Астану.

В ходе переговоров Заместитель Премьер-Министра – Министр иностранных дел Казахстана Мурат Нуртлеу и Министр иностранных дел Кыргызстана Жээнбек Кулубаев обсудили широкий спектр вопросов двустороннего сотрудничества, приоритетные направления политического, торгово-экономического, инвестиционного, водно-энергетического, транзитно-транспортного и культурно-гуманитарного взаимодействия. Выражена взаимная приверженность углублению союзничества на основе дружбы, братства и добрососедства.

Министр иностранных дел РК подчеркнул, что благодаря политической воле глав государств казахско-кыргызские отношения выведены на качественно новый уровень взаимодействия. В частности, по итогам официального визита Президента КР Садыра Жапарова был подписан Договор об углублении и расширении союзнических отношений между Казахстаном и Кыргызстаном, проведён ряд мероприятий экономического и культурно-гуманитарного характера, направленный на всестороннее укрепление уз дружбы двух стран.

«Кыргызстан для нас не только надежный союзник, но и добрый сосед и братский народ, с которым нас связывают многовековые узы дружбы, общие духовные ценности и единые тюркские корни», – заявил М.Нуртлеу.

В свою очередь, Ж.Кулубаев подтвердил, что сегодня отношения между двумя странами вышли на качественно новый уровень, получив характер углубленных союзнических отношений.

@PressMFAKZ


Репост из: Aqorda 🇰🇿
✍️ Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне дипломатиялық қызмет, халықаралық шарттар және дамуға ресми көмек мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.


✍️ Главой государства подписан Закон Республики Казахстан «О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам дипломатической службы, международных договоров и официальной помощи развитию».

Текст Закона публикуется в печати.

t.me/aqorda_resmi


​​🇰🇿📞🇭🇺 Қазақстан мен Мажарстан СІМ басшылары телефон арқылы екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылады

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Мажарстанның Сыртқы экономикалық байланыстар және сыртқы істер министрі Петер Сийяртомен телефон арқылы сөйлесті.

Сұхбат барысында тараптар Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2024 жылғы қарашада Мажарстанға жасаған мемлекеттік сапарының қорытындысы бойынша қол жеткізілген келісімдердің іске асырылу барысын талқылады.

Ауыл шаруашылығы, энергетика және инфрақұрылым салаларындағы бірлескен жобаларға ерекше назар аударылды. Сапардың екі мемлекет арасындағы стратегиялық серіктестікті тереңдетуде үлкен белес болғаны аталып өтті.

🇰🇿📞🇭🇺 Главы МИД Казахстана и Венгрии обсудили актуальные вопросы сотрудничества в телефонном разговоре

Состоялся телефонный разговор Заместителя Премьер-Министра – Министра иностранных дел Республики Казахстан Мурата Нуртлеу с Министром внешнеэкономических связей и иностранных дел Венгрии Петером Сийярто.

В ходе беседы стороны обсудили ход реализации договорённостей, достигнутых по итогам государственного визита Президента Казахстана Касым-Жомарта Токаева в Венгрию, состоявшегося в ноябре 2024 года.

Особое внимание было уделено совместным проектам в области сельского хозяйства, энергетики и инфраструктуры. Отмечено, что визит стал значимой вехой в углублении стратегического партнёрства между двумя странами.

🇰🇿📞🇭🇺 Foreign Ministers of Kazakhstan and Hungary Discussed Current Cooperation in a Telephone Conversation

Deputy Prime Minister – Minister of Foreign Affairs of the Republic of Kazakhstan Murat Nurtleu held a telephone conversation with Minister of Foreign Affairs and Trade of Hungary Peter Szijjártó.

During the call, the parties discussed the progress in the implementation of the agreements reached during a state visit of President of Kazakhstan Kassym-Jomart Tokayev to Hungary last November.

Special attention was focused on the joint projects in agriculture, energy and infrastructure. It was noted that the visit marked an important milestone in deepening the strategic partnership between the two countries.

