Амал дос
Қазір біздің ауыл аймақ өзгерген,
Жақсы,жаман сірә бәрін көз көрген.
Уақыт өте өзгереді амал дос,
Кеше ғана бауырым деп сөз берген.
Заман басқа, адам басқа, дос басқа,
Қазір бәрі айналғандай жолдасқа.
Бауырым деп қалай көмек сұрайды,
Бір кеңесін бере алмаса бұл қасқа.
Жүрген едік біздер кеше сырласып,
Ойын ойнап, асулармен мұңдасып.
Менің сол бір балғын жақын жолдасым,
Мені көрсе,қос көргендей жүр қашып.
Қазір біздің ауыл аймақ өзгерген,
Жақсы,жаман сірә бәрін көз көрген.
Уақыт өте өзгереді амал дос,
Кеше ғана бауырым деп сөз берген.
Заман басқа, адам басқа, дос басқа,
Қазір бәрі айналғандай жолдасқа.
Бауырым деп қалай көмек сұрайды,
Бір кеңесін бере алмаса бұл қасқа.
Жүрген едік біздер кеше сырласып,
Ойын ойнап, асулармен мұңдасып.
Менің сол бір балғын жақын жолдасым,
Мені көрсе,қос көргендей жүр қашып.