#3341-24-00-1/51
▪️Кербұлақ аудандық сотында М.-ға қатысты, денсаулығына жеңіл зиян келтірмеген, бірақ физикалық ауырсыну тудырған бұзақылық ниетпен дене жарақатын келтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қаралды (ҚР ҚК 109-1-бабының 2-бөлігі 5-тармағы).
▪️Сотпен анықталған мән-жайлар
2024 жылғы 2 қазанда сағат 17:00-де Кербұлақ ауданының Орталық аудандық ауруханасына (бұдан әрі – ОАА) М. ұлы Т.-ға еңбекке жарамсыздық парағының берілмеу мәселесі бойынша барған.
▪️Кербұлақ ОАА қызметкерлері еңбекке жарамсыздық парағын беруден бас тартқаннан кейін М. поликлиника меңгерушісі К.-ның кабинетіне ашулы түрде кіріп, наразылық білдіре бастаған.
▪️Кабинетке кірген соң М. телефонды қолына алып, еңбекке жарамсыздық парағын беруден бас тарту дерегін видеоға түсіре бастаған. Сол сәтте К. де ұялы телефонына болған оқиғаны түсіре бастаған. Алайда, М. К.-ның қолына соққы жасап, нәтижесінде ұялы телефон диванға түсіп қалған.
▪️Медициналық сараптама қорытындысына сәйкес, К.-ның оң жақ білегінде көгерулер анықталған, олар қатты соққы әсерінен пайда болған, бірақ денсаулыққа зиян келтірмейтін жарақат деп танылған.
▪️Тараптардың ұстанымы
Прокурор сотталушыны кінәлі деп танып, 100 сағат қоғамдық жұмыс түріндегі жаза тағайындауды сұрады.
Жәбірленуші айыптаушы тараптың ұстанымымен келісті.
Сотталушы өз кінәсін мойындамады.
▪️Соттың шешімі
Сотталушының кінәсі іс бойынша жиналған дәлелдермен, жәбірленушінің, куәгерлердің айғақтарымен, сараптама қорытындысымен және істің басқа да материалдарымен дәлелденді.
▪️Қылмыстық кодекстің 10-бабына сәйкес, жасалған қылмыстық құқықбұзушылық қылмыстық теріс қылық санатына жатады.
▪️Жұмсартатын мән-жайлар ретінде қылмыстық теріс қылықтың алғаш рет жасалуы, сотталушының кәмелетке толмаған балаларының болуы танылды. Ауырлататын мән-жайлар анықталған жоқ.
▪️Осыны ескере отырып, сотталушы айыпты деп танылып, оған 100 сағаттық қоғамдық жұмыс түріндегі жаза тағайындалды.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Жетісу облысы Кербұлақ аудандық соты