Көптен бері ұлттық генетика, ұлттық психология, ұлттық тек, ұлттық код жайлы оқып, зерттеп жүрмін.
Ғылым балаларының айтуынша: «отар болған ұлттар кез-келген саяси, әлеуметтік оқиғаға төзімді, бейімделгіш болып келеді». Бұл отар ұлттың – психологиясы.
Тағы да Ғылым балаларының айтуынша: « қазақ халқы әлем елдерінің ішінде өзге тілді үйрену тәжірбиесі бойынша топ бастайды». Бұл отар ұлттардың өз тіліне, дініне, құндылығы мен мәдени мұрасына бей-жай қарап, отаршыл ұлттардың мәдениетіне сүйеніп, соны арқа тұтып, тез бейімделетін ортақ, ұжымдық психологиясы, ұлттық травмасы.
Ұлттық травма
Бұл тарихи процестердің, саяси қуғын-сүргіннің, әлеуметтік дағдарыстардың және табиғи апаттардың нәтижесінде қалыптасқан халықтың ұжымдық жарақаты.
Біздің ұлттың алған тарихи жарақаты көп, тәуелсіздікке жетсек те ол жарақаттан әлі айықпадық.
Өзге ұлттың саясатына, тіліне, шешіміне жалтақтап қарап, ұлт тілін, ділін қорлау, қажет сынбау– тарихи жарақаттың бір көрінісі. Атадан қалған қорқыныш, сананың отарлануы – соның негізі.
Тәуелсіз қазақ баласына айтарым:
ОТАР БОЛМА– ОТАН БОЛ!
https://t.me/sadaq_zh