@PressMFAKZ


Видео недоступно для предпросмотра
Смотреть в Telegram
​​🇰🇿🇰🇬 Қырғыз Республикасының Сыртқы істер министрі Жээнбек Кулубаевтың Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігіне келуі
 
🇰🇿🇰🇬 Прибытие Министра иностранных дел Кыргызской Республики Жээнбека Кулубаева в Министерство иностранных дел Республики Казахстан

@PressMFAKZ


​​🇰🇿🇰🇬 Қырғыз Республикасының Сыртқы істер министрі Жээнбек Кулубаев Қазақстан Республикасына ресми сапармен келді. Сапар аясында Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеумен шағын және кеңейтілген құрамдағы келіссөздер жоспарланған.
 
🇰🇿🇰🇬 Министр иностранных дел Кыргызской Республики Жээнбек Кулубаев прибыл с официальным визитом в Республику Казахстан. В рамках визита планируется проведение переговоров с Заместителем Премьер-Министра – Министром иностранных дел Республики Казахстан Муратом Нуртлеу в узком и в расширенном форматах.
 
@PressMFAKZ




​​🇰🇿📞🇺🇿 Қазақстан және Өзбекстан СІМ басшыларының телефон арқылы сөйлесуі туралы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Өзбекстан Республикасының Сыртқы істер министрі Бахтиёр Саидовпен телефон арқылы сөйлесті.
 
Сұхбат барысында сыртқы саяси ведомстволардың басшылары екіжақты ынтымақтастықты одан әрі дамытудың жағдайы мен перспективаларын, сондай-ақ өңірлік және халықаралық ұйымдар шеңберіндегі өзара іс-қимылдарды талқылады. Тараптар Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы стратегиялық серіктестік пен одақтастықты жан-жақты нығайтуға қолғабыс көрсетуге өзара дайындығын растады.
 
Сондай-ақ ағымдағы жылы аса жоғары және жоғары деңгейдегі іс-шаралар кестесі қаралды.

🇰🇿📞🇺🇿 О телефонном разговоре глав МИД Казахстана и Узбекистана
 
Состоялся телефонный разговор Заместителя Премьер-Министра – Министра иностранных дел Республики Казахстан Мурата Нуртлеу с Министром иностранных дел Республики Узбекистан Бахтиёром Саидовым.
 
В ходе беседы главы внешнеполитических ведомств обсудили состояние и перспективы дальнейшего развития двустороннего сотрудничества, а также взаимодействия в рамках региональных и международных организаций. Стороны подтвердили взаимную готовность содействовать всестороннему укреплению стратегического партнёрства и союзничества между Казахстаном и Узбекистаном.
 
Также рассмотрен график мероприятий на высшем и высоком уровнях в текущем году.

@PressMFAKZ




Репост из: Aqorda 🇰🇿
Поздравление Главы государства Касым-Жомарта Токаева с Рождеством Христовым

Дорогие соотечественники!


Поздравляю православных граждан нашей страны с Рождеством Христовым!

Этот светлый праздник является олицетворением добра и надежды, он объединяет верующих людей во имя служения высоким идеалам гуманизма.

В Рождество человеческие сердца наполняются особой радостью, православные люди стремятся окружить заботой и вниманием близких, проявляют милосердие и сострадание к нуждающимся.

Православие вносит важный вклад в укрепление единства и солидарности нашего народа, продвижение ценностей патриотизма, созидания и ответственности, лежащих в основе нашей общенациональной идентичности.

Убежден, согласие и взаимопонимание в обществе будут оставаться надежной основой устойчивого прогресса Казахстана.

Желаю всем православным гражданам нашей страны здоровья, счастья и успехов в благих начинаниях!

С праздником Рождества Христова!

t.me/aqorda_resmi


Репост из: Aqorda 🇰🇿
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Рождество мерекесімен құттықтауы

Құрметті отандастар!


