«1897-нші жылғы есепте қазақ тілін ана тілім деген адам 4 миллион 84 мың еді... Біздің 9 облыс, бір гүбернедегі қазақ биыл 5 миллион 400 мың болса керек.
Тірі болсақ, алдымыз үлкен той. Алаштың баласы бұл жолы болмаса, жақын арада өз тізгіні өзінде бөлек мемлекет болар.
Бізді бірлік болып, іс қыла білетін шебер табылса, алаштың баласы бақыт жолына түсті. Кейінгі үрім-бұтақ не алғыс, не қарғыс бере жүретін алдымызда зор шарттар бар.
Осыны аңғар, жұртым қазақ!»
Қыр баласы (Әлихан Бөкейхан).
Мамыр-маусым, 1917 жыл. Орынбор.