ҚР ЖОҒАРҒЫ СОТЫ dan repost
Жоғарғы Сотта Республика күніне орай салтанатты жиын өтті
◾️ Жоғарғы Сот Төрағасы Асламбек Мерғалиев Республика күнін мерекелеуге арналған салтанатты жиын өткізді.
◾️ Іс-шараға Жоғарғы Соттың (ЖС) сот алқаларының төрағалары Нұрсерік Шәріпов, Назгүл Рахметуллина, Аслан Түкиев, Сот әкімшілігінің басшысы Наиль Ахметзакиров және ЖС судьялары қатысты.
◾️ Өз сөзінде А.Мерғалиев Мемлекеттік егемендік туралы Декларацияны Тәуелсіздігіміздің іргетасын қалаған, халқымыздың бірлігінің, бай дәстүрінің, көпұлтты еліміздің татулығы мен келісімінің символына айналған тарихи құжат деп атады.
◾️ Ол қазіргі Қазақстан ұлттық бірегейлік пен серпінді дамуды ерекше бойына сіңіріп, инвестициялық мүмкіндіктер аясын кеңейтіп, халқының бірлігі мен конфессияаралық келісімімен бүкіл әлемге танымал болғанын атап өтті.
◾️ Баяндамашы сот жүйесінде жүргізіліп жатқан өзгерістер туралы айта келіп, ол Әділетті Қазақстанды құруға, сот қызметін жаңғыртуға, азаматтардың құқықтарын сапалы қорғауға және қоғам сенімін нығайтуға бағытталғанына тоқталды.
◾️ Жоғарғы Сот Төрағасы сот ұжымын мерекелерімен құттықтай отырып, әріптестеріне адалдықтары және судьялардың сот төрелігін жүзеге асыру сапасын арттыруға, заңдылық пен сотқа деген сенімді нығайтуға үлес қосатынына сенім білдіргендері үшін алғысын білдірді.
◾️ А.Мерғалиев «Құрмет» орденін отставкадағы судьялар Тілектес Айсин мен Қуанышбай Қыдырбайға, ЖС судьялары Нұрғазы Әбдіқанов пен Ботагөз Ералиеваға, сондай-ақ Шығыс Қазақстан облыстық сотының төрағасы Манат Көміршіновке табыс етті.
◾️ «Ерен еңбегі үшін» медалімен ЖС судьялары Ғабит Әлжанов, Бейбіт Шермұхаметов және Марғұлан Бектұрғанов, Павлодар облыстық сотының төрағасы Бақытжан Қараманов және Абай облыстық сотының судьясы Қарлығаш Қалымова марапатталды.
◾️ Осы күні республиканың 84 судьясына ведомстволық наградалар, Құрмет грамоталары және Судьялар одағының Алғыс хаттары табыс етілді.