🌀Тосканбаев Арман | Бизнес мышление


Гео и язык канала: Казахстан, Русский


Этот блог - как окно в мою душу. Здесь я делюсь своими размышлениями и вдохновениями, создавая мост между моим внутренним миром и вами.

Связанные каналы  |  Похожие каналы

Гео и язык канала
Казахстан, Русский
Статистика
Фильтр публикаций


🇰🇿 Дәулетті адамдар уақытты сатып алады.
Кедей адамдар зат сатып алады.
Өршіл жандар білім сатып алады.
Жалқаулар ойын-сауыққа ақша құртады.

🇷🇺 Богатые люди покупают время.
Бедные люди покупают вещи.
Амбициозные покупают образование.
Ленивые покупают развлечения.


🇰🇿 Сіздерді еліміздің ұлы мерекесі — Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Бұл күн — еліміздің ерлігі мен бірлігінің, мықтылығы мен тұрақтылығының айқын айғағы. Қазақстан тәуелсіздік алғалы болашағына нық сеніммен қарайтын, халықаралық деңгейде қарыштай дамып келе жатқан тұғырлы мемлекетке айналғанын мақтан етеміз.

🇷🇺 От всей души поздравляю вас с великим и значимым праздником — Днем Независимости Республики Казахстан!

Этот день является символом стойкости, мужества и единства нашего народа. Мы гордимся тем, что Казахстан за годы своей независимости стал стабильным и уверенным в будущем государством, которое успешно развивается и укрепляет свои позиции на международной арене.


🇰🇿 Неге қорқасың?! Сен жұлдыз шаңынан пайда болған сүйекті қаптап тұрған бір кесек етті басқарушы елес қанасың. Тәніңнің әрбір атомы жарылған жұлдыздан пайда болған...
Бұл — менің физикадан білетін ілімімнің бір пұшпағы десем болады.

🇷🇺 Как ты можешь чего-то бояться?! Ты призрак управляющий куском мяса, надетым на кости, сделанные из звездной пыли. Каждый атом твоего тела произошел от взорвавшейся звезды…
Это самая поэтичная вещь, которую я знаю о физике.


🇰🇿 Жақында мен біздің өз-өзімізге деген сенімділігіміз дофамин мен серотонин деген гормондарға тікелей байланысты екенін білдім. Содан бері оларды дамытудың жаңа жолдарын қарастыра бастадым.

Біз қандай да бір жетістікке жетсек, домафин гормоны бөлінеді де, мерейіміз өсіп, көңіліміз марқайып қалады. Ал айналамыздағы жандардың қолдауына ие болып, құрмет-қошеметке бөленсек, жан мен тән өзара үйлесім тауып, серотониннің деңгейі артады.

Бір түсінгенім: өз-өзімізге деген сенімділікті арттыру үшін қарапайым істерден бастауымыз керек екен. Алдымызға кішігірім мақсат қойып, соған қол жеткізгенімізге қуана білгеніміз жөн. Сонда әр қадам сайын сеніміміз ұлғайып, алға қарай ұмтылуға күш-жігеріміз арта түспек.

Кез келген жеңіс кішкентай жетістіктерден басталады. Үздіксіз әрекет етсеңіз, — алдыңыздан жаңа мүмкіндіктерге жол ашылады. Бүгіннен бастаңыз!

🇷🇺 Текст на русском языке выше ⬆️


Недавно я узнал, что за уверенность в нас отвечают гормоны – дофамин и серотонин. И это заставило меня по-новому посмотреть на то, как мы можем её развивать.

Дофамин вырабатывается, когда мы достигаем своих целей, даже самых маленьких. Это тот самый гормон, который даёт чувство удовлетворения и мотивации двигаться дальше. А серотонин растёт, когда мы получаем признание от окружающих, и помогает оставаться в гармонии с собой.

И тут я понял: чтобы поднять уверенность в себе, нужно начать с малого. Ставить перед собой небольшие цели, достигать их и радоваться этим маленьким победам. С каждым шагом уверенность будет расти, а вместе с ней и сила двигаться к большим мечтам.

Все большое всегда начинается с малого. Один шаг за другим – и перед вами откроются новые горизонты. Начните сегодня!


