Жаңа жыл қарсаңындағы ойтүрткі: алғыс, шүкірлік және жаңа мақсаттар
Жаңа жыл — тек отшашулар мен мерекелік дастархандар уақыты ғана емес, өз-өзіңе есеп беру сәті. Бір сәтке тоқтап, өткен жылға ой жүгіртейік. Біз неге қол жеткіздік? Қандай сәттер қуантты? Ал қандай жағдайлар ойландырды немесе сабақ берді?
Алдымен алғыс айтайық. Әрбір қиындықтың артында біз білмейтін даналық жатыр. Бір қарағанда сәтсіздік болып көрінген нәрсе, шын мәнінде, бізді күшейту үшін жіберілген сынақ шығар. Осы жылда кімге алғыс айттыңыз? Мүмкін, біреу демеу болды, жылы сөзімен жаныңызды жұбатты. Ал өзіңізге алғыс айттыңыз ба? Қиын сәттерде мойымағаныңыз үшін, тырысқаныңыз үшін, алға ұмтылғаныңыз үшін...
Өмірде шүкір ету үлкен маңызға ие. Көне бір әңгімеде адамның екі қолына ұстаған шелектері жайлы баяндалады. Біреуінің түбі тесік болғандықтан, су жол бойы ағып кетіп отырады. Бұл адам әрдайым “неге бәрін таси алмаймын?” деп шағымданатын. Бірақ жол бойындағы гүлдер сол шелектен аққан судың арқасында жайқалып өсіп тұрған еді. Әрбір кемшілік, әрбір қиындық бізге әдемілік пен тереңдік сыйлайды. Еш көңіліңізді түсірмеңіз, бәрі жақсылыққа...
Өткен жылда орындалмай қалған армандарға ренжімейік. Олар біздің уақытымызды күтуде немесе біз оларға жетуге әлі дайын емеспіз. Есесіне, біз жаңа мүмкіндіктерді көрдік, жаңадан үйрендік, өмірлік тәжірибе жинадық, ішкі әлемімізді байыттық.
Келесі жылға мақсат қоюдан қорықпаңыз. Бірақ бұл мақсаттар сізді шаршатпай, керісінше, шабыттандыруы керек. Әрбір жаңа жоспар — болашағыңызға салған дәніңіз.
Өзіңізге мына сұрақтарды қойыңызшы:
Мен осы жылы өміріме қандай жақсылық қостым?
Мен кімге көмектестім?
Менің жан дүнием қандай күйде?
Келесі жылы мен кім болғым келеді?
Жоспар жаздым ба? (Міндетті түрде жай қағазға болса да жазыңыз)
Шүкір етуді, өмірден жақсылықты көруді үйренсек, Жаңа жыл бізге бұрынғыдан да жарқын мүмкіндіктер сыйлайтыны сөзсіз.
Көрер таңымыз арайлы, ішкі әлеміміз жарық болсын. Жаңа жыл баршамызға қуаныш, бейбітшілік және орындалған армандар сыйласын!
Айгүл ТЕШЕБАЕВА,
Ташкент облыстық "Гармония" орталығының басшысы.
https://t.me/psy_consultt