Зеленский: «Біз өзіміздің территориямызды бере алмаймыз. Украинаның Конституциясы оған қарсы. Қазіргі таңда Қырым мен Донбассты Ресей әскері бақылауда. Біздің ол аймақты қайтаруға дәп қазір әскери күшіміз жетпейді. Біз Путинді келіссөз үстеліне отырғызу үшін халықаралық қауымдастықтың дипломатиялық қысымына арқа сүйейміз. Әлемде бірде бір басшы Путинмен Украинаға қатысты мәселені Украинасыз талқылай алмайды. Біз ол мандатты ешкімге берген емеспіз. Бұл соғыстағы құрбан бізбіз», - дейді.