🌷 Құрметті отандастар!
Наурыз – бұл көктемнің, жаңару мен жаңа бастамалардың мерекесі, ол келісімнің, бірліктің және игіліктің нышаны. Бұл мейрам халқымыз үшін әрдайым маңызды болып келген құндылықтарды: берік отбасылық байланыстарды, дәстүрлерге деген құрмет, түрлі мәдениеттердің бейбіт қатар өмір сүруін және жасампаздыққа ұмтылысты бейнелейді.
Бүгін Қазақстан маңызды реформаларды іске асырып, дамудың жаңа мүмкіндіктерін ашып, алға қадам басуда. Бұл өзгерістер қоғамның, экономиканың және елдің халықаралық беделінің нығаюына бағытталған.
Сыртқы істер министрлігі еліміздің мүддесін халықаралық аренада қорғай отырып, Қазақстанның әлемдік қауымдастықтағы позициясын нығайту үшін аянбай жұмыс істей бермек.
Көктемнің осы шуақты мерекесі әр шаңыраққа қуаныш, молшылық, үйлесім әкелсін және бізді игі істер мен жаңа жетістіктерге шабыттандыра бергей. Баршаңызға зор денсаулық, бақыт және барлық бастамаларыңызға сәттілік тілейміз!
Ізгі ниетпен, Қазақстан дипломаттары
@PressMFAKZ