Көлік сатып алмас бұрын оның «тарихын» техникалық құжаты арқылы зерттеп алу керек
Massaget.kz тілшісі заңгер Бердімұрат Хасенұлымен сөйлесіпті. Заңгер кепілде тұрған көлікті алам деп алданып қалған адамдар көп екенін айтады. Алаяқтыққа себеп – екінші деңгейлі банктер емес – автоломбардтар дейді Б. Хасенұлы.
Сонда бұл жерде алдау механизімі қандай? Өмірде болған жағдайды заңгер былай түсіндіреді:
Мысалы, Асхат есімді азамат көлігін ломбардқа кепілге қояды. Бірақ ол көлікті басқа адамнан сатып алып, өз атына аударып алмаған. Мысалы, ол көлік Медеттің атында дейік. Медеттен ол көлікті сатып алу шартын жасап, ай сайын бөліп төлеуге келісіп алған болуы мүмкін. Сосын сол көлікті ломбардқа апарып өткізеді. Ломбард ол көлікті қабылдап алады. Неге?
Себебі оның кілті мен құжаты және көліктің өзі сол адамның иелігінде жүр. Ал көліктің құжаты мен кілті бір адамға сеніп тапсырылған болса, ол ұрланғанға жатпайды. Осылайша ломбард автокөлікті ХҚКО арқылы блокқа қояды.
Осы кезде Медет көлігін сұрап Асхатқа хабарласады. Ал Асхат мен сені танымаймын, көлік қайда екенін білмеймін деп алаяқтық жасайды. Медет ол көлікті іздеп ломбардқа барады. Бірақ ол көлікті ала алмайды. Неге? Өйткені оны Асхат деген азаматтан қабылдап алған. Екі ортада зардап шегуші – Медет болып шығады.
Сосын ол көлікті ломбард Медеттің қарсылығына қарамастан кепілден шығарып сатып жібереді. Содан белгілі бір уақыт өткеннен кейін Медет арыз жазады. Осы кезде көлікті сатып алған үшінші адам – мысалы, Айнұр делік – аяқ астынан оның кепілде тұрғанын біліп, көліктің бұған дейінгі «даулы оқиғаларынан» хабардар болады.
Осындай алаяқтық схемамен өзінің атына заңды түрде ХҚКО-дан нөмір алған адамдардың өзі кейін көлікті сата алмай, жәй ғана мініп жүр. Яғни, көлікті сіз қолдана аласыз, бірақ өз атыңыздан шығара алмайсыз, дейді заңгер.
Бұл жерде о баста көлікті бөліп төлеуге берген Медет пен көлікті сатып алса да, басыбайлы меншіктей алмай жүрген Айнұр зардап шегеді. Ал ломбард өзінің ақшасын алады. Себебі Айнұр одан көлікті сатып алды. Осы сынды кейстер қоғамда өте көп. Сондықтан көлікті сатып алмас бұрын оның бұған дейінгі тарихын техникалық құжаты арқылы жақсылап зерттеп алу керек, дейді Бердімұрат Хасенұлы.
t.me/qarzhylyq_sauat