🇰🇿 Бұл — осы жылдағы алғашқы Жаңа жылдық кешіміз, Марғұлан Сейсембай бастаған кайдзен-клубымыздың отырысы. Биыл мен тәлімгеріммен жеке көп жұмыс жасадым. 2024 жылы Марғұлан Сейсембай тәлім беретін ең қымбат жоба — "Акме" бағдарламасына қатыстым.

Биыл біраз есейіп қалғандаймын: бозбалалық қиялдан арылып, әлемнің шынайы келбетіне мән бере бастадым. Мұндай нәтиже үшін тәлімгеріме және маған қолдау көрсеткен кайдзен-клубы қауымдастығына зор алғысымды білдіремін. Мен бұл ортадан өзім сияқты идеяға толы, өз ісіне шын көңілімен берілген жандарды таптым.

🇷🇺 Текст на русском языке выше ⬆️


Вот и первый корпоратив уходящего года — корпоратив нашего кайдзен-клуба, вдохновителем которого является Маргулан Сейсембай. В этом году я много работал индивидуально с моим наставником. В 2024 году я участвовал в программе «Акме» — самом дорогом обучающем проекте Маргулана Сейсембая.

За этот год я повзрослел: ушли юношеские иллюзии, и я начал смотреть на мир без розовых очков. Огромная благодарность моему наставнику за этот результат, а также всему сообществу кайдзен-клуба, которое поддерживает меня. Здесь я нашел таких же безумно увлеченных и идейных людей, как я сам.


🇰🇿 "Ашумен жасалған таңдауды өзгерту мүмкін емес".

🇷🇺 "Выбор, сделанный в гневе, невозможно отменить"


🇰🇿 Қаражатты теңгемен сақтауға қатысты ойымды мысалмен түсіндірейін:

Айбек пен Ержан атты екі дос 10 000 доллар қаражаттарын әртүрлі жолмен сақтауды ұйғарады.

Айбек ақшасын 1 доллар = 475 теңге бағамы бойынша долларға ауыстырып, жылдық өсімі 1% болатын депозитке салады. Бір жылдан соң, салымы 10 000 доллар болады. Бір жылдың ішінде доллар бағамы 475-тен 520-ға дейін өседі. Теңгеге ауыстырғанда, Айбектің қаражаты 5 252 000 теңгені құрайды.

Ал Ержан 10 000 долларын, яғни 4 750 000 теңгесін жылдық мөлшерлемесі 14,5%-ды құрайтын депозитке салады. Бір жылдан соң оның қаржысы 5 438 750 теңге болады.

Нәтижесінде, Ержан 186 750 теңге пайда көреді. Ал Айдар ақшаның құнсыздануына ұрынбай, қаражатын тұрақты валютада сақтап қалды.

Пайыздық мөлшерлемесі жоғары болса, қаржыңызды теңгемен сақтау тиімді болмақ, алайда валюталық қауіп-қатерді де ескерген жөн.
Ал теңгенің құнсыздануы кезінде долларлық салымдар жақсы сақталады.

🇷🇺 Текст на русском языке выше ⬆️


Мои мысли по поводу сбережении в тенге приведу в примере:

Два друга, Айбек и Ержан, решили вложить свои накопления $10,000, но сделали это по-разному.

Айбек перевел деньги в доллары по курсу 475 тенге за доллар и положил на депозит под 1% годовых. Через год его вклад вырос до $10,100. За это время курс доллара изменился с 475 до 520 тенге за доллар. Конвертируя обратно в тенге, Айбек получил 5,252,000 тенге.

Ержан оставил свои $10,000 в тенге, то есть 4,750,000 тенге, на депозите под 14,5% годовых. Через год его сумма составила 5,438,750 тенге.

В Результате Ержан заработал больше в тенге — на 186,750 тенге. Но Айбек сохранил свои деньги в стабильной валюте, избежав потерь из-за девальвации.

Хранение в тенге может быть выгоднее при высоких ставках, но связано с валютными рисками.
Долларовые вклады лучше защищают капитал в условиях девальвации.


🇰🇿 Асыл тасты үйкеліссіз қандай да бір пішінге келтіру мүмкін емес. Сол сияқты, адамның да көптеген кедергі-қиындықсыз тұлға болып қалыптасуы екіталай.

