𝚂𝚢𝚛𝚕𝚊𝚜𝚢𝚖 📌


Гео и язык канала: Казахстан, Казахский
Категория: Книги


Нәлібек Ердәулеттің авторлық жеке өлеңдер арнасы

Связанные каналы  |  Похожие каналы

Гео и язык канала
Казахстан, Казахский
Категория
Книги
Статистика
Фильтр публикаций


Көңіл құсы құйқылжыр шартарапқа

Көңіл құсы құйқылжыр шартарапқа,
Өмір мені даттамақ па, ақтамақ па?
Тағдырымды бағамдағым келет менің,
Сүмбіл шашым таралғандай ақ тараққа.

Жамандасын, мақтасын мені мейлі,
Сейілмейтін жаман ойлар сейілмейді.
Қазақтың жамауын жапқым келеді,
Болу үшін бұл халыққа кейін сыйлы.

Мына мені әндерім ғой оздыратын,
Қара түн шабытымды қоздыратын.
Өмір үшін өлең жазып жүргенім жоқ,
Жай адаммын, болып жүрген озбыр ақын.

Жырлар үшін берілген жанар маған,
Мендік болмыс өлеңсіз жаралмаған.
Кейі зауқы,кейі мұң дертін қозғап,
Қара өлеңмен өмірді тәмәмдаған.

PS: Абай Құнанбаевтың шығармашылығының желісімен


Сәлем 👋 Мен сізді өзімнің (Omir agyz ✍🏼🔥)арнама шақырамын.Мен ол арнамда жазулар жазамын.Егер мені қолдаймын десеңіз арнаға кіруіңізді сұраймын!

https://t.me/mirrakhimulynurislam


Сенің даусың сыңғырындай бұлақтың,
Хор қызындай сұлусың сен жұмақтың.
Сүйдім сәулем, ғашық саған пәк жүрек,
Сүю сені сынығындай сынақтың.

Сүйе берем егер маған сүй десең,
Сені ойласам ғажайып бір күй кешем.
Артық болмас білесің бе, жарығым,
Жаратқаннан келген сені сый десем.




Есейіп қалыппын-ау менде сірә,
Ағыл тегіл өмірім, жаным шыда.
Қайта тұр, мақсатыңа жүгір қәне,
Әй,жаным-ай асқақ шыңнан мейлі құла.

Сенің әлі бағындырар асқарың бар,
Өз биігің, өз шыңың, аспаның бар.
Табытыма,жер қойнына сыймай тұғын,
Әлі талай жазылатын дастаным бар.

Жазармын тағы да мұңлы өлең,
Поэзия мендік өмір, мендік өлең.
Бұл ғасырдан емеспін, жаным тірі,
Жырауларым біткенде бір-ақ өлем.


Ақырында ақырындап ұмытармын,
Енді мына бұл жүректі жылытар кім?
Алаулаған жүректегі сезімдерді,
Уақыт өте өзімде суытармын.

Білесің бе?
Ойымменен бір өзіңді жар еткем,
Қандай ғажап мына сені бар еткен.
Аяқ асты кетем дейді жалғызым,
Кетпе деген сөзді іштей дәметкен.

Себеп жоқтай енді жылап күлуге,
Өлең жазып, ғашық болып жүруге.
Сенсіз өмір сүре алмаймын демеймін,
Ынтам бітті бірақ оны сүруге.

Ей, иесі жүрегім мен жанымның,
Өлең үшін бір өзіңе зәрумін.
Кетсең егер өмірімнен мәңгілік,
Оғы жоқтай соғыстағы қарумын.

482 0 3 14 14

Сірә бізге не болып жүр ғашық құрбым,
Түске кіріп ақ бейнеңмен ғашық қылдың.
Алматының мамыражай кештерінде,
Бір бейнеңді көруге асықтырдың.

Асықпын, ынтызармын әлі де мен,
Сенің бойың шумақтар, бәрі өлең.
Сенсіз менің шабытым сарқылып жүр,
Кетем деме сондықтан өмірімнен.

Кетем деме, кет демегің құйын болам,
Сен болмасаң жер үстін шиырланам.
Сенің тұнық даусыңды ести қалсам,
Өлеңменен есімді жиып алам.

Қасымда бол музам менің, ғашық арман,
Сен болғанда қиып өтем тау шыңдардан.
Әлемнің қай бөлігі болса дағы,
Іздеп тапсам білмеймін таусылар дәм.


Қимастық

Сенде жүрсің маған қош бол дей алмай,
Менде сорлы өзге жанды сүйе алмай.
Қанша сезім қурап тағы жатса да,
Жаза берем бір өзіңе ұялмай.

Менде босқа жүргендеймін қиялдай,
Өз-өзімді жүрек жүр ғой жиі алдай.
Жаным сезіп суықтықты сендегі,
Енді отырмын өз-өзіме сия алмай.

Жүрек қой жүрек бір өзіңді сағынар,
Маған да бәлкім сүйем деп тағы жалынар.
Бірақ та қалқам түсінгенім менің де,
Өмірлік жолда менен де тәуірі табылар.

Қинайды сірә өзіңе деген қимастық,
Ғашық болып, сүйіп тағы сыйластық.
Енді қарғам саған қош бол демеймін,
Ары қарай дос болайық, сыйласып.


Нұр-Сезімсіз бұл жүрегім тұр ақсап,
Тыңда жаным жыр жазайын, құлақ сап.
Мен өзіңді сүйіп өтем мәңгілік,
Бір рет айтшы "Сүйемін деп" бір-ақ сәт.

Жүрегімді шумақтатар ақынсың,
Сендік сезім бұл жүрекке тартылсын.
Сол кезде біз жаурамаймыз екеуміз,
Мейлі қыс боп, аяз болсын, қар тұрсын.

