«Қалай миллионер болуға болады?»
Байқасаңыз, ойды, сұраулы сөйлемді тырнақшаға алдық. Себебі, бұл – Роберт Флетчер дейтін америкалық танымал бизнесменнің тренинг-жобасының атауы еді. 22 жасында миллионерге айналған магнаттың айтар кеңесі де көп екен.
1-кеңесі: Ақшаңды оңды-солды шашпа!
– Егер дейді, кім де кім дейді, өз рахатын ойлап, ақшасын олай да былай шашатын болса және сол шығыны табысына сай болмаса дейді, ерте болсын, кеш болсын, түбі қарызға кіріп, құрдымға кетеді дейді. Сондықтан, соңғы шыққан гаджеттер мен супер-карлардың соңына түсіп алмай, шығындарыңды есептеп, бюджетіңді жоспарлап үйрен дейді.
2-кеңесі: Табысыңның бір бөлігін жинап үйрен!
Жинайтын ойыңыз болса, табысыңыздан қанша ұстап қалатыныңызды, әрине, өзіңіз білесіз. Жеке шаруаңыз. Бірақ, хабары бар адамдар табыстың кемі 10%-30%-ын шегеріп қойған дұрыс дейді. Ол ақшалар ертеңгі күні аяқ асты туындай қалған шаруаларды реттеуге қажет болады. Тіпті, қорыңызда басы бос артық ақша жатпаса, күндердің күнінде қандай да бір бизнес-жоба пайда болған жағдайда ақшасыз қатыса алмай, ерін тістеп қалатыныңызды түсініп отырған шығарсыз.
3-кеңесі: Ең оңтайлы инвестиция – жылжымайтын мүлік!
Біздің әрқайсымызға үй керек. Ол үлкен үй бола ма, шағын үй бола ма, жер үй бола ма, пәтер бола ма – екінші мәселе. Жылжымайтын мүлікке салынған инвестиция – еш уақытта құнын жоғалтпайды. Мысалы, пәтерді жалға беріп қоюға болады, қажет болса сатып жіберуге де болады. Тіпті, ұрпағыңа мұраға да қалдыруға болады. Сондықтан, жылжымайтын мүлік әркезде де ұтымды вариант болған, бола бермек те.
4-кеңесі: Тәуекелдердің (риск) алдын ала біл!
«Инвестиция алаңы – ол сізге казино емес, бұл жағынан тәуекелдер көп болуы мүмкін, бірақ түбінде өзін ақтайды» дейді автор. Ақша салуға келгенде барынша мұқият болған жөн. Акция бола ма, кәсіпорын бола ма, мейлі банк, мейлі компания – қайсымен бетпе-бет келесің – зертте, талда, ақпарат жина! Алда кезігуі мүмкін қандай да бір тәуекелдер ертеңгі табысыңнан асып кетпеуі керек. Соны қадағала!
5-кеңесі: Үнемі ақша салудың (инвестициялаудың) жолдарын ізде!
Ақша салуға мүмкіндік бар ма, еш уақытта тоқтама! Ақша – ол құрал. Шотта тұрса да текке жатпауы керек. Пайда әкелуі керек. Сізге жұмыс істеуі керек. Роберт Флетчер өз қажеттілігіңе табысыңның 10%-ын ғана жұмсап үйрен деп кеңес береді екен. Кемінде 3-5 табыс көзің болса ғана көлемді саудаға баруға болады. Басқа жағдайда жасалған жөн-жосықсыз сауданың бәрі – қалтаға салмақ.
t.me/qarzhylyq_sauat