Алаяқтыққа қарсы WhatsApp-бот жұмыс істей бастады
Бұл ботты алаяқтықпен күресу үшін Астана қаласының прокуратурасы іске қосып отыр.
❓Қалай жұмыс істейді?
Боттың нөмірі: +7 747 680 02 10. Телефоныңызға сақтап аласыз. WhatsApp-тан чатты ашып, кез келген сөзбен диалогты бастауға болады. Бот автоматты түрде өз қызметін ұсынып, тексергіңіз келген нөмірді теріп жіберуді ұсынады.
❓Боттың мақсаты не?
Онлайн-саудада пайдалы болуы мүмкін. Қазір бәріміз интернет арқылы, соның ішінде әлеуметтік желіде тауар мен қызмет ұсынған кәсіпкерлермен жұмыс істейтініміз рас. Бірақ кей (тіпті, көп) жағдайда азаматтар алаяқтардың қақпанына түсіп қалып жатады. Ендігі жерде қандай да бір тауарды немесе қызметті алмас бұрын ұсынушы тараптың алаяқ емес екеніне көз жеткізіп алу үшін сатуышының немесе қызмет көрсетушінің телефонын осы бот арқылы тексеріп алуға болады деп түсіндік.
@qarzhylyq_sauat құзырлы органның бұл бастамасын қолдайды және қажет болған жағдайда боттың қызметін жетілдіре түседі деп сенеді. Ал, Сізге айтар жалғыз кеңес: онлайн-саудада тауарды алмай тұрып сатушыға алдын ала ақша жібермеген дұрыс. Әсіресе, қызмет көрсетушілерге. Қазір жазғы демалыс мезгілі. Қалалықтар шаһар сыртындағы демалыс орындарына барып демалғанды қалап тұрады. Инстаграмда да, OLX-те де жалған демалыс орындарын ұсынатын алаяқтар бар. Интернетке демалыс орнының көз қызықтырар әдемі суреттерін жүктеп, клиент тартады. Сөйтіп, алдын ала төлем талап етеді. Ақшасын алып алған соң нөміріңізді бұғаттап тастайды. Мұндай кейстер айналамызда болған. Ол туралы жаздық та. Сондықтан, осындайда өте сақ болу керек.
Сізге деген жанашырлықпен,
«ҚАРЖЫЛЫҚ САУАТ»
t.me/qarzhylyq_sauat href='' rel='nofollow'>