Конфуций

🇷🇺 Драгоценный камень нельзя отполировать без трения. Также и человек не может стать успешным без достаточного количества трудных попыток.

Конфуций


🇰🇿 Шешім қабылдауда тәлімгерім ұсынған алгоритм:
1. Не қалайтыныңды айқындап ал.
2. Оған қол жеткізуге қандай кедергілер бар екенін анықта.
3. Ол мақсатқа жетудің барлық әдіс-тәсілдерін жаз.
4. Әр әдістің тәуекел тұстарын және нәтижесі қандай болуы мүмкін екенін бағала.
5. Өзің үшін ең тиімді, әрі қолайлы әдісті таңда.
6. Шешім қабылда және әрекет жоспарын құр.
7. Үрдісті қадағала және әрекеттеріңді жүйелеп отыр.
8. Жетістікке жеткеніңді немесе мақсатыңды өзгерткеніңді жаз.

🇷🇺 Алгоритм принятия решения от моего наставника:
1. Сформулируй - что ты хочешь
2. Определи - что тебе мешает или не дает
3. Напиши - сколько есть способов достичь этой цели
4. Оцени риски и последствия каждого варианта
5. Выбери самый эффективный и приемлемый для тебя вариант
6. Прими решение и составь план действий
7. Отслеживай прогресс и корректируй действия
8. Зафиксируй достижение либо изменение цели


🇰🇿 Ғаламтордан: "Біреудің алғыс айтуын талап ету — қайырымсыздықтан да жаман" деген сөздерді оқып қалдым.

🇷🇺 Где то в интернете прочитал , что хуже неблагодарности , может быть только требование благодарности.


🇰🇿 Жылдық жоспар құруда пайдалы болатын кері байланыс алгоритмі:

1. Осы жылы жақсы атқарылған істер мен келесі жылға қалдыратын іс-әрекеттеріңіздің тізімін жазыңыз.
2. Осы жылы жасалған әрекеттердің қайсысын жақсарту керектігін жазыңыз.
3. Ең қызықты пункт — нені доғару керектігін, яғни келесі жылы жалғастыруды қажет етпейтін нәрселерді жазыңыз.

🇷🇺 Алгоритм обратной связи, который может быть полезен для планирования года:

1. Запишите, что было сделано хорошо в этом году и что стоит перенести на следующий год.
2. Запишите, что нужно улучшить из того, что вы делали в этом году.
3. Самый интересный пункт — запишите, что следует прекратить, то есть то, что не стоит брать с собой в следующий год.


🇰🇿 Келесі жылға арналған дизайнды жоспарлау кезінде алған инсайтым. Басты қағида: кеңседе отырып алып, компанияның болашағы жайлы сыртынан "тон пішу" мүмкін емес. Жоспар құру үшін сол жоспарыңыз бағытталған жандармен бірлесе отырып, әрекет етуіңіз керек!

🇷🇺 Инсайт который получил при планировании дизайна след года.
Главное правило: сидя в офисе на своем кресле, будущее компании не определить. Чтобы строить планы, нужно выйти в поле и создавать их вместе с теми, для кого они предназначены!


🇰🇿 Қайырлы таң!
Жаңа апта басталды. Баршаңызға көтеріңкі көңіл-күй тілеймін. Жылдың аяқталуына да аз қалды, — арман-мақсаттарыңызды еске түсіріңіздер, ұмытып кеткен немесе үлгермеген болсаңыздар, әлі де уақыттарыңыз бар.

🇷🇺 Доброе утро!
Начинается новая неделя, желаю всем отличного настроения. До конца года осталось совсем немного времени — самое время вспомнить цели и наверстать то, что не успели или забыли выполнить.


🇰🇿 Өкпе-ренішті сіздің өзіңізбен бірге алып жүрген қол сөмкеңіз деп елестетіңіз. Егер біреу сізге ұнамайтын бірдеңе істесе немесе айтса, сіз ол "сөмкені" аласыз ба, жоқ па, оны өзіңіз шешесіз. Реніш — болған оқиғаны жағымсыз жағдай ретінде қабылдап, өзімен бірге "арқалап" кеткісі келетін адамның таңдауы. Бірақ, ол сөмкені өзіңізге масыл қылып алып жүру немесе сол жерде қалдырып кету — өз еркіңізде.

