Видео недоступно для предпросмотра
Смотреть в Telegram
Шаян белгісіндегі жаңа ай♋️: өзіңді және өз қалауыңды білу немесе анықтау.
Шаяндағы жаңа ай мөлдіреген жанарлы қызға ұқсайды. Бұл сіздің көзіңізге ілінбейді, сіз оны қалың топтың арасынан байқамайсыз. Бірақ сіздің көзіңізге түскеннен кейін, көзіңізді алу мүмкін емес!
💫Астрологтар шаян белгісіндегі Жаңа айды көзге түспейтін сиқыры үшін ғана емес, біздің ең нәзік тетіктерімізді сезінуге, зерттеуге және пайдалануға мүмкіндік беретіні үшін жақсы көреміз!
Шаян белгісіндегі жаңа айдың ерекшеліктері:
Уақыты:
🗓6 шілде
⏱Алматы уақытымен 03:57.
🪐Осы сәтте Ай мен Күн ретро Сатурнмен трин аспектінде болады, бұл аспект бізге жасаған немесе жоспарлаған ісімізден ұзақ мерзімді нәтиже болатынын және өткенмен байланыс туралы меңзейді.
🪐Ал 6 шілде күні Айдың Венерамен қосылуы сіздің назарыңызды өзіңізге бұруға шақырады. Қоғамда көп адамдар өзінің не сезінетіні туралы да шындықты айтқысы келмейді, сондықтан бұл аспект назарыңызды өзіңізге бұрып, шынымен не қалайтыныңыз, сіз тұлға ретінде белгілі бір ситуацияда қандай қадам жасар едіңіз?
🔴Сіз өзіңізді және өз қажеттіліктеріңізді естисіз бе?
🔴Денеңіздің сигналдарын сезінесіз бе?
🔴Сіз өзіңіздің қорқынышыңыз бен уайымыңыздың түбі қай жақта жатқанын түсінесіз бе?
🔴Қорқуға немесе уайымдауға тұрарлық нәрсе немесе жағдай ма?
🔴Сіз өзіңізге жеткілікті уақыт бөлесіз бе?
💡Шынайы жауап беріңіз, ойланыңыз. Өйткені, шаян белгісіндегі жаңа ай тек үй, тұратын жер мен отбасы туралы ғана емес, сонымен қатар өзіңізге де қатысты. Және бұл сіздің түпкі нәзік тетіктеріңіз туралы.
Бұл жаңа айдың пайдасы:
Психологиялық және менталды жағдайыңызға көңіл болу. Отбасымен көбірек бірге уақыт өткізу, әңгімелесу. Табиғатпен байланысыңызлы сезіну. Жоқ дегенде жарты сағат өз-өзіңізбен бетпе бет қалу!👆
Осы нәрсенің барлығын жасауға уақыт шығарасызба? Немесе шығара аласызба?