Еліміздің барша православ христиандарын Рождество мерекесімен құттықтаймын!

Жұртқа жақсылық пен үміт сыйлайтын осы жарқын мейрамда діндар жандар адами құндылықтарға қызмет ету жолында өзара бірігеді.

Рождествода азаматтар ерекше қуанышқа бөленеді, православ дінін ұстанатын адамдар жақындарына қамқорлық көрсетіп, мұқтаж адамдарға жанашырлық танытуға асығады.

Православ діні елдің берекелі бірлігі мен ырысты ынтымағын нығайта түсуге, жалпыұлттық бірегейлігіміздің өзегі саналатын отаншылдық, жасампаздық және жауапкершілік сияқты құндылықтарды дәріптеуге мол үлес қосып келеді.

Қоғамдағы татулық пен түсіністік Қазақстанның тұрақты дамуының мызғымас тірегі болып қала беретініне кәміл сенемін.

Еліміздің православ христиандарына зор денсаулық, бақ-береке және толағай табыс тілеймін!

Рождество мерекесі құтты болсын!

t.me/aqorda_resmi


​​🔹 Қазақстан СІМ-де Халықаралық Аралды құтқару қорымен ынтымақтастық талқыланды

🔸 В МИД Казахстана обсудили сотрудничество с Международным фондом спасения Арала

@PressMFAKZ




​​🔹 Қазақстан СІМ-де Түркі инвестициялық қорымен ынтымақтастық мәселелері талқыланды

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Түркі инвестициялық қорының президенті Бағдад Әміреевті қабылдады.

Кездесу барысында Қор басшысы Ұйымның операциялық қызметінің сәтті іске қосылғанын атап өтіп, 2024 жылғы жұмыс қорытындысын ұсынды. Жобалар портфелін кеңейтуді, инфрақұрылымдық және экономикалық байланыстарды дамытуды, сондай-ақ түркі елдеріндегі шағын және орта бизнесті қолдауды қамтитын 2025 жылға арналған жоспарларға ерекше назар аударылды.

Министр М.Нұртілеу Қор қызметінің Түркі мемлекеттері ұйымы шеңберіндегі орнықты даму мен экономикалық ынтымақтастыққа жәрдемдесудің негізгі құралы ретіндегі маңыздылығын атап өтті.

🔸 В МИД Казахстана обсудили вопросы сотрудничества с Тюркским инвестиционным фондом

Заместитель Премьер-Министра – Министр иностранных дел Республики Казахстан Мурат Нуртлеу принял президента Тюркского инвестиционного фонда Багдада Амреева.

В ходе встречи глава Фонда представил итоги работы за 2024 год, отметив успешный запуск операционной деятельности Организации. Особое внимание было уделено планам на 2025 год, которые включают расширение портфеля проектов, развитие инфраструктурных и экономических связей, а также поддержку малого и среднего бизнеса в тюркских странах.

Министр М.Нуртлеу подчеркнул значимость деятельности Фонда в качестве ключевого инструмента содействия устойчивому развитию и экономическому сотрудничеству в рамках Организации тюркских государств.

🔹 Issues of Cooperation with the Turkic Investment Fund were Discussed at the Kazakh Foreign Ministry

Deputy Prime Minister – Minister of Foreign Affairs of the Republic of Kazakhstan Murat Nurtleu received the President of the Turkic Investment Fund Bagdad Amreyev.

During the meeting, the head of the Fund presented the results of work for 2024, noting the successful launch of operational activities of the Organization. Special attention was paid to the plans for 2025, which include expansion of the project portfolio, development of infrastructural and economic ties, as well as support for small and medium enterprises in Turkic countries.

Minister Nurtleu emphasized the importance of the Fund's activities as a key instrument to promote sustainable development and economic cooperation within the framework of the Organization of Turkic States.

@PressMFAKZ

Показано 20 последних публикаций.