Егер ойлап қарасаңыз, ол өкпе-реніштен сіз "ренжітті" деп ойлаған адам емес, ренжіген өзіңіз көбірек жапа шегесіз. Өйткені, сіз оны уайымдап, ашуланып, ойыңызда әр нәрсені құрастырып, бекерге күш-қуатыңызды сарп етесіз. Ал өмірде көңіліңізге алмай, жай ғана қабылдауға болатын жайттар көп.

Біздің дүниетанымымыз да, көзқарасымыз да әртүрлі: біреуді ренжіткен оқиға, басқа біреу үшін жай ғана болмашы нәрсе болуы мүмкін. Егер сіз біреуге ренжісеңіз, демек, ол — біреудің әрекеті емес, сіздің оқиғаны қабылдауыңыз. Өйткені, біз біреудің іс-әрекетін емес, өзіміздің ойымыз бен реакциямызды ғана басқара аламыз.

🇷🇺 Текст на русском языке выше ⬆️


Представьте, что обида — это как чемодан, который вы несёте на себе. Когда кто-то что-то сказал или сделал, что вам не понравилось, вы сами решаете, взять этот чемодан или нет. Обида — это выбор, который делает человек, когда решает воспринять ситуацию как негативную и “нести” её с собой. Но, как и в случае с чемоданом, можно либо отпустить его, либо продолжать тащить, утяжеляя себя.

Если задуматься, то обида чаще всего больше вредит тому, кто обижается, а не тому, кто, как нам кажется, нас обидел. Ведь мы начинаем переживать, раздражаться и накручивать себя, тратя на это свои силы и энергию. А ведь в жизни много ситуаций, которые можно просто принять и не забирать их на себя.

Мы все видим мир по-разному: одно и то же событие для кого-то станет причиной обиды, а для другого — незначительным эпизодом. Важно понимать, что если ты обиделся, значит, в первую очередь это твоё восприятие ситуации, а не действие других. Ведь мы можем контролировать только свои реакции и мысли, а не поведение других людей.


🇰🇿 Қазан айында үмітіміз артығымен ақталды! Бұл ай маңызды іс-шаралар мен жарқын жетістіктерге толы болды. Біз екі елде Бизнес-күндерін өткіздік. Бішкек қаласындағы шарада қатарымыз жаңа гауһарлармен толықты. Бұл бүкіл әлемдегі Көшбасшыларымызға шабыт берген, осы күздің ең әсерлі сәті болды.

Сонымен қатар, жаңа статустар ашылды: директорлар, Інжу директорлар, Жақұт директорлар қатары артты. Жаңа статустардың көптеп ашылуы компаниямыздың тиімділігін және стратегиямыз бен маркетинг-жоспарымыздың тамаша жұмыс істейтінін көрсетті.

Алдағы қараша мен желтоқсан айлары бұдан да жарқын болмақ! Сіздерге жаңа өнімдер, іс-шаралар, көптеген марапаттар мен сыйлықтар дайындап қойдық. Бастысы, ортақ мақсатымызды ту етіп, жетістікке бірге жетейік!

🇷🇺 Текст на русском языке выше ⬆️


Октябрь превзошел все наши ожидания! Этот месяц был насыщен яркими событиями и достижениями. Мы провели успешные бизнес-дни в разных странах, среди которых особняком стоит мероприятие в Бишкеке, где наши ряды пополнили новые бриллианты компании. Это событие стало главным вдохновляющим моментом осени, дав заряд энергии нашим лидерам по всему миру.

Одновременно с этим были открыты новые статусные уровни — директора, жемчуги, сапфиры. Рост новых высоких статусов говорит об эффективности нашей компании и подтверждает, что выбранная нами стратегия и маркетинг-план работают на отлично.

Впереди нас ждут еще более яркие ноябрь и декабрь! Мы приготовили для вас новые продукты, мероприятия, много признания и наград. Главное, что мы идем к успеху вместе, объединенные одной целью!

Показано 20 последних публикаций.