Usbanov ARNASY


Гео и язык канала: Казахстан, Казахский
Категория: Шок-контент


Арнада саясат, экономика, соғыс, кризистер туралы талқы мен соңғы ақпараттар салынады.
Арна Mezgil.kz сайтына тиесілі.

Связанные каналы  |  Похожие каналы

Гео и язык канала
Казахстан, Казахский
Категория
Шок-контент
Статистика
Фильтр публикаций




Ресейбасы Путин бүгін тікелей эфир өткізуде.

Сонда Путин: "Орешник" зымыранын атып түсіруге ешкімде мүмкіндік жоқ", - деп сөйлеп, Батысты "дуэльге шақырды".

691 0 0 11 50

Репост из: Ongar_online
Кәрістер иттің етін жейді деуші едік. Курскіде иттер кәрістердің етін жеп жатыр.


Не жандарына зор келді десеңші! Сонда Курскіде қырылып жатқан кәрістер кім үшін, не үшін өліп кетті?..⤵


Қазақмыс Сәтбаевтағы жағдайға қатысты мәлімдеме жасады!

ҚАЗАҚМЫС: РЕСМИ МӘЛІМДЕМЕ


2024 жылғы 18 желтоқсанда «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС басқарма төрағасы Нұрахмет Нуриев Жезқазған өндірістік алаңындағы кеніштердің бригадирлерімен кездесті.

Жиынға сонымен қатар Жезқазған қаласының әкімі Қайрат Шайжанов, Сәтбаев қаласының әкімі Мұрат Бөрібаев қатысты.

Кездесуде жұмыскерлердің талабы талқыланды. Жиын қорытындысында «13-ші жалақыға» 30 пайыз мөлшерінде үстемеақы қосу туралы талапты қанағаттандыру туралы шешім қабылданды.

Жалақыға келетін болсақ, жұмыс беруші 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастапжалақыны көтерудің екі нұсқасын ұсынды:

1-нұсқа: жалақы мөлшерін қосымша 8,5%-ға ұлғайту, өндірістік жоспарды орындағаны үшін қосымша 50 АЕК мөлшерінде төрт тоқсандық сыйлықақы (2025 жылы – тоқсан сайын 196 мың теңге);

2-нұсқа: Жалақыны 15,6%-ға индекстеу.

Келіссөз барысында Н.Нуриев жалақының күрт әрі негізсіз ұлғаюы түптің түбіндекомпанияның бірқатар кеніштерінің бәсекеге қабілеттілігін жойып, консервациялануынаәкелетініне, салдарынан жұмыс орындарының жабылуына әкеліп соқтыратынны атап өтті.

Сондай-ақ ұсыныстарды түсіндіру үшін жұмыс орындарында, оның ішінде шахталарда жұмысшылармен тікелей кездесу ұйымдастырылды.

2024 жыл 19 желтоқсан сағат 09:00-дегі жағдай бойынша, келіссөз жалғасуда.

Компания барлық жұмыскерлерді ыстық тамақпен қамтамасыз етуде.

«Қазақмыс корпорациясы» ЖШС қалыптасқан жағдайды тезірекшешу үшін оң қадамдарды жүзеге асыруды жалғастыруда.


БАҚ: Израиль әскері Ливандағы “Хезболланың” жерасты базасы мен туннелін жарды.


Депутат Ардақ Назаров Түркістан қаласында арақ-шарап сатуға тыйым салу керектігін айтты.

"Түркістанда арақ ішуге, сатуға, арақ ішіп, ләйліп көшеде жүруге заңның аясында тыйым салсақ. Түркістанды білесіз рухани астана деп отырмыз. Бүкіл қазақ осы жерден рух алу керек. Ол жерде біздің бабабаларымыз, әулие, батыр, билеріміз жатыр. Ертең шетелден көп қонақтар келеді. Сол кезде біздің азаматтарымыз арақ ішіп, алдарынан шығатын болса ұят қой. Сондықтан осы заңның аясында арақсыз қала, рухани қала деп араққа тыйым салуға бола ма?"– дейді.

