Бай «бомж»
Өмір бойы көшеде банка жинап, қаңғыбастың күйін кешкен Курт Дегерман есімді швед азаматы туралы естуіңіз бар ма?
60 жасында жүрегі ұстап өлген «бомж» 40 жыл бойы Швейцарияның Шеллефтео қаласында көше кезіп, босап қалған банка мен сыраның қалбырларын жинап сатқан ғой. Ақшасының әр тиынын биржаға бағыттап, түрлі акциялар мен алтынға инвестициялайды. Ол жайында ешкім білмейді. Кейіпкеріміз солай миллионер болып шығады. Бірақ оның байлығы ол дүние салған соң әшкере болады. Өте қызық оқиға.
Ол білімді қайдан алды?
Дегерман бала кезінде өте алғыр болған деседі. Класта да үздік оқушылар қатарынан көрініп жүреді. Бірақ өсе келе, яғни жасөспірім шағында психологиялық проблемаларға душар болып, өзінің потенциалын аша алмайды. Оқудан шығып қалады. Қоғамнан алыстайды.
Ақыр соңында кеудесінде жаны бар көше қаңғыбасына айналып шыға келеді. Киімін қоқыстан тауып, жұрттың қалдығын жеп я болмаса арзан фастфудпен күн көреді. Бірақ банка сатып тапқан ақшасын өзгелер секілді алкогольге жұмсамайды.
Кезінде Дегерманнан туыстары да сырт айналып кеткен ғой. Сөйткен «бомж» өзінің бос уақытында биржа алаңын бақылап, бар тапқанын құнды қағаздар мен алтынға салып отырған екен.
Дегерман кітапхана жағалаған
Иә, швед азаматы қаржы саласын «шемішке шаққандай» түсінген дейді. Акцияларды қай кезде сатып алып, қай кезде сату керек екенін жақсы білген. Соның арқасында капиталы өсе берген, өсе берген.
Қалада тегін жұмыс істейтін муниципальды кітапханалар болған. Көше қаңғыбасы бос уақытын сонда өткізеді екен. Тіпті экономикалық, аналитикалық басылымдарды сатып алуға да ақша жұмсамаған. Өзіне керек білімді, биржа жаңалықтарын, сауда процестеріне қатысты барлық керек мәліметті кітапханадан тауып отырған.
Осылай жылдар өтеді. Көшеде банка теріп жүрген «бомж» биржадан тапқан табысымен зор байлық жинап үлгереді. Бірақ оның байлығын жұрт, тіпті туыстары да ол өлген кезде біледі. Сөйтсе, оның шотында 1,4 млн доллар ақша болыпты. Көп ақшасы Швейцария банкінде акция және басқа да құнды қағаздар түрінде жатқан. Ал, банктегі «ячейкасынан» 300 мың долларға парапар алтын құймалар шығады.
Бірақ, бір қызығы, Дегерманымыз үйсіз болмапты. Ешкім білмейтін шап-шағын жұпыны үйінде 450 мың доллар қолма-қол ақшасын сақтаған көрінеді. Бірақ швед жігітінің инвест-портфелі неден тұратыны, нақты құрамы ақыры жұмбақ күйінде қалып отыр.
Дегерман біз ойлағандай сараң болмай шықты. Көзі тірісінде өз байлығына қатысты өсиетін де заңдастырып үлгерген екен. Өзінің бар байлығын ол немере інісіне қалдыруға шешім шығарған. Өйткені өмірінің соңғы айларында ол ауруханада жатқанда, жалғыз осы інісі ғана көңілін сұрап, хал-жағдайын біліп тұрыпты...
Ақпарат – ашық дереккөзден.
Батыстың, соның ішінде Американың биржа саудасы көпшілікке жұмбақ әлем. Әрине, қазақстандықтар да бұл саладан мақұрым емес. Екі бірдей биржамыз бар. Бірақ бізге көбірек біле түсу керек. Қатарға көптеп қосылып жатқан оқырманның сауатын аша түсу үшін бұл бағытта іздене беретінімді айтқым келеді. Алаңға сарапшыларды тартамыз, сұраймыз, жазамыз. Бұл – біз көздеген көп бағыттың бірі. Күтіңіздер.
t.me/qarzhylyq_sauat href='' rel='nofollow'>