Тек мен ғана ұстайыншы қолдарыңды,
Сезбей өтем сол кезде мен тоңғанымды.
Сен қасымда болған кезде, сенім артып,
Ешкім менің кесе алмайды жолдарымды.


Махаббат деген біреуге сор, біреуге бақ,
Жүрегімді кеткендей ме біреу ұрлап.
Өзің айтқан махаббаттың тәтті әуенін,
Кете ме деп қорқамын біреу тыңдап.

Өн бойыма сыя алмай қызғанышым,
Жетпеді ме әлде менің қызға күшім.
Менің бағым өзіңді сүйген болсам,
Сорым сірә қызғанғаным соны түсін.

Қызғаныштың себебі ғашығымсың,
Ақ параққа жазар менің асылымсың.
Мұқағали музасы Лашын болса,
Білесің бе сені менің Лашынымсың.


Сен мендіксің, соны жаным біліп жүр,
Сені ойлап ішім менің тынып жүр.
Ғажап күлкің жүрегімнің емшісі,
Кішкентайым сондықтан да күліп жүр.

Айналғансың жүрегімнің қалауына,
Ғашық болам сірә маған қарауыңа.
Тұнық сенің көздеріңе батып кетем,
Сондықтан да мұң салмағың жанарыңа.

#тармақталған_шумақтар

9k 1 14 13 17

Сезім жайлы

Қайдасың сен түсімдегі сүйкімді қыз,
Қайта кіріп түсіме ұйқымды бұз.
Жадыратшы жаныма келіп өзің,
Тәп-тәтті даусыңмен кейпімді күз.

Өзіңсің ғой жанымның дәрігері,
Сенің күлкің ғашықтықтың дәрумені.
Сол бір кезгі махаббаттың әуенімен,
Жүрегімді қозғашы ары-бері.

Қандай ғажап, көркем еді жүзің сенің,
Тұнық көз,қолаң шаш, қызыл ернің.
Қарлығаштың үні сынды дауысың-ай,
Өзеннің арнасындай нәзік белің.


Амал дос

Қазір біздің ауыл аймақ өзгерген,
Жақсы,жаман сірә бәрін көз көрген.
Уақыт өте өзгереді амал дос,
Кеше ғана бауырым деп сөз берген.

Заман басқа, адам басқа, дос басқа,
Қазір бәрі айналғандай жолдасқа.
Бауырым деп қалай көмек сұрайды,
Бір кеңесін бере алмаса бұл қасқа.

Жүрген едік біздер кеше сырласып,
Ойын ойнап, асулармен мұңдасып.
Менің сол бір балғын жақын жолдасым,
Мені көрсе,қос көргендей жүр қашып.


Арумысың арман болған талайға,
Сезім деген таусылмайтын шар айна.
Сенсіз өмір бітіп қалмайды жарығым,
Қиындайды өмір сүру алайда.
Сондықтан да сені мүлдем жібермей,
Өмір бойы сүйіп өтем қалайда.

#тармақталған_шумақтар


Мейлі сен биік болма әлем үшін,
Менің ғана сұлуым, әдемімсің.
Жабыққанда өмірдегі сынақтардан,
Жалғыз менің сырласар әлемімсің.

#тармақталған_шумақтар


Бұл ғасырдан емеспін

Бұл ғасырдан емеспін, жиырмаданмын,
Тәуелсіз асыл елге сыймағанмын.
Суайт халық орыстар кең даламда,
Ойран салған, тілім өлген, қираған дін.

Бұл ғасырдан емеспін, өлгем қашан,
Тірі өліктей, қу өмірден неге қашам?
Бұл заманның ұлтаны болғаныммен,
Өткен ғасыр тарихын күнде ашам.

Бұл ғасырдан емеспін, алаштықпын,
Күйін кешем шарасыз алаштықтың.
Ахмет пен Міржақыптар кезіккенде,
Көздерінен қазақтықты алғаш ұқтым.

Бұл ғасырдан емеспін, бұл ғасырдан,
Бірін қазақ етін жеп, қу асырған.
Мағжан атам жастарымыз қалай десе,
Ұялатын күйдемін сұлбасынан.


Егер, саған бір жазушы немесе ақын ғашық болса, біл, сен ешқашан оның жазбаларынан ұмытылмайсың.

📌 Кітапсүйер

630 0 2 15 20

Сорлы қазақ

Әй, қазағым кеттіңдер ғой майдаланып,
Бір-біріңді ақша үшін пайдаланып.
Қазақпыз деп әлемге жар саласың,
Қазақтықты сақтамай қайда қалдық.

Қапаланам дәл қазіргі адамдарға,
Жабылып қыз зорлаған жамандарға.
Одан қалса жас балаға әлі жетіп,
Шөйбөрідей жабылатын надандарға.

Не таптыңдар айтыңдаршы алкогольден,
1000 теңгелік сыра үшін адам өлген.
Бір адамнан ақша қымбат болғаны ма?
Жас жеткіншек табылуда неге көлден?

#За_Шерзата #За_Мерлана

683 0 3 18 37

Ойлайыншы не берді?

Ойлайыншы, не берді жастық маған?
Ішімдегі мұңдарымды жасып қалам.
Кей кезде адамдарды жақын көріп,
Кей кезде олардан пасықтанам.

Ойлайыншы, не берді болмысым-ай,
Көне берем қырандай, қол құсындай.
Маңдайыма таяқ боп тимесе екен,
Бар нәрсеге көнетін көнбісім-ай.

Ойлайыншы, не берді шабыт маған,
Мұңайған түндерімнен шабыттанам.
Сол бір ойлар жүрекке маза бермей,
Ойларым асулардан шарықтаған.



Показано 20 последних публикаций.