Сіздің пікіріңіз қандай?

1.3k 0 1 24 118

Трамп: «Жыл сайын не үшін Канадаға 100 млн доллар субсидия құямыз? Бұл сұраққа ешкім жауап бере алмайды. Канадалықтардың көбі Канаданы АҚШ-тың 51-ші штаты болғанын қалайды. Бұл олардың салығын жеңілдетіп, әскери қорғанысын күшейтер еді. Менің ойымша бұл керемет идея. 51-ші штат!» - деп өзінің Truth Social желісіндегі парақшасында жазды.


Зеленский: «Біз өзіміздің территориямызды бере алмаймыз. Украинаның Конституциясы оған қарсы. Қазіргі таңда Қырым мен Донбассты Ресей әскері бақылауда. Біздің ол аймақты қайтаруға дәп қазір әскери күшіміз жетпейді. Біз Путинді келіссөз үстеліне отырғызу үшін халықаралық қауымдастықтың дипломатиялық қысымына арқа сүйейміз. Әлемде бірде бір басшы Путинмен Украинаға қатысты мәселені Украинасыз талқылай алмайды. Біз ол мандатты ешкімге берген емеспіз. Бұл соғыстағы құрбан бізбіз», - дейді.

1.3k 0 2 16 119



Медведев генерал Кирилловты өлтіруге тапсырыс берген Киев режимінің тұлғаларын жою керектігін айтты. Осындай сипаттағы сөзді Медведев соғыс басталғалы кемі 15 мәрте айтқан екен.


Кир Стармер: Ұлыбритания шұғыл түрде Украинаға 44 млн доллар қаржы бөлді. Қаржы Украинаның энергетика саласына бағытталады. Оның ішінде 25 млн долларға электр желілерін жөндеу, ал 19 млн долларға гуманитарлық көмек көрсету кіреді.


Ким Чен Ынның әскері Курск даласында қырылып жатыр. Топ-тобымен.


Мәскеу. Рязань даңғылы. Генерал Кирилловты жарған сәт.


Репост из: Mezgil.kz
Қаза тапқан Кириллов:

Украина жеріндегі “жауынгер масалар” мен “қауіпті жарқанаттар” жайлы баяндама…

Суджадағы хлор қосылған снарядтар жайлы әңгіме…

4800-ден астам тыйым салынған қару түрі жайлы айыптау…

Толығырақ⬇️

https://mezgil.kz/e/action/ShowInfo.php?classid=1&id=6072


Сирияда шетелдік елшіліктер қайта ашылуда. Араға 12 жыл салып Дамашықта Франция елшілігі туын көтерді.


Оңтүстік Корея Ресейге санкция салды. Санкцияға ресейлік 15 компания мен 11 тұлға ілікті. Сеул санкцияны Ресей мен КХДР арасындағы байланыс үшін салып отыр.

Токио Ресейге санкцияны күшейтуді қарастыруда. Басты себеп Мәскеу мен Пхеньян арасындағы әскери байланыстың артуы.


Репост из: Mezgil.kz
Германияда Олаф Шольцке кеше сенімсіздік вотумы жарияланды. Енді сайлау болмақ. Сарапшылар алдағы сайлауда Шольц жеңіліс табады деп болжауда. Оның орнын Мерц басуы ықтимал.

Сонымен Мерц кім? Украина-Ресей соғысында қандай позиция ұстанады?

Босқындар жайлы көзқарасы қандай?

Киевті қолдауға қатысты не дейді? Толығырақ⬇️

https://mezgil.kz/e/action/ShowInfo.php?classid=1&id=6071


Ресми тергеу мәләметі: Генерал-лейтенант Игорь Кирилловты өлтірудің артында Украина тұр. Жарылғыш зат пәтердің кіреберісіндегі самокатқа орнатылған.


Репост из: PARANOIA.KZ
Генерал Кириллов соғыс басталған сәттен кейін өлтірілген ең жоғары лауазымды тұлға саналады.

Тағы бір дерек бойынша жарылғыш зат генерал отырған көліктің астынғы жағына қойылған.

Показано 20 